Главное меню

  • К списку уроков
§8.1.8.2.ІІІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.Алюминий және оның қосылыстары. Лабораториялық тәжірибе 11 «Алюминий және оның құймала
12.08.2015 1128 0

Тақырыбы

§8.1.8.2.ІІІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.Алюминий және оның қосылыстары. Лабораториялық тәжірибе 11  «Алюминий және оның құймаларының үлгілерімен  таныстыру»

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушыларға р  -элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий,оның табиғатта кездесуі,қасиеттері,қолданылуы,алынуы;

р  -элемент  алюминийдің электрондық формуласын  құрастыру ,жеке атомға сипаттама беру,әр топтың атомдарының айырмашылығын түсіндіре білу ,қорытынды жасау,жүйелеу,  сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы 10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу, 9-Б-3көру, фронталды сұрақтар,кітаппен өз бетінше жұмыс,хабарлама 

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1,  ХЭПЖ.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру:бір-бірін тексеру.

                   

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

   2.Оқыту проблемалары:

     Алюминий

Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):  

  • 3 топтың металдарына сипаттама беріңдер.
  • Алюминийдің электрондық,  графикалық формулаларын құрыңдар.

2-3

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

 -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

 -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақты түсіндіру:

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Р– элементтер  – 30 элемент.  Тотықсыздандырғыш қасиеті әлсіз,тотықтырғыш қасиеті бейтарап атомдарда артады, иондану энергиясы кемиді және электрондарды беру қасиеті топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады.Жоғары тотығу дәрежесі  топ нөміріне сәйкес келеді.

        3 топ кең таралған –бор, алюминий;  сирек кездесетін – галлий,  индий, таллий элементтерінен тұрады..  Бор-бейметалл,  ковалентті байланыспен байланысқан,  көміртек пен кремнийге жақынАлюминий екідайлы,жоғарыдан төмен қарай топ бойынша атом радиусы өседі.

2.Алюминий табиғатта тек қосылыстар күйінде кездеседі,ал бос күйінде ешқашан кездеспейді.

 Ақ саз Al2O3*2SiO2* 2H2O; 

ортоклаз  (дала шпаты) K2O*3Al2O3*6SiO2*2H2O;  

нефелин     Na2O* K2O*Al2O3;  

 боксит  Al2O3*2H2O. 

Бұл жер қыртысында оттек пен кремнийден кейін үшінші орынды алатын,  табиғатта өте кең таралған элемент.                 

Алюминийді криолиттегі алюминий оксидінің балқымасын электролиздеу арқылы алады.

                                       950 С, Na3AlF6

                       2 Al2O3--------------------------------------------------4A l  +  3O2

                                              Эл.ток                                                                                                                          Металл алюминийдің қандай физикалық қасиеттері бар?

 Алюминийдің химиялық қасиеттері:

1.активті металлкәдімгі жағдайда жұқа оксидтік қабықша түзіледі  ;

2.жоғары температурада ұнтақталған күйде  оттекепен, күкіртпен әрекеттеседі

   қатты қыздырғанда азотпен, көміртекпен әрекеттеседі;

3.қалыпты жағдайда– хлор және броммен,  катализатор қатысында   (су)   йодпен;

4.алюминий металдарды олардың оксидтерінен тотықсыздандырады;

5. ерітіндіден бөліп алған алюминий ауада өте жылдам тотығады;

6. сұйылтылған қышқылдармен әрекеттеседі;

7.тұздар ерітіндісімен әрекеттеседі;

4Al + 3O2== 2Al2O3

2Al +3S == Al2S3  

2Al +3Cl2 == 2AlCl3

4Al +3C == Al 4C3

2Al +3I2 ==2AlI3

Cr2O3 + 2Al  ==2Cr + Al2O3

2Al + 6H2O== 2Al(OH)3 +3H2

2Al +6HCl == 2Al Cl3+3H2  

2Al + 3CuCl2==2AlCl3 +3Cu

3. Лабораториялық тәжірибе 11 «Алюминий және оның құймаларының үлгілерімен  таныстыру»

Дюралюмин

(аз мөлшерде мыс, марганец, магний,темір )

 

магналий

(11% магний)

 

силумин

кремний

 

Алюминийге қарағанда құймалары иілгіштігі нашарлау,бірақ берік.

4. Алюминий оксиді.

Кітаппен өз бетінше жұмыс .Сұрақтарға жауап беріңдер:

  Алюминий оксидінің молекулалық,  графиктік  формулаларын жазыңдар.

Оны қалай алады?

Алюминий оксидінің химиялық қасиеттері қандай  ?                                                               9-Б-4көрсету.

13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

10-ЕТЖ-1 .64бет  №1,2-нұсқа. №4,1-нұсқа

 Дәптерге жазу:

3-5

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Қорытынды жасау:

1.активті металл,  кәдімгі жағдайда жұқа оксидтік қабықша түзіледі  ;

2.жоғары температурада ұнтақталған күйде  оттекепен, күкіртпен әрекеттеседі; 

   қатты қыздырғанда -  азотпен, көміртекпен әрекеттеседі;

3.қалыпты жағдайда– хлор және броммен,  катализатор қатысында   (су)   йодпен;

4.алюминий металдарды олардың оксидтерінен тотықсыздандырады;

5. ерітіндіден бөліп алған алюминий ауада өте жылдам тотығады;

6. сұйылтылған қышқылдармен әрекеттеседі;

7.тұздар ерітіндісімен әрекеттеседі;

5-7

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру

2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф  8.1 – 8.2 –оқу,  № 2,4 (210) – бірінші деңгей,  7-9 (210) – екіші деңгей(жазбаша)

2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:                                                                                                                  -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2