Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: §29. Көшпелілердің сал-дәстүрі мен діни нанымдары
17.08.2015 827 0

Сабақтың мақсаты:

– Қазақстанның ертедегі тұрғындары-сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мен сарматтардың наным-сенімдері, бұл тайпалардың мәдениетіндегі ұқсастықтар, ескерткіштеріндегі ерекшеліктер, дәстүрі туралы толық-қанды мәлімет бере отырып, ұтжанды, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:сызба, суреттер

Сабақтың жоспары    I. Ұйымдастыру кезеңі

                                     II Үй тапсырмасын тексеру

                                     III Жаңа сабақ

                                     IV  Жаңа сабақты бекіту

                                      V   Қорытындылау,бағалау

                                      VI  Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу

·        Әнұран орындау, «Хабар»

·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

G  Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі туралы айтып бер.

G  Көшпелілердің қандай заттарды ойлап тапқанын айт.

G  Ұлы Жібек жолы туралы  айт.

G  Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Көшпелілердің діни-нанымдары

& Қазақстан аумағын жайлаған ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сыйынған.

& «Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деген сөздерді ертедегі грек тарихшыларының еңбектерінен оқи аламыз. Олар көшпелілердің «басқалармен достық, адал, әрі шынайы қарым-қатынасындағы» қайырымдылық пен әділеттікті атап айтқан.

2.      Мәдениеттегі ұқсастықтар.

3.     Ескерткіштері

Сабақты бекіту:

1.     Көшпелі халықтардың діни нанымдары туралы әңгіме құрастыр.

2.     Сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат тайпалырының салт-дәстүрінде қандай ұқсастықтар бар?

Бағалау:  Үйге тапсырма: §29. Шығармашылық тапсырма. Картадан ежелгі Қазақстан тұрғындарының, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің орналасу аумағын көрсетіңдер. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастығын анықтаңдар.