Главное меню

  • К списку уроков
№32 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу әдістері
17.08.2015 1102 0

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күннің қажеттілігі –кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету

Сабақтың міндеттері: 

Білімділігі: Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.

 

Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар 

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,

2. Жаңа сабақ.

Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.

1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу…)

2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

3.Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)

4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан…)

5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?

6.Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)

Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл,қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.

Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.

Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.

Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.

Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.

Сарамандық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.

Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.

Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.

Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.

 

Үйге тапсырма: 48 беттегі тақырыпты оқу, үйде күрек макетін жасап келу.