Главное меню

  • К списку уроков
§8.12.Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар. Лабораториялық тәжірибе №16 «Сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының мыспен әрекеттесуі»
12.08.2015 1823 0

Тақырыбы

§8.12.Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар. Лабораториялық  тәжірибе №16 «Сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының мыспен әрекеттесуі»

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

 

дамытушылық:

 

 

 

тәрбиелік:

Азот оксидтері ,қышқылының құрылысы ,нитраттардың алынуы ,қасиеттері  ,қолданылуы туралы білімді жетілдіру.

азот оксидтерінің қасиеттеріндегі айырмашылықты ,азот қышқылының, нитраттардың қасиеттерін түсіндіре білу,  өз білімін көтеру дағдыларын ары қарай дамыту жалғастыру;кітаппен жұмыс ,жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындау.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

аралас

 

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,жаттығулар орындау,9-Б-7, 10-ЕТЖ-1 фронталды әңгімелесу.

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітапдәптер, интерактивті тақта ХЭПЖ,  9-Б-7, 10-ЕТЖ-1, сұйылтылған және концентрлі  азот қышқылы, мыс жоңқалары, газ жүретін түтікше,сынауықтар.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

 Азот оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар

1.Білімді жаңғырту:

1.Фронталды әңгімелесу:   (нашар үлгеретін оқушылармен  жұмыс.):

·         Нәтижесінде аммоний тұздары түзілетін реакция теңдеулерін құрастырыңдар?

·          Қандай реакция аммоний тұздарына сапалық реакция.

·         Аммиак пен аммоний тұздарының қандай химиялық қасиетерін білесіңдер?

 

2-3

Жаңа сабақ түсіндіру.

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2. 9-Б-7 көре отырып жаға сабақты оқып,білу

А). Мына салыстырмалы  таблицаны құрастыр: (кітап бойынша §8.12 )

Салыстырылатын белгілері.

NO

NO2

Түзілуі

Найзағай ойнағанда түзіледі

Машина жанармайы жанғанда,зауыттар жұмыс істегенде  (денсаулыққа әсері бар)

Физикалық қасиеттері

Аз ериді,қышқыл түзбейді, тұз түзбейтін,қышқылдық,газкүйіндегі түссіз,иіссіз

Газ күйіндегі қоңыр түсті, оңай димерленеді,суда ерігенде екі қышқыл түзеді

Өндірісте алынуы

Аммиакты тотықтыру

Азот (2) оксидін тотықтыру

 Лабораторияда алынуы

Мыс пен сұйылтылған азот қышқылының әрекеттесуі арқылы

Мыс пен концентрлі азот қышқылының әрекеттесуі арқылы

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

Мұғалімнің түсіндіруі: 2. «Азот оксидтерінің адам ағзасына әсері» тақырыбына хабарлама

Қышқылдарға тән қандай ортақ қасиеттерді білесіңдер?

  • Индиктор әсері;  (метилоранж –қызарады)
  • диссоциацияланады;  (HNO3 == H+ + NO3 - )
  • металдармен әрекеттесуі; с  металдармен қышқылдың концентрациясы мен к металдың активтілігіне байланысты әрекеттеседі

 Cu+ 4HNO3(конц.)=== Cu(NO3)2 + NO2+ 2H2O

 3Cu+ 8HNO3(сұй. )===3 Cu(NO3)2 +2 NO+4H2O

 4Zn+ 10HNO3(сұй. )==4 Zn(NO3)2 + NH4NO3+3H2O

Пассивтену-бұл металл бетінің оксидтік пленкамен қапталуы.

·         асыл металдар (алтын, платина) азотқышқылымен әрекеттеспейді

  • металл оксидтерімен әрекеттесуі; кальций оксиді
  • негіздермен әрекеттесуі; мыс  гидроксиді
  • тұздармен әрекеттесуі;  кальций карбонаты

 

14-15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б.Азот қышқылының физикалық қасиеттеріие : түссіз ,өткір иісті сұйықтық,суда жақсы ериді,күн сәулесінің әсерінен тез айырылады,сол себебті  қоңыр түсті ыдыста сақталады.   

(мұғалім)

В. Графикалық  формуласы:оқушы өзі жазады

Г.Алынуы :

  • лабораторияда- 2NaNO3  +H2SO4==Na2SO4+HNO3
  • өндірісте-           4NH3+5O2==4NO+6H2O

                                          2NO+O2==2NO2                                             

                                                           4NO2+O2+2H2O==4HNO3+Q                                                                    Д.Қолданылуы  (60 бет.

 Лабораториялық тәжірибе№16

 Cu+ 4HNO3(конц.)=== Cu(NO3)2 + NO2+ 2H2O

 3Cu+ 8HNO3(сұй. )===3 Cu(NO3)2 +2 NO+4H2O

 4Zn+ 10HNO3(сұй. )==4 Zn(NO3)2 + NH4NO3+3H2O                                                                                                                  

 

Материалды қайталау кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

  1. Жаттығуды тексеру.

Кластер бойынша жұмысЖеке жұмыс.

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

 1. азот тотығу дәрежесі (+1)  ден  (+5) ке тең болатын оксидтер түзеді.

*азоттың маңызды қосылыстары: аммиак,  азот (2,4),оксидтері  азот қышқылы,  оның тұздарые

* нитраттар артық мөлшерде болғанда топырақта жиналады.                                                 * концентрациясына байланысты азот қышқылы әр түрлі әрекеттеседі 

*концентрлі,сұйылтылған азот қышқылы платинаменалтынмен,  иридий,  родий,  палладиймен әрекеттеспейді.

2-3

6-7

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф   18.12 - оқу,  № 2,4,6  (248) - жазбаша орындау

2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету. Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2