Главное меню

  • К списку уроков
Сабақғың тақырыбы: Toys.
16.08.2015 1340 0

Сабақтың мақсаты: Is it a...? сұраулы ғрамматикалыкқұрылымын пайдалана отырып, «Toys» тақырыбы бойынша бұрын оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. Ойыншықтарды белгілейтін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. ВЬ, Сс әріғітерімен таныстыру. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамьғғу, [b], [k], [ei], [a:] etc.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: кызықтыратын ойыншық туралы ақпарат сұрау және бұрын үйренген лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайда­лана отырып, ол туралы шағын диалог кұру дағдысын қалыптастыру. ВЬ, Сс әріптерінің дыбыстық бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;

тұлғалық: өз ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;

жүйелік-әрекеттік:        оқылатын     грамматикалық      қүрылымдар

шеңберінде жаттығулар орындаған және жеке сөйлем кұрған кезде үлғі бойынша іс-қимыл жасау.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оку кызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленген флэш-карталар, «Тауып ал!» ойынына арналған бөкебай;

оқушылар үшін: окулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы. «Жауабын тап» ойнына мойынорағыш.

Пәнаралык байланыс: музыка, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы

I.              Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім балалармен амандасады:

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

I am glad to see you!

 

Good morning, good morning We are glad to see you!

How are you? (CL: Fine, thanks.) Sit down, please.

II.            Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

- Бүгін біз ойыншықтардың атауларымен танысамыз, сондай-ақ олар туралы әңғіме айтып үйренеміз. Сонымен қатар ВЬ, Сс әріптерін үйренеміз.

 

III.           Тірек білімді белсендіру.

Фонетикалық жаттығу.

- Балалар, бізге кімнің келгенің қарацдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (Cl.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you? Listen and repeat:

[ɔ:] ball - a ball, doll - a doll,

[ei] plane - a plane, train - a train

[a:] car - a car

[æ]  apple - an apple, cat - a cat

Well done!

IV.          Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс:

I-жаттығу. Look, listen and learn.

- Look at the picture. Әлібек пен Aнap қызықты ойын ойнап жатыр. Көзін байлап, алдындағы заттың не екенін анықтауға тырысады.

Бұл ойынды ойнау үшін сұрақ қоюды үйрену керек: Мынау маши­на ма? Is it a car? Сонымен бірге сұраққа дұрыс жауап беруді үйрену керек. Мәтінді дискіден тыңдап, сұрақка қалай жауап беру керектіғін естулерің қажет (Yes, it is. No, it isn't).

Балалар мәтінді тыңдап, мұғалімнің тапсырмасын орындайды.

Track 30.

Анар: Is it a car?

Анардың жауабы: No, it isn't.

Әлібек: Is it a train?

Анар: Yes, it is.

«Жауабын тап» дидактикалық ойыны.

Мұғалім тактаға ойыншықтардың суреттерін іледі. Мұғалім суреттерді көрсетеді, окушылар мұғалімнің «What's this?» деген сұрағына жауап береді және суреттерде бейнеленген ойыншықтарды естеріне сақтауға тырысады. Одан кейін бір оқушы тақтаның алдына шығады. Мұғалім бір суретті тақтадан алады. Оқушының міндеті Is it a ...? деген сұрақтын көмегімен тактадан алынған ойыншыктың атын табу.

2- жаттығу. Answer the questions.

Балалар суреттер бойынша қыска жауап беру түрін пысықтайды. Мү.ғалім сұрактарды оқиды, балалар жауап береді.

3-жаттығу. Answer the questions.

Кейіпкерлеріміз алаңқайда бұлттарға карап отыр. Бұлттар өте қызықты: біреуі ұшаққа ұқсас болса, екіншісі куыршаққа ұқсайды. Кейіпкерлеріміз сұрақтар қояды, ал біз оларға дұрыс жауап беруге тиіспіз.

Муни: Is it a plane? (Cl.: Yes, it is.)

Анар: Is it a doll? (Cl.: No, it isn't.). Tepic жауаптан кейін мұғалім «What's this?» деген сұрақ қояды.

Әлібек: Is it a ball? (Cl.: No, it isn't.) What's this?

4-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.

Әріптермен, дыбыстармен танысу үшін досымыз Mr. Wise Crow'-ты шақырамыз.

- Балалар, Бүгін ағылшын әліпбиінің әріптерімен танысамыз. Олар - ВЬ, Сс әріптері. Look at the picture, listen and say Bb, Cc. Суретте осы әріптерден басталатын сөздер бейнеленген. Listen and say: book, cat. (Мұғалім сөздерді айтып тұрып, оқулықтағы олардың суреттерін көрсетеді). Суретте бейнеленген тағы қандай заттардың атаулары [b] ( ball, bag) дыбысынан басталады.

Аудиожаттығу мәтінін тыңдауды, осы әріптер белгілейтін дыбыстарды пысықтауды ұсыныңыз.

Track 3I.

 b, b

[b],[b], [b].

[ b] book , [ b] book

[b ], [ b], [b ].

 с, с

[k], [k], [k].

[ к] cat, [ к] cat

[к], [к], [к].

Сергіту сәті:

Bend and clap, clap

Bend and stamp, stamp

Turn around and bend

and stamp, stamp, stamp

I-жаттығу. Listen and choose. Circle the correct answer.

Балалар тыңдай отырып, дұрыс жауапты айналдыра сызады.

I сурет. - Is it a plane? - Yes, it is. / No, it isn't.

2 сурет. - Is it a train? - Yes, it is. / No, it isn't.

3 сурет. - Is it a car? - Yes, it is. / No, it isn't.

4 сурет. - Is it a doll? - Yes, it is. / No, it isn't.

5 сурет. - Is it a ruler? - Yes, it is. / No, it isn't.

6 сурет. - Is it a book? - Yes, it is. / No, it isn't.

2-жаттығу. Circle the correct word.

Оқушылар суретке сәйкес келетіy сөздерді айналдыра сызады.

I сурет. Train / plane.

2 сурет. Doll /сағ.

3 сурет. Ball /сағ.

4 сурет. Plane /doll.

3 жаттығу. Trace the pictures and say. Match the letter to the picture. Окушылар суреттерді айналдыра дөңгеленте сызып, оларды бояйды, онда бейнелеғен заттарды атайды және сөздер басталатын әріптерді атайды.

4 жаттығу. Trace.

Оқушылар ВЬ, Сс әріптерін айналдыра сызады, ал екінші жолды өз бетімен жазады.

5 жаттығу. Write the letters. Say the words.

Оқушылар сөздегі жетіспейтін әріпті жазады және заттарды атайды.

V.           Сабақты қорытындылау.

Сендердің әрқайсыларың Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? Үйлеріңе барғанда ата-аналарыңа не туралы айта аласыңдар?

Бүгінгі сабақта «Is it а...?» деген сұрақты койып, оған жауап беруге жаттықтыңдар. Қате сөйлемдерді түзетуді жалғастырдыңдар. Мысалы, It's not a plane. It's a train. Ағылшын әліпбиінің Bb және Cc әріптерімен таныстыңдар және жазып үйрендіңдер! Well done! Goodbye, children!

Аға-аналар мен оқушыларға арналған тапсырма: сүйікті ойыншықтың суретін салу немесе ойыншықтың өзін келесі сабаққа алып келу.