Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: WordPad құжатына суреттер кірістіру.
16.08.2015 580 0

Сабақтың мақсаты:   Оқушылар wordpad мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен                                        танысу                                                          

Білімділік:  Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық

                                  объектілері және графикалық суреттерді кірістіруді  үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абсракциясын дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары : компьютер, инт.тақта, элект.оқулық

Сабақтың өту барысы:

               1.Оқушыларды ұйымдастыру

               2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

               3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

               4.Тапсырмаларды орындау

               5.Сабақты бекіту

               6.Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

   * WordРad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

   * wordРad редакторын қалай іске қосамыз?

   * wordРad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

   * Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?

   * Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

Жаңа түсініктер:

         WordPad  құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint  графикалық редакторында немесе басқа графикалық  қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.

Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.

1.       Paint  редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.

2.       Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint  редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)

3.       Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.

4.       Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.

5.       Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка-Вставить командасын орындаңдар.

6.       Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне  орналастырыңдар. 

 

Өткендегілерді пысықтау үшін төмендегі практикалық жұмыстарды орындаңдар.

 

 

Үйге  тапсырма: WORDPAD  құжатына суреттер кірістіру.

 

Оқушыларды бағалау.