Главное меню

  • К списку уроков
«Металдар» тарауы бойынша қорытындылау және бекіту сабағы
12.08.2015 897 0

Тақырыбы

«Металдар» тарауы бойынша қорытындылау және  бекіту  сабағы

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушылардың металдар туралы алған білімдерін бекіту;

Металдардың электрондық формуласын құрастыру,  химиялық қасиеттерін,алынуын  сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құру білім-біліктілік, дағдысын жетілдіру талдау,қорытындылау біліктіліктерін дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Бекіту сабағы

 

Сабақ өткізілу түрі:

  10-ЕТЖ-1 жұмыс орындау, 10-Б-4 көру. Фронталды сұрақтар,өзара тексеру.

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету сахароза ерітіндісі,сілті ерітіндісі 10-ЕТЖ-1,  10-ДДТ-14,  10-КП-10.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Бекіту

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды әңгімелесу:

v  Металдар мен бейметалдардыі атом құрылысында қандай айырмашылық бар?

v  Не себебті s- элементтер деп аталады?

v  Не себебті p - элементтер деп аталады?

v  Не себебті d- элементтер деп аталады?

v  s- p - d элементтердің атом құрылысының айырмашылықтары қандай?

v  s- p -  элементтердің валенттігін қалай анықтаймыз?

 

3-4

Материалды бекіту кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;

-берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Материалды бекіту:

 1. 10-ЕТЖ-1жаттығулар орындау.                                            

№9-26,  9-27,  9-34, 9-35, 9-37, 9-9-41. 9-43  .196-197 беттер.

14-15

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

1.Білімдерін өзара тексеру – жұптасып жұмыс істеу:  химиялық қасиеттері бойынша сұрақтар.

 2. Видео фрагмент көру 10-Б-3.4: тәжірибелерді түсіндір.

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. Жаттығуды тексеру.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру:дәптерге жазба жұмысын орындау; 

10-ЕТЖ-1 бойынша № 9-28- 9-31(196 бет)

1-2

Сабақ қоры-тындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

1-2