Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: §11. Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі
17.08.2015 900 0

Сабақтың мақсаты:

? Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыра отырып, олардың дәстүрлі мерекелері, өмір салты, баспаналары туралы егжей тегжейлі баяндау.

? Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

 Көрнекілік: суреттер.

Сабақтың жоспары    I. Ұйымдастыру кезеңі

                                     II Үй тапсырмасын тексеру

                                     III Жаңа сабақ

                                     IV  Жаңа сабақты бекіту

                                      V   Қорытындылау,бағалау

                                      VI  Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу

·        Әнұран орындау, «Хабар»

·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.     Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

2.     Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

3.     Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон

G  Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау

G  Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше  түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.

2.     Көшпелілердің баспанасы

G  Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы. Оны аз уақытта , шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе  екі ат жеткілікті болған.

Сабақты бекіту:

1.     Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр /венн диаграммасы/

2.     «Көшпелі өмір салты» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Бағалау:Үйге тапсырма: §11. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.