Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: §3. Тас дәуірі
17.08.2015 1341 0

Сабақтың мақсаты:

? Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау

? Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: баяндау

 Көрнекілік: суреттер

Сабақтың жоспары    I. Ұйымдастыру кезеңі

                                     II Үй тапсырмасын тексеру

                                     III Жаңа сабақ

                                     IV  Жаңа сабақты бекіту

                                      V   Қорытындылау,бағалау

                                      VI  Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу

·        Әнұран орындау, «Хабар»

·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

? Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

? Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай  пайдасы болды деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында  ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.

2.     «Саналы адам».

Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/

«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.

3.     Рулық қауымның шығуы

Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.

Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.

Сабақты бекіту:

·        Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?

·        Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?

·        «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?

·        Ру дегеніміз не?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?