Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Фонограф программасы
16.08.2015 627 0

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

                     дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

        • Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

        • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

        • Блокнот қолданбасында қріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?

        • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?

        • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

        • Калькулятордың қандай түрлері бар?

Жаңа түсініктер:

Фонограф программасы

Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табыатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.

Іске қосу. – пуск – программы-стандартные-мультимедиа-фонограф.

Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:

1.Бас жағына өту

2.аяқ жағына өту

3.ойнату

4.тоқтату

5.жазу

Ақпарат WAV  кеңейтілуі бар файлға жазылады.

Компакт – дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу

Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы  бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні СД-РОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

      Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

      Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

      Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

      Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

      Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

      Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Үйге тапсырма:    Фонограф программасы.