Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: At the Zoo.
16.08.2015 1745 0

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «At the Zoo» такырыбы бойын­ша жаңа лексикалық бірліктермен (a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe)) таныстыру. Көпше түрдеғі «these» сілтеу есімдігімен және «they» жіктеу есімдігімен таныстыру. Жануарларды білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Mm әрпімен танысу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: қызықтыратын зат туралы акпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. Mm әрпінің дыбыстық бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;

түлғалың: жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға қамқорлық танытуға баулу;

жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған

 Сабақты материалдық камтамасыз ету:

мұғалім үшін: CD ойнаткыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, кенгуру, арыстан, бүркіт және т.б. бейнеленген флэш-карталар;

оқушылар үшін: окулық, жұмыс дәптері, карындаштар топтамасы.

Пәннаралық байланыс: музыка, қоршаған орта (ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен танысу).

Сабақтың барысы

 (I ) Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім балалармен амандасады:

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

I am glad to see you!

Оқушылар мұғаліммен амандасады:

Good morning, good morning,

We are glad to see you!

 How are you? (Cl.: Fine, thanks.) Sit down, please.

(II) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

 Бүгін біз жануарлардың атауларымен танысамыз: a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe. Сонымен катар «These, they» деген жаңа сөздерді үйренеміз.

(III) Тірек білімді белсендіру.

Фонетикалық жаттығу.

 Балалар, бізге кімнің келгенің қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (Cl.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?

-Бүгін күн  тамаша.Мен далаға шықкан кезде күннің көзі жаркырап, сәулесін шашып, самал жел соғып тұрды, әдемі гүлдердің үстінде бал аралары ызыңдап ұшып жүр. Сендер бал араларының калай дыбыстайтынын білесіңдер ме? [z], [z], [z]. Бүгін аралардың ызыңына ұқсайтын дыбыстар шығарып көрейік. [z], [z], [z],

Сендер [z] дыбысына ұксас [б] дыбысы естеріңде ме? Ол сендерге Бүгінгі сабакта кездесетін сөздерді дұрыс айтуға көмектеседі.

These- they- this.

(IV) Жаңа материалмен жумыс.

 

Оқулықпен жұмыс

1-жатмығу. Listen and learn.

- Бүгін біз Әлібек, Анар және Ботамен бірге хайуанаттар бағына барамыз. Балалар, біздің

кейіпкерлеріміз хайуанаттар бағында қандай жануарларды көрді? Хайуанаттар бағында қандай жануарлар болады: жабайы жануарлар ма немесе үй жануарлары ма? Дұрыс, жабайы жа­нуарлар. Ағылшын тілінде «жабайы» деген сөз қалай айтылатынын есімізге түсірейік. Дүрыс, wild. Well done, children!

Ал енді «жабайы жануар» деген фразаны аударайық (Wild animal).

Балаларды жаңа «they, jump, swim, flу» сөздерінің мағынасымен таныстырыңыз. Одан кейін балаларға аудиожаттығу мәтінін тыңдауды, суреттерге қарап, хайуанаттар бағында көрген жабайы жануарлардың аттарын естуді ұсыныңыз. Балалармен бірге фразаларды аударыңыз.

Track 45.

Alibek: Let’s go to the Zoo.

Anar: Look! These are lions.

Look! A bear! Bears can swim.

Bota: These are kangaroos. They can jump but they can’t swim.

Alibek: These are eagles. The can fly.

Alibek: They have bears.

Anar: But they don’t have monkeys.

Екінші рет тыңдағаннан кейін балалардың назарын «these» сілтеу етістігіне аударыңыз. Оның мағынасын түсіндіріңіз. Мұны «this is» тілдік қүрылымымен салыстыра отырып жасаған жеңілірек болады. Мұғалім сөйлемді жекеше түрде айтады, ал балалар көпше түрде ұқсас сөйлем кұрады.

This is a kangaroo. These are kangaroos.

This is a bear These are bears.

This is a monkey. - These are monkeys.

This is a lion. These are lions.

This is a giraffe. These are giraffes.

Егер уакыт жеткілікті болса, «can/can’t» етістігінің қолданылуына шолу жүргізіңіз.

Мұғалім оның сөйлеміне «Yes/No» сөздерімен жауап беруді сұрайды.

 Lions can swim. Yes.

 Kangaroos can jump. Yes.

 Eagles can't swim. Yes .

 Bears can't jump. No.

 Bears can swim. Yes.

«What can and can't they do?» дидактикалық ойыны.

Мұғалім әртүрлі жабайы жануарлар бейнеленген флеш-карталарды көрсетеді, балалар жануарларды атайды және олардың нені істей алатының, нені істей алмайтынын айтады. Мысалы, It's a kangaroo. It can jump. It can't fly.

3-жаттығу. Learn the new' letters and new words. Listen.

Жаңа әріп және дыбыспен таныстыруға біздің досымыз Mr Wise Crow-ды шақырамыз.

Мұғалім окушыларды Mm әрпімен және осы әріптен басталатын сөздермен таныстырады: moon, monkey, mouse, mummy.

Оқушылар осы әріпті таңбалайтын дыбыстар және әріптермен тақпақтап айту барысында танысады.

Track 46.

М, m, in [m], Im], [m]

[mI moon, [m] moon [m], [m], [m]

M, m, m [m], [m], [m]

[m] monkey, [m ] monkey [m], [m], [m]

Оқушылармен бірге әнді тыңдап, жаттатыңыз. [ m] дыбысын бөлектей отырып, барлық зат есімдерді айтыңыз.

Track 47.

Listen and sing.

M is for Moon.

M is for monkey.

M is for mouse and M is for Mummy.

I like, I like,

I like «Letter М».

Сергіту сәті.

If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp) If you're happy and you know it, and you really want to show it. If you're happy and you know it, stamp your feet, (stamp, stamp)

Дәптермен жумыс  

 

1-жаттығу. Find the words and circle.

Мұғалім: Сканвордтағы сөздерді тауып, дөңгеленте айналдыра сызыңдар.

2-жаттығу. Match.Name the toys and the animals.

Бұл жаттығуда балалар сөздерді 2 топқа: жануарлар және ойыншықтар деп бөледі және сөзді категориямен сызық арқылы қосады: toys or animals.

Animals - monkey, lion, kangaroo, dog.

Toys - plane, train, doll, ball.

3-жаттығу. Match the big letter to the small one.

Бас әріпке сәйкес кіші әріпті таңдау.

4-жаттығу. Trace - Mm әрпін бастырып сызу.

Окушылар әріптерді бастырып сызады.

5-жаттығу. Write the letter. Say the words.

Оқушылар жіберілген сөзді жазып, осы әріптен басталатын сөздерді атайды.

  (V)Сабақты қорытындылау.

- Балалар, Бүгінгі сабакта жануарлардың атауын білдіретін сөздермен таныстық (окушылар сөздерді айтады: a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe).

Жаңа Mm әрпін және одан басталатын сөздерді (moon, mummy, monkey, mouse) білдіңдер. Өте жақсы жұмыс істедіңдер. Көп рахмет (сабактағы әр баланың жетістігін атап өткен маңызды) . Well done. Goodbye, children!