Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: §8. Қола дәуірінің негізгі сипаты
17.08.2015 1071 0

Сабақтың мақсаты:

G  Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл  дәуірде  жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:суреттер,сызба.

Сабақтың жоспары    I. Ұйымдастыру кезеңі

                                     II Үй тапсырмасын тексеру

                                     III Жаңа сабақ

                                     IV  Жаңа сабақты бекіту

                                      V   Қорытындылау,бағалау

                                      VI  Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу

·        Әнұран орындау, «Хабар»

·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

& Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді?

& Палеолит ?

& Тастан жасалған негізгі құралдарды ата.

& Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?

& Дін қалай шықты?

& Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Өндіріске металл-құрал саймандардың енуі.

2.     Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу

3.     Андрон мәдениеті туралы мәлімет

4.     Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.

5.     Андрон баспаналары

G  Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл –б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды.

G  Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енесей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.

G  «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған».

G  Андрон мәдениетінің ерекшелігі

1.     Металл өңдеу игерілді.

2.     Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады

3.     Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.

Сабақты бекіту:

G  Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?

G  Картадан Андрон мәдениеті таралған жерлерді тап. Олардың бүгінгі күнде қай мемлекеттердің аумағына жататынын анықта.

G  Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.

G  Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары