Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі
17.08.2015 924 0

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Картаның көмегімен оқушыларға Қазакстанның аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі ретінде сипатын беріп, ондағы жер-су атауларының өзіндік тарихы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазақстан картасымен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақстанның ұлан-байтақ жері ата-бабаларымыздан найзаның ұшы, білектің күшінің арқасында мұра болып қалған қастерлі жер екенін оқушыларға түсіндіріп, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы.

Ойын қалташықтары және сөздер жазуға арналға қағаз қиындылары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

   Үй тапсырмасын 2-3-оқушыдан ауызша түрде сұрап, қалған оқушылар толықтырады. «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, бір, екі оқушыға тапсырманы дауыстатып оқытқызамын. Қалған оқушылар өздерінің «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларын тексеріп отырады.

Қорытынды. Кеңістік — тоқтаусыз құбылыс. Оның мәнін білу қажет дей отырып, өткен сабақта біз Қазақстанмен көршілес мемлекеттер туралы айтып кетсек, бүгін біз Қазақстанның әлемдегі жер көлемі бойынша ірі ондыққа кіретін мемлекет екенін дәлелдейміз деп бүгінгі тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

         1.Қазақстан әлем картасында.

         2. Қазақстан - Еуразия кіндігі.

         3. Топонимика - жер-су атауларын зерттейтін ғылым саласы.

         4. Туған жер тарихынан.

Тақтаға жазған жаңа тақырыптың жоспарын оқушылар дәптерлеріне көшіріп алады.

         Одан әрі жұмысты оқушылармен ойын түрінде өткіземін. Ең алдымен сыныпты топтарға бөліп алып, ала дайындалған сыныптағы топтың санына байланысты бірнеше қалташық дайындап қоямын. Әр топқа әр түрлі кескінде қағаз қиындыларын үлестіріп, оның санын  уақытқа қарай мөлшерлеймін.

         «Қазақстан - әлемдегі ірі мемлекет» сөз тіркесін ұсынамын, топтағы балалар бірден  мен үлестірген қағаз киындыларына өздерінің білгендерін кезек-кезек жазып отырып, өз тобына арнайы белгіленген ойын қалташығына әр топ өз толықтыруларын енгізеді. Бұл үшін  мен берілген уақыт мөлшері қанша екенін оқушыларға ескертіп қоямын. Осы белгіленген уақыт бойынша әр топтан түскен жауап парағының мөлшерімен топтың ұпай саны анықталады. Қойылған талапқа сай емес сұрақтардың жауаптары есептелмейді. Одан әрі тақырыпты   жалғастырып, Қазақстан әлемдегі ірі құрлық Еуразияның дәл ортасында орналасқан, сондықтан оны «Еуразия кіндігі» деп айтамын. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде мемлекеттер арасында тоғызыншы орын алады. Ұлыбритания, Франқия, Германия, Италия, Испания сияқты Еуропаның дамыған елдерінің жер көлемі Қазақстан аумағына еркін сыйып кететінін атап айтьш өтеді. Бұл оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін тудырады.

         Одан әрі Қазақстанның әкімшілік-саяси картасына оқушылардың көңілін аударып, мұндағы белгіленген таулар мен өзен-көлдер, елді мекендердің де атаулары тарихына белгілі жер атауларына тоқталамын.

         Бұл жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласын топонимика деп атайды. Жаңа сөздің анықтамасын   тақтаға жазамын. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.  .

         Одан әрі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында төмендегі кестені толтыру ұсынылады. Оқушылар өз өлкелеріне қатысты жер-су атауларының шыққан тарихын төмендегі ретпен орналастыруы керек.

Тарихи оқиғаларға байланысты жер-су атаулары

Табиғат жағдайына қатысты койылған жер-су атаулары

Тарихи тұлғалардың атына қатысты жер-су атаулары

Пайдалы кен байлықтарына қатысты қойылған жер-су атаулары

 

 

 

 

Бекіту сұрақтары:

         1. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша нешінші орында?

         2. Қазақстанды «Еуразия кіндігі» деп неліктен атайды?

         3. Елімізді жан-жақтан қоршап тұрған ірі тауларды атап шығыңдар.

         4. Топонимика нені зерттейді?

         5. Топонимика ғылымының тарихты жазуда маңызы қандай?

         6. Өз туған жерлеріңде Қазақстанға танымал тарихи тұлғалардың есімімен аталған қандай жер-су атаулары бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 9-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындау.