Главное меню

  • К списку уроков
№34 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жобаны қорғау:
17.08.2015 1663 0

Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.

А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.
Ә. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдына қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту.
Б. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақта қолданатын әдістер: Мәтінмен жұмыс, «Әңгімелесу парағын» толтыру, кестелерді, схемаларды толтыру, топтастыру әдісі, тест, шығармашылық жобаны қорғау, ой-пікір алысу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
компьютер, «Әңгімелесу парағы», интерактивті тақта, ручка, таблицалар, схемалар, бүктеме, суреттер, иллюстрациялар.
Пәнаралық байланыс: «Технология» (5-9 с.), информатика, математика, экономика, экология, бейнелеу өнері, тарих.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру  – 1 мин.

а) түгендеу;
ә) құрал-жабдықтарды тексеру; Қауіпсіздік сақтау ережелері
б) формаларын тексеру

2. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты.
3. Мәтінді оқу, түсіну – 1 мин.
4. «Әңгімелесу парағын» толтыру – 7 мин.
5. Интерактивті тақтамен жұмыс – 10 мин.

  • «Ізденіс жұмыстар» – топтастыру әдісін қолданып.
  • Эскиз орындау схемасы.
  • Технологиялық карта бағандары.
  • Қауіпсіздік сақтау ережелері.
  • Сарамандық жұмыс.
  • Экономикалық есептер, формуласы.
  • «Экологиялық дәлел» топтастыру әдісі.
  • «Шығармашылық жұмысты пайдалану» топтастыру әдісі.
  • Жарнама схемасын құру.
  • Пайдаланған әдебиеттер.

6. Бекіту: «Шығармашылық жоба» схемасы.

  1. 1. Тест: «Шығармашылық жобаны қорғау».
  2. 2. Компьютермен бағалау: 50%-70% – «3»

70%-85% – «4»
85%-100% – «5»

  1. 3. «шахмат және шашка ойнауға арналған сувенирлік тақтайшасы » атты   шығармашылық жобасын қорғау кезеңдері:
    1. I. Ізденіс жұмыстары:

1) Технология түрін таңдау.
2) Ақпарат жинау:Шахмат және шашка тарихы, щартты белгілері,үлгілердің схемасы.
3) Тақырыпты таңдау.
4) Эскиздеу.
5) Құрал-жабдықтарды дайындау.
6) Қауіпсіздік сақтау ережелері.
7) Технологиялық карта құрастыру.

  1. II. Конструкциялық жұмыстар:

1) Өлшемдерді алу.
2) Сызбалар мен схемаларды орындау.
3) Шахмат тастарын станокта жону
4) Шашка тастарын станокта жону
5) Шахмат тақтайшасының қорабын жасау.
6) Шахмат тақтайшасының қақпағын жасау және шахмат тақтайшасының бетін ақ-қара клеткаларға бөлу.
7) Әдемі дизайн жасау. Әсемдеу, әрлеу.

  1. III. Шығармашылық жобаны қорғау:

1) Экономикалық есептер шығару.
2) Экологиялық дәлел.
3) Пайдалануы.
4) Жарнама жасау.
5) Пайдаланған әдебиеттер, сайттар, интернет.

10. «Ой-пікір алысу» парағын толтыру – 1 мин.
11. Қорытындылау – 1 мин.
12. Тапсырма беру.

Ой-пікір алысу парағы

Фамилиясы

Не ұнады?

Не ұнамады?

Шахмат тарихы

Шахмат (парсы тілінде шах – тақсыр және араб тілінде мат – өлді) – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған спорт ойыны. Шахмат тақтасы ақ және қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бөлінеді. Ойын V ғасырда Үндістанда шыққан, Чатуранга деп аталды. Яғни төрт құрамды әскер, төрт патша ойыны дегенді білдіреді. VIII-IX ғасырда шахмат туралы еңбектер жазылған. Сол кезде арабтар жаулап алған Испания арқылы Еуропаға тарады.  XVI ғасырда Испанияның, Италияның, Франция мен Англияның шахматшылары өз зерттеулерімен шахматтың дамуына үлес қосты. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді. Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц пен Ласкер, Капабланк, Алехин,әлем чемпионы Ботвинник ілінді.

Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып келе жатқан шахматтың тарихы әркімді-ақ қызықтырары даусыз.