Главное меню

  • К списку уроков
§8.5.8.6. Көміртек және оның қасиеттері . Көміртек қосылыстары.Лабораториялық тәжірибе 12,13 «Көмір қышқылының қасиеттерімен танысу» «Карбо
12.08.2015 3023 0

Тақырыбы

§8.5.8.6. Көміртек және оның қасиеттері . Көміртек қосылыстары.Лабораториялық тәжірибе 12,13  «Көмір қышқылының қасиеттерімен танысу» «Карбонаттардың гидрокарбонатқа айналуы»

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушыларға көміртектің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; оның табиғатта кездесуі,қасиеттері,қолданылуы,алынуы;

бейметалдардың қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,  адсорбциия құбылысы, көміртек(2) оксиді мен көміртек(4) оксидінің қасиеттерінің айырмашылығын түсіндіре білу ,  «құрғақ мұз» ,өрт сөндіргіштің жұмыс істеу принципі, көміртек және оның қосылыстарының қолданылуы, қорытынды жасау,жүйелеу, білім-білік дағдыларын дамыту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы10-ЕТЖ -1 жұмыс істеу, 9-Б-4көру, фронталды сұрақтар,кітаппен өз бетінше жұмыс 

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ -1,  ХЭПЖ. натрий гидрокарбонаты,  көмірқышқыл  газы,  әк суы,  лакмус

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру:бір-бірін тексеру

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

   2.Оқыту проблемалары:

     Көміртек. Көміртек қосылыстары.

Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):  

2.Фронталды сұрақтар:  жұппен жұмыс істеу (нашар үлгерушілермен жұмыс):

  • Қандай бейметалдарды білесіңдер?
  • ОларХЭПЖ қай бөлігінде орналасқан?
  • Бейметалдар қандай периодтарда орналасқан?
  • Период қандай элементтерден басталып қандай элементтермен аяқталады?
  • Бейметалл атомдарынан түзілген қандай жай заттарды білесіңдер?
  • Бейметалл атомдарынының құрылысы қандай?
  • Бейметалл атомдарынында валентті электрондар саны қанша?

Мұғалімнің толықтыруы

Бейметалдар өте көп емес. Олардың  физикалық қасиеттері әртүрлі ,бір элемент бірнеше жай зат түзе алатын қасиеттері бар (аллотропия).  Оның себебі –кристалдық торының әртүрлі  болуы, мысалы: алмаз, графит;  ақ  (молекулалық кристалл торы),   қызыл фосфор  (атомдық кристалл торы);   молекула құрамының әртүрлі болуы  -  О2 ,  О3.Бұл құбылыс металдарға қарағанда көбінесе бейметалдарға тән құбылыс  .  Бейметалдар атомдарының валентті электрондары үштен артық (сутек пен гелийден басқа). Бейметалдардың негізгі ерекше қасиеті жоғары электртерістілігі,олар қосылыс түзгенде сыртқы қабатты толтыруға жетпейтін  электрондарды басқа атомдардан   қосып алып,энергетикалық дейгейін аяқтайды. Оларғат үш түрлі агрегаттық күй тән: қатты (күкірт, графит,  йод крист.,  актив.көміртек, фосфор),  сұйық  - қалыпты жағдайда (бром);   газ  (сутек , азот,  оттек,  хлор,  фтор). 

        Бейметалдардың тотықтырғыш қасиеті солдан оңға қарай артады,топтарда- төменнен жоғарыға қарай артады

      Ең белсенді бейметалл - фтор. Өте кең таралған элементердің бірі тек қосылыс түрінде кездеседі.Неге ?

2-3

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

 -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

 -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.                                                                                                                                 Жаңа сабақты түсіндіру:

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

***.4 топ элементеріне жалпы сипаттама: 4 топ элементтеріне р-элементтер жатады:көміртек, кремний, германий, қалайы,қорғасын.Атом радиусы реттік нөмірі артқан сайын,иондану энергиясы,салыстырмалы электртерістігі кемиді.                                                                       Топтарда жоғарыдан төмен қарай толтырылатын электрондық қабаттардың өсуіне байланысты сыртқы қабаттағы валентті электрондардың ядроға тартылуы нашарлайды, сондықтан бейметалдық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай кеміп,ал металдық қасиеттері артады.Бірақ көміртек пен кремний басқа элементтерден ерекшеленеді,олар типтік бейметалдар.  Германийда металдық белгілер бар,ал қалайы мен қорғасын металдар.Бұл топтың элеменнтерінің тотығу дәрежесі  (+2).

2.***Көміртек.   Табиғатта кездесуі:

Бос күйінде көміртек алмаза, графита, карбин түрінде болады.Бұл көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі.Көміртектің табиғи қосылыстары - доломит                мрамор , магнезит . Мұнайда ,тас көмірде және табиғй газдарда көміртек қосылыс түйінде болады. Аллотропиялық түр өзгерісін құрылысының әр түрлілігімен түсіндіріледі. (кристалдық торы).

