Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Дыбысты жазу мен ойнату программалары
16.08.2015 678 0

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

                     дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

        • Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

        • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

        • Блокнот қолданбасында қріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?

        • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?

        • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

        • Калькулятордың қандай түрлері бар?

Жаңа түсініктер:

      Мультемедиа – бұл компьютердің аппаратық жзабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, музыканы  жәнеанимацияларды қолданатын бағдарламалар. Бұл пайдаланушымен қары-қатынас қызық және сазды болуына мүмкіндік береді. Мульти-көп, ал меиа – баспа мәтіндерді, дыбыс және  теледидар бейнелерін қолданатын бұқаралық  ақпарат құралдарының жалпы  аты. Көптеген  компьютерлік  ойындар мультимедиа  негізінде құрылған. Компьютерде мультимедианы қолдау үшін қосымша ақпарат құралдары, кем дегенде дыбыстық карта мен мен СД-РОМ құрылғысы болу керек.

ЛАЗЕРЛІК ОЙНАТҚЫШ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы CD-ROM-ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Музыкалық компакт-дискіні іске қосып қойып, басқа қолданбаларды жұмыс істей беруге болады.

     Іске қосу: Пуск-Программы-Стандартные-Мультимедия-Лазерный проигрыватель.

     Windows’98-де компакт дискіні ойнату өте оңай, тіпті ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Ол үші музыкалық дискіні компакт-дискіден оқу құрылғысынаорналастыру жеткілікті.

     Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әннен екінші тәнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.

1.       Ойнату

2.       Үзіліс

3.       Тоқта

4.       Алдыңғы жазба

5.       Келесі жазба

6.       Артқы айналдыру

7.       Алдыңғы айналдыру

8.       Шығарып алу

ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫН РЕТТЕУ

        Лазерлік ойнатқыш, Әмбебеп ойнатқыш, Фонограф бағдарламаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Дауыстың қаттылығын реттеуге болады:

                    1. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио ) түрінде бейнеленген белгішені бір рет шерткен пайда болатын дауыстың қаттылығын реттеуші пайдалану;

                    2. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио) белгішесіндегі тышқаттың батырмасын екі рет шерткен кезде пайда болатын Лазерлік ойнатқыш үшін дауыс деңгейін баптауға және ойнату кезінде әмбебеп ойнатқыш пен Фонографты да баптауға мүмкіндік беретін Громкость терезесін пайдалану.

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

      Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

      Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

      Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

      Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

      Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

      Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

      Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Үйге тапсырма:    Дыбыс жазу мен ойнату программалары.