Главное меню

  • К списку уроков
№33 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кеңес беру. Шығармашылық жобаны орындау. Қауіпсіздік ережелері
17.08.2015 1803 0

Мақсаты: а) Оқушыны шеберлікке,іскерлікке тәрбиелеу

ә) Кез келген істі атқарардағы,бұйым жасау кезіндегі

қолданылатын негізгі шарттылықтармен таныстыру .

Тәрбиелік мақсаты:

а) Оқушыны болашақтағы тұрмысқа,шаруашылыққа және

қоғамдағы орнын табуға бейімдеу.

ә) Әсемдік танымын арттыруға,еңбек тәртібін

қалыптасуына,ұқыптылыққа баулу.

Дамытушылығы: Аталған тақырыпты өте отырып кез келген іске кірісер

алдындағы мақсат қою дағдысын қалыптастыруға,

жобалауға,жоспармен нақтылы әзірлікпен дайындалуға

және ол істі шығармашылықпен жауапкершілікпен

атқаруға баулу

Құралдар көрнекіліктер: Жасалатын бұйымға қажетті құрал аспаптар,

таблица,қауіпсіздік ережесі,карточкалар.

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері,физика,сызу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа қажетті аспаптарды орналастыру.

Оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу.

II.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,оқушылардан тақырып бойынша өзіндік пікірлері барлығын,және осы сабақтан не білгісі келетіндігін сұрақ - жауап арқылы анықтай отырып,сабақтың мақсатын бірлесе айқындап,ашып көрсету.

 .

Мүдде – адамның қоғамдық өмірдегі тұрмыста алатын орны,жеке басының адамгершілік дамуы мен азамат ретінде қалыптасуының жиынтықтары.

Мақсат-мүддеге жетуге ынта мен талап етіп ниет қылу.

Жоспар-мақсатқа жету үшін жасалатын жүйелі,оңтайлы,сауатты есеппен

жасалған іс-әрекеттер жиынтығы.

Бұйым жасау алдындағы жоспар көрнекі таблица арқылы түсіндіріліп,талданады.

Жоспар

Жасалатын бұйымның ерекшеліктеріне қарай құрылады.

Аталған шарттылықтардың әрбіреуінің жасалатын бұйымның сапалы болуына маңызы жоғары екенін жекелей талдаймыз және олардың

бір-бірімен тығыз байланыстылығы ескеріледі.

Шарттылықтар жасалатын бұйымның күрделілігіне,атқаратын қызметіне және пайдалану түрлеріне қарай ерекшеленеді.

Жалпы өндірісте немесе тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жасауға негізінен төмендегідей міндетті талаптар қойылады.

Бұл талаптардың әрқайсысы,ғылыми ізденіс пен кәсіби білімді шығармашылықты қажет етеді.

Сонымен бұйым жасауға қойылатын талаптар.

Бұйым Сапа

Жоғарығыдағы талаптардың әрбіріне жекелей тоқталып,оның маңызын саралап,талдау жасалады.

Мәселен:

1. « Сұраныс » - Дәл мезгілде сол бұйымды жасау қажеттілігін

тудыра ма,өзіңе не үшін қажет,сыйлыққа жасасаң ұсынатын

адамыңа оның керегі бар ма немесе сататын болсаң оған

тұтынушы табыла ма?т.с.

« Сұраныс » - Нарықтық экономикадағы тұтынушының қаржылай

мүмкіндігі,әлеуметтік қабілеттілігі.

« Әмбебап » - Жасалатын бұйымның мүмкіндігінше бірнеше қызмет

атқаруын қамтуы.

3. « Қолайлы » - Бұйымның қандай мақсатта қолданылуы,атқаратын

қызметі,қай жерде тіптен қай жастағы адамға оның

кәсібіне,жынысына ,тұрмысына,т,б ерекшеленетіндігі

айқындалады.Оны құрастыру,дизайн талаптары жөнінде

мағлұматтар беріледі.

Осы тәрізді әрбір талаптарды пысықтай отырып оқушылардың сұрақтар беріп өз ұғымдарын дамытып,шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді.

Қорытынды бөлім:

Жаңа сабақ бойынша кез келген бұйым жасау кезіндегі қарапайым талаптардың адам мүддесі мен тұрмыс-тіршілігіне қатыстылығын пысықтай отырып,оқуышылардың санасына жеткізу.

Сабақты қорытуда ,еңбек шеберлік жөнінде халық даналығы,нақыл сөздері оқушылармен бірлесе айтылады.

« Өнерді үйрен де жирен »

(Бұл жерде бір өнермен шектеліп қалма – деген мағынада)

« Шебердің қолы ортақ », «Ізденген жетер мұратқа » т.с.

Сабақты бекіту: Тақырыпқа байланысты оқушыларға жекелеген

карточкалық сұрақтар арқылы тапсырмалар таратылады.

Мысалы: Орындық, телефон тұғыры,кітап сөресі.т.б.

Жекелеген тапсырмалар беру оқушының жаңа тақырып бойынша білімін тексеруге қолайлы,әрі оқушының өзіндік ой-өрісін дамытуға,шығармашылық қабілетін арттыруға,мақсатқа жетуге ынтасын арттыруға ықпал етеді.

Карточканың үлгісі

Бұйымның техникалық картасы

Сынып _________ оқушы _____________

Қосымша ескертпе

Мұғалім бағасы

Бұйым атауы Телефон қондырғысы

1

Бұйымның қызметі,мақсатына анықтама

Телефон қоюға арналған, айна анықтама ілінеді, термометр, қаламсап, жазу кітапшасы, күнтізбе орналасады.

4

2

Жұмыс кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері

Аспаптың дұрыс сапталуын, қайралуын бақылау. Шаң-тозаңнан сақтану

5

3

Жұмыс орны

Шеберхана, шебер верстагі

5

4

Қажетті материалдар

Ламинат,желім, шүріп, ілгіш,термометр, қаламсап, күнтізбе, кітапша

4

5

Қаржылық –шаруашылық есеп сомасы

Ламинат-400 т

Желім-50 т

Шүріп-20 т

Термомерт-200

Барлығы 670 теңге

4

6

Аспаптар, құрал-саймандар

Балға , ара,кист,бұрағыш,бұрғы т.б.

4

 

Бұйымның сызбасы

 

Тапсырма бойынша оқушыдан мақсат қою,жоспар құру,әрбір бұйым ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі жоба жасау талап етіледі.

Қорытынды сынып бойынша сарапталып,кемшіліктері мен жетістіктері бірлесе бағаланады.

Үйге тапсырма: Әрбір оқушы өз таңдауы бойынша тұрмыстық бір

бұйымның жасалу жоспарын,сызбасын жобалап

келіп,келесі сабақта қорғау.