Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: § 21. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
17.08.2015 1028 0

Сабақтың мақсаты:

? Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың  өміріне тоқталу, фильмін көрсету.

? Белсенді, ізденімпаз, жан-жақты білімді ащзамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

 Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары    I. Ұйымдастыру кезеңі

                                     II Үй тапсырмасын тексеру

                                     III Жаңа сабақ

                                     IV  Жаңа сабақты бекіту

                                      V   Қорытындылау,бағалау

                                      VI  Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу

·        Әнұран орындау, «Хабар»

·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.     Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?

2.     Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.

3.     Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.

4.     Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

– Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.

2.     Ғұн жорықтарының маңызы.

– Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген.

– Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттилда туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде  бірнеше туындылар шықты. Италияның  атақты компазиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де  сақталған. Халық оны  «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.

3.     Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.

– 448 жылы  Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оғның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».

Сабақты бекіту:

1.     Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?

2.     Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.

3.     Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §21. Шығармашылық тапсырма. «Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны жайлы әңгіме құрастырыңдар.»