Главное меню

  • К списку уроков
Білімді қорытындылау және жүйелеу.
12.08.2015 855 0

Тақырыбы

Білімді қорытындылау және жүйелеу.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

тәрбиелік:

 Атом құрылысы,металдардың қасиеттері туралы оқушылардың біілімдерін қорытындылау және жүйелеу;

рекция теңдеулерін құрастыра білу,талдау, жүйелеу,қорытынды жасау  білік-дағдыларын дамыту;

 сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. 

 

Сабақ типі:

аралас

 

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,  дәптермен жұмыс, фронталды әңгімелесу,хабарлама ,10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу ,қорытындысын дәптерге жазу.

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітапдәптер, интерактивті тақта ,жаттығулар орындау.Оқулықпен өзіндік жұмыс,дәптермