Главное меню

  • К списку уроков
§8.13.Фосфор және оның қосылыстары.
12.08.2015 1360 0

Тақырыбы

§8.13.Фосфор және оның қосылыстары.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

 

дамытушылық:

 

 

 

тәрбиелік:

Фосфордың табиғатта таралуы,фосфордың физикалық,химиялық қасиеттері,маңызды оттекті қосылыстары,фосфор қышқылдары,тұздары туралы білімді қалыптастыру;

электрондық формула құрастыру ,атом құрылысының химиялық элементтің қасиетіне әсерін түсіндіре білу,фосфор оксиді мен қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу білім-білік дағдыларын жетілдру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.                                                Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

аралас

 

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,жаттығулар орындау фронталды әңгімелесу.

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітапдәптер, интерактивті тақта,  ТҚ-6,  9-ЕТЖ-1

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

2.ДДТ-9 –бірнеше күшті оқушылармен жұмыс істеу.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ түсіндіру.

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

1.Білімді жаңғырту:

1.Фронталды әңгімелесу:   (нашар үлгеретін оқушылармен  жұмыс.):

  • Фосфор атомының электрондық формулуасын жазыңдар .
  • Фосфор атомында қанша валентті электрон бар? 
  • Фосфордың қандай оксидтерін білесіңдер?
  • Фосфор оксидтеріне қандай қышқылдар сәйкес келеді?
  • Мына қосылыстардың тотығу дәрежесін анықта: ( ортофосфор қышқылы,метафосфор қышқылы,дифосфор қышқылы)
  •  Фосфор, ортофосфор қышқылының қосылыстарының формуласын жазыңдар.
  • Натрий фосфаты, гидрофосфаты, дигидрофосфатының формуласын құрастырыңдар.
  • Қазахстанда құрамында фосфоры бар кен орындары қай жерде орналасқан?
  • Фосфордың қандай аллотропиялық модификацияларын білесіңдер?
  • Фосфордың химиялық қасиеттері қандай?

2. Фронталды әңгімелесу қорытындысы  (консультанттар) 

  Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

2. 21,  22,  23 параграфтарды өз бетінше оқу ( нұсқамен):

1нұсқа.

***Фосфор үш түрлі агрегаттық күйде болады    ( ақ,қызыл,қара).

Фосфордың табиғаттағы қосылыстары– фосфорит (Са3 (РО4)3 ), апатит(Са5 (РО4)3 ).      Каратау тауларында кездеседі,  Каратау бассейні негізінде   Жаңатаста кен байыту комбинаты жұмыс істейді.  В  Актөбе облысында фосфор Шилісай ірі кен орнында өндіріледі, осының негізінде Шымкент,  Таразда фосфор  заводтары жұмыс істейді.   

***  Фосфор өсімдіктермен жан-жануарлардың белоктарының құрамында болады,  адамдар мен жануарлар фосфорды өсімдіктерден алады.

***Бос күйінде фосфорды электр пешінде көмір,құм, табиғи фосфаттың қоспасын қыздырғанда ақ фосфор бу түрінде бөлінеді ,ол тез тұтанады,өте улы!

*** Фосфордың химиялық қасиеті:

1.2Р + 3Cl2  = 2РCl3

2. 2Р +3 Ca   =Ca3Р2

3. 4Р + 5O2   =2Р2O5

4.2Р +  3S  =Р2S3

5. Р4 +  3NaOH  + 3H2O =NaH2PO4+РH3

7. Р +  5HNO3 ( конц.) =H3PO4  +5NO2 +H2O

***  Лабораторияда: 30пайыздық азот қышқылымен фосфорды әрекеттестіру арқылы алады :3Р +  5HNO3+2H2O =3H3PO4  +5NO

*** фосфор,  фосфор қышқылыни алуда,  пиротехникада, сіріңке өндірісінде қолданылады.

2  нұсқа    (оксидтер);    3  нұсқа  ( қышқылдар)

Фосфор екі оксид түзеді:   Р2О3,  Р2О5,  олардың қасиеті мен графикалық формулаларында айырмашылықтары бар:

*** Фосфор (5)оксидінің(немесе фосфор ангидриді Р4О10,  ) химиялық қасиеттері:

А) сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді

Б) негіздермен 

В) негіздік оксидтермен

  фосфора (5)  оксидіне мына қышқылдар сәйкес келеді: метафосфор,  дифосфор, ортофосфор.  Реакция теңдеуі:

 А)Р2О5 + Н2О = 2НРО3                                                      Б) Р2О5 + 2Н2О = Н4Р2О7
                                           В) Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4

Қандай қышқыл түзілетіні неге байланысты?

 (фосфор оксидімен әрекеттесетін су мөлшеріне байланысты ). Бұл қышқылдардың ішіндегі ең маңыздысы –ортофосфор қышқылы , құрылымдық  формуласы:

*** Ортофосфор қышқылының химиялық қасиеттері:  (оқушылар)

А)диссоциациясы - сатылап
Б) негіздік оксидтермен -СаО
В) негіздермен – үш типті тұз түзеді:

          Н3РО4 + NaOH = NaH2PO4    + Н2О                                                  

              Н3РО4 +2 NaOH = Na2HPO4  +2 Н2О                                                  

          Н3РО4+3NaOH=Na3PO4+3Н2О                                               
Г) аммиакпен:Н3РО4+NH3=NH4Н2РО4 
Д)сапалық реакциясы: Н3РО4  +3AgNO3 = Ag3РО4  !+3НNO3

3-4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-20

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

  1. - кеткен кемшілікті жою жұмыстары;
  2. Жаттығуды тексеру.

Кластер бойынша жұмысЖеке жұмыс.

2-3

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

1.Дәптермен жұмыс:анықтамалар,мысалдар ортофосфор қышқылының мына заттармен әрекеттесуінің молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.

А) кальциймен

Б) кальций оксидімен

В) кальций гидроксидімен

2.Жаттығуды тексеру

3.Дәптерге жазылғанды қорытындылау.

 

6-7

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

3. Күнделікке жазғанын тексеру

 Параграф 8.13.– оқу,  №3-9

 (242бет) Бектуров жайлы хабарлама.

1-2

  Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету. Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2