Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: My favourite toy.
16.08.2015 1592 0

Сабақтың мақсаты: «Toys» тақырыбы бойынша бұрын оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. Ойыншықтарды белгілейтін жаңа сөздерді бекітудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. Dd, Ее әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту, [d], [e], [u], [tf], [˄] etc.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: бұрын үйренген лексикамен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, қызықтыратын ойыншық туралы ақпарат сұрау және ол туралы шағын диалог құру дағдысын қалыптастыру. Dd, Ее әріптерінің дыбыстық бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;

тұлғалық: өз ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау кабілетін дамыту;

жүйелік-әрекеттік: сабақта диалог арқылы қарым-қатынас жасау барысында мұғалім мен сыныптастырының сөзін қабылдау және түсіну.

Сабақты материалдық камтамасыз ету:

мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленген флэш-карталар;

оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындашғар топтамасы, сүйікті ойыншықтын суреті.

Пәнаралық байланыс:музыка, сурет салу

Сабақтың барысы:

I.                  Ұйымдастыру сәті.

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning!

 I am glad to see you!

Оқушылар :

Good morning, good morning !

We are glad to see you!

-         How are you? (Cl.: Fine, thanks.) Sit down, please.

II.               Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

         Бүгін біз өздеріміздің сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелеуді, ол туралы сұрақ қоюды үйренеміз. Сонымен катар Dd, Ее әріптерін үйренеміз.

III.           Тірек білімді белсендіру.

Фонетикалық жаттығу.

 Балалар, бізге кімнің келгенің қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (Cl.: Good morning, Mr. Wisе Сrow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?

Мына дыбыстар бар сөздерді есімізге түсірейік:

[u] - ruler, blue

[ei] - name, train, plane, favourite.

«Favourite» сөзі калай айтылатынын есіңе түсір?

[æ] - bag, cat

[tʅ] - chair, teacher

[˄] - rubber, mother, son

IV.           Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

I-жаттығу. Look, listen and learn.

Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Кейіпкерлеріміз кай жерде жүр? (Ойыншықтар дүкенінде жүр). Олар не туралы сөйлесуі мүмкін деп ойлайсыңдар? Әрине, ойыншықтар туралы. Мүмкін сүйікті ойыншықтары туралы айтатын шығар. Ағылшын тілінде «сүйікті» сөзі қалай айтылатынын есімізге түсірейік. «Repeat after me: favourite».

Оқушылар аудиомәтінді тыңдап, «Кейіпкерлердің сүйікті ойын- шықтары қандай?» деген сұраққа жауап береді.

Track 32.

Alibek: What's your favourite toy?

Is it a doll?

Anar: Yes, it is.

Anar. What's your favourite toy?

 Is it a car?

Alibek: No, it isn't.

Anar: Is it a ball?

Alibek: No, it isn't.

Anar: Is it a kite?

Alibek: No, it isn't. Look at it. It's a robot.

Мұғалім оқушылардың мәтінді түсінуін тексеріп, оқушылармен бірге әңгімені аударады. Оқушылар фразаларды тыңдап, естеріне сақтайды.

2- жаттығу. Learn the new words.

I like toys,

Car and balls,

Кites and dolls are

My favourite toys.

3-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.

Танысатын әріптер мен дыбыстардың қалай таңбаланатынын білу үшін біз Mr. Wise Crow-ты шақырдық.

-         Балалар, Бүгін ағылшын әліпбиінің әріптерімен танысамыз. Олар Dd, Ее әріптері. Look at the picture, listen and say Dd, Ее. Суретте осы әріптерден басталатын заттар бейнеленген. Listen and say: duck, egg

Бұл әріптердің қандай дыбыстарды белгілейтінін тыңдап, естеріңе сақтаңдар.

Track 33.

D, d, d

[d], [ d], [ d].

[d] duck, [d ] duck

I d], [d ], [ d].

E, e, e

[e ], [ e], [ e].

[е ] egg, [ е ] egg

[ е], [ е], [ е].

Сергіту сәті.

Stand up, turn around.

Clap, clap and sit down

Дәптермен  жұмыс

I-жаттығу. Draw your favourite toy. Talk about it.

Оқушылар сүйікті ойыншықтарының суретін салып, оны атай­ды және бұрын оқылған лексиканы пайдалана отырып, ол туралы әңгімелейді.

2-жаттығу. Count and match the number to the picture.

Оқушылар заттарды санайды және суретте бейнеленген зат санына сәйкес санды таңдайды.

3-жаттығу. Read and match.

Окушылар суретте бейнеленген заттарға сөздер таңдайды.

4- жаттығу . Circle the animals with Dd  and Ее.

Окушылар атауында оқылған әріптер бар жануарлардың суреттерін дөңгеленте айналдырып сызады.

5-жаттығу. Тғасe.

Окушылар Dd, Ее әріптерін айналдыра сызады, ал екінші жолды өз бетімен жазады.

6-жаттығу. Write the letters. Say the words.

Оқушылар сөздердің жетіспейтін әріптерін жазады және заттарды атайды.

V.               Сабақты қорытындылау.

- Сендер Бүгінгі сабақта сүйікті ойыншықтарың туралы әңгімелеп бердіңдер. «What's your favourite toy?» деген сұрақты қойып, оған жау­ап беруді үйрендіңдер. Ағылшын әліпбиінің Dd және Ее әріптерімен танысып, жазуды үйрендіңдер! Сендер өздерің үшін кандай жаңалық аштыңдар?

Well done! Goodbye, children!