Главное меню

  • К списку уроков
§7.3. Хром.
12.08.2015 1750 0

Тақырыбы

§7.3. Хром.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушыларға d  -элемент хромның атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; хром,оның табиғатта кездесуі,қасиеттері,қолданылуы,алынуы;

хромның электрондық формуласын құрастыру ,оның атомына сипаттама беру,әр топтың атомдарының айырмашылығын түсіндіре білу ,қорытынды жасау,жүйелеу,  сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу, 9-Б-3көру, фронталды сұрақтар,кітаппен өз бетінше жұмыс,хабарлама 

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1,  ХЭПЖ.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру:бір-бірін тексеру. по 10-ЕТЖ-1  жаттығу орындау.58  бет №1-8                     

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

      Хром

Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):  

  • Қандай элементтер d-элементерге жатады?
  • Мыс,мырыш атомының құрылысы қандай ?
  • Химиялық  элемент мыспен мырышқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама бер
  • Мыс пен мырыштың физикалық және химиялық қасиеттері қандай?

2-3

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

 -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

 -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Жаңа сабақ -кітаппен  өз бетінше жұмыс :
  • параграф 7.3оқу (179-180 бет).
  •  Хром

Хромалтыншы топтың қосымша топшасының элементі,тотыңу дәрежесі–(+2,+3,+6)

Табиғатта кездесуі: хром жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері                0,03 %   Ол көбінесе, қосылыстар түрінде кездеседі. Хромит немесе хромды теміртас FeCr2O4 (Ақтөбе обл) және Cr2O3 хром (ІІІ) оксиді кең таралған.                                                   Ақтөбе және Ақсу ферроқұйма зауыттарында өндіріледі.                                                               Хром  космоста, жұлдызда, метеориттердебар екені анықталған.

 

Алынуы:   Алюминотермия: FeO* Cr2O3 +C -------- 2Cr +Fe + 4CO   

                                               Cr2O3 + 2Al ------- Al2O3 +  2Cr

  •  Қасиеттері: күмістей -ақ түсті жылтыр,ең қатты,шыныға сызат түсіретін  металл.Хромның беті мөлдір оксид қабықшасымен қапталған,ол өте жұқа ,бірақ химиялық өте тұрақты,тіпті қышқылдың өзі қиындықпен бұзады.Осы қабықшаға байланысты хром жемірілуге тұрақты,тіпті ылғал ауадада бұзылмайды.  Сұйылтылған қышқылдардың өзі біраз уақыттан кейін ғана әрекеттесе бастайды. Азот қышқылы хромды пассивтейді.

 

  Хром қосылыстары:  хром оксиді CrO-пирофорлы ұнтақ, негіздік оксид,  тұз қышқылында ериді,  қыздырғанда хром(3) оксидіне айналады ;     Cr2O3  -қиын балқитын күңгірт жасыл түсті ұнтақ,қаттылығы корундқа жақын амфотерлі  оксид; CrO3-  қанық –қызыл түсті кристалды зат,күшті тотықтырғыш,қышқылдық оксид, ( хром қышқылын түзеді Н 2CrO4;    гидроксидтері  Cr(OН)2,    Cr(OН)3                                                       Қолданылуы : хром  және оның құймалары қара металлургияда қолданылатын  қазіргі жаңа техниканың бағалы  легирлеуші   элементі.  Таттанбайтын болат-18% хром және 8% никелден тұрады.  Хром қосылыстарын тері илеуде,бояулар жасауда қолданады.

 2. 9-Б-3көрсету

13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

10-ЕТЖ-1 .64бет  №3,1-нұсқа. №4,2-нұсқа

 Дәптерге жазу:

3-5

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Хабарлама  «Хром» - нашар үлгерушілермен жұмыс

5-7

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру

2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

     Параграф 7.4- оқу . № 2.3;   4.6 (196-197)-жазбаша

2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2