Главное меню

  • К списку уроков
№3 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді арам шөптен, зиянкестерден, аурудан қорғау
17.08.2015 1132 0

Білімділік: оқушылардың егіншілік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: егіншілік жүйесі туралы білім, білік және дағдыларын  жетілдіру.

Тәрбиелік: оқущыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас  сабақ.

Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: түрлі түсті суреттер, кітап, плакат.

Пәнаралық байланыс: биология

 

Сабақтың жоспары.

                                        1. Ұйымдастыру кезеңі.

                                        2.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

                                        3. Жаңа сабақты түсіндіру

                                        4. Кіріспе инструктажы

                                        5. Сарамандық жұмыс

                                        6. Бекіту инструктажы

                                        7. Жұмыс орнын жинақтау

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Өткен жылғы тақырыптарды қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.

   Егіншеліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл – егіншіліктің  алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған.

   Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген.

    Тың жерге тән көп жылдық шөптер қаулап өсе бастаған кезде диқан ол жерді қайта жыртып егін салған. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесі осылай іске асырылған.

   Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр.  Бұл жүйенің нәтижесінде  егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол – танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.

   Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші  жылы жаздық дақыл  егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар  жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оыс.

    Егінщшіліктің интенсивті жүйесі ХVIII ғасырдың басында Англияда шықты. Бұл жұйе бойынша әдетте, төмендегідей ауыспалы егіс қолданылды: 1- беде, 2- күздік бидай, 3- отамалы дақылдар (картоп, қызылша), 4- масақты жаздық дақыл мен беде (беде астықтың үстіне себіледі). Бұл ауыспалы егісте органикалық, минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылды. Астық өнімі әр гектардан 1,6 – 1,7 тоннаға жеткен. Егіншіліктің интенсивті жүйесінде жерді неғұрлым тиісмді пайдалану ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылды, барлық қажетті тыңайтқыштар берілді, жоғары өнімді техникалар пайдаланылды. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түсті.

   Егіншіліктің бұл жұйцесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар егілді.

   Жыл сайын танапқа биологиялық құрылысы әр түрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Сөйтіп егіншіліктің интенсивті жүйесінде дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын шы,ын көбейіп, сонымен қатар алынатын өнім де артты.

 

ІV. Кіріспе инструктажы.

Техникалық тазалық ережелерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату.

 

V. Сарамандық жұмыс.

   Оқушылармен егіншіліктің қарапайым топырақты өңдеу жолдарын жасап үйрену. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Тың жерді көп жылдық шөптерден тазартып, ол жерді қайта жыртады. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесін осылай асырылатынын үйрендік. Тыңайтқыштар араластырып екі қайтара аударып, білімімізді дамыттық.

Құрал – саймандар: күрек, тырма, тыңайтқыш.      

 

VІ. Бекіту инструктажы.

Сабақты қорытындылау.

   Оқушыларға  бүгінгі егіншілік жайлы білгендерін қорытындылау.

1. Қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі қаншаға бөлінеді?

2. Тың жерге тән қандай қасиеттер бар?

3. Егіншіліктің инсентивті түрі қай ғасырда қай жақта пайда болды?

Бағалау.

   Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.

 

Үйге тапсырма беру.

  Егіншілік жайлы оқып, мәлімет жинап келу.

 

VІІ. Жұмыс орнын жинақтау.