Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы
17.08.2015 1460 0

Сабақтың мақсаты:

? Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру

? Оқушылардың білімдерін дамыту

? Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары    I. Ұйымдастыру кезеңі

                                     II Үй тапсырмасын тексеру

                                     III Жаңа сабақ

                                     IV  Жаңа сабақты бекіту

                                      V   Қорытындылау,бағалау

                                      VI  Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу

·        Әнұран орындау, «Хабар»

·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.     6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?

2.     Ерекшелігі?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.     Адам баласының шығуы.

2.     Алғашқы адамдардың кәсібі

3.     Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері

G  Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.

G  Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

Сабақты бекіту:

1.     Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

2.     «Саналы адам» қашан қалыптасты?

3.     Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын  қағаз бетіне түсіру.