  • Көміртектің физикалық қасиеттері және алынуы.

Алмаз-  ең қатты табиғи қосылыс ,түссіз ,мөлдір,май тәрізді,электр тоғын өткізбейді,жылуды нашар өткізеді,тау жыныстарын бұрғылауда, болат,шойынды өңдеуде,алмазда бағалы әсемдік бұйымдар  -  бриллиант; графит – сұр түсті, металдық жылтыры бар, электродтарда, отқа төзімді тигельдер жасауда қолданыладыБелгілі жағдайда аллотропиялық түр өзгерісі бір-біріне ауысады. 

              1000С –қа дейін ауа қатысынсыз

 Алмаз-------------------------------графит

         3000С-тан жоғары,  катализатор қатысында

Графит-------------------------------алмаз

Ағаш көмірін затты  құрғақ айдау арқылы алады.Бұл ауа қатысынсыз қыздыру. Фуллерен –сфералық құрылымды заттар «С»  атомынан  20 ғасырдың 80-ші жылдары синтезделді.

 Көміртектің химиялық қасиеттері.

*Көмірдің бетіне басқа заттарды сіңіру және газдар мен еріген заттарды бойына ұстап тұру қасиеті адсорбция деп аталады.                                                                  (белсендірілген көмірдің в противогаздарда қолданылу туралы)

*қатты қыздырғанда оттек қатысында жанып, көп мөлшерде жылу бөледі:                        С+О2 =СО2  + 402  кДж                                                                                                                      *толық жанбағанда  СО түзіледі                                                                                                     *С +2Сl2=ССl4                                                                                                                                         *C + 2CuO = 2Cu + CO2                                                                                                                               *C +2 H2 =CH4                                                                                                                               *2CCa =CaC                                                                                                                                                         Көміртектің металдармен қосылыс карбидтер деп аталады

Көміртек (2) оксиді

Көміртек (4) оксиді

СО,  молекула құрылысы сызықты

СО2,  молекула құрылысы сызықты

Химиялық өте берік, инертті

 

Көміртекті бос немесе қосылыс күйінде жандырады.

СаСО3+2НС1=СаС12+СО2+Н2О СаСО3 = СаО+СО2

Түссіз,улы газ,иісі жоқ, ауадан жеңіл,суда нашар ериді, қайнау температурасы төмен ( -192,1 С)

Түссіз, газ,иісі жоқ, ауадан 1,5есе ауыр,жанбайды ,суда жақсы ериді, өртті сөндіруде қолданылады,төменгі температурада сұйылады ,қайнайды.

2СО+О2=2СО2

СО +СиО=Си+СО2

 

СО2 +Н2О= Н2СО3

СаО+СО2= СаСО3

СО2+Са(ОН)2= СаСО3+Н2О

СО2 +СаСО3+Н2О = Са (НСО3)2

 

3***Хабарлама  «Өртсөндіргіштің жұмыс істеу приципі»,  «Иіс газының ағзаға зияны»

4***Көмір қышқылы – әлсіз тұрақсыз қосылыс,  әлсіз электролит.

Н-----О

                   С==О

Н-----О

  • Диссоциациялану теңдеуі:

Н2СО3====== Н  +  НСО3

НСО3  ====== Н  +  СО3

  • химиялық қасиеттері:

        Н2СО3 + 2NaOH (к.) ======  Na2СО3  +2НОН   (карбонат)

        Н2СО3 + NaOH (р.)   ======  NaНСО3  +НОН   (гидрокарбонат)

        NaНСО3  +NaOH     ======  Na2СО3  +НОН

                  t

 СаCO3 --------- СаО + CO2           

      2NaНСО3  -------------- Na2СО3  +НОН+ CO2     

        Қолданылуы:              

 NaНСО3  ---ас содасы

 Na2СО3  ---кристалдық сода (кальцинирленеген)

 СаСО3-------бор,  мрамор,  әктас    

 К2 СО3------поташ, өсімдік күлінде,сабын өндірісінде фотографияда           

3. Лабораториялық тәжірибе 12 « Көмір қышқылының қасиеттерімен танысу»

Қышқылдық оксид,лакмус- қышқыл ерітіндісі қызарады                                                              CO+НОН== Н2СО3                                                                                                                                                 Карбонат-ионға сапалық реакция                                                                                  Na2СО3 + Са(OН)2  ----------- 2NaОН+ СаCO3            

15-20

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

10-ЕТЖ-1 .86бет  №1,2-нұсқа. №4,1-нұсқа

 Дәптерге жазу:

3-5

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

 - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Қорытынды жасау.                                                                           \

5-7

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру

2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.                                                                параграф  8.5-8.6  – оқу,  № 1-4 (222) – бірінші деңгей,  ,   №11,12,14 екінші деңгей(222)- жазбаша                                                                                                                       2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:                                                                                                                  -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2