Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Блокнот программасы
16.08.2015 900 0

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың  блокнот және  калькулятор

                                         қолданбаларын таныстыру.

Білімділік:  Блокнот және Калькулятыр қолданбаларының міндеттері

                                 таныстыру көшіру мен кірістіріп қою  командаларын  үйрету;

Тәрбиелік:  Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

                                 үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті  құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

1.       оқушыларды ұйымдастыру

2.       Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.       Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.       тапсырмаларды орындау

5.       сабақты бекіту

6.       үйге тапсырма беру

     Өткен материалды қайталау сұрақтары:

      Wordpad  мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?

      WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

      WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

      WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

      Мәтінің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

      Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындаолады?әрекеттерін

      Мәтінің бір бөлігі көшіру жәнежылжыту дегеніміз  не?

      Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

      Жылжыту  көшіру  әрекеттерін  орындаудың  бірнеше  жолдарын   көрсет

      Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?

Жаңа түсініктер

Блокнот-бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнотжұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск-Все программы-Стандартные-Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі.

Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка-Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.

Файл-Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық)таңдауға болады.

      Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.

Файл – Сохранить как командасы  арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады.

Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

      Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?

      Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз№

      Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, элпетін қалай өзгертеміз.?

      Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады?

 

Үйге тапсырма:  Блокнот программасымен танысу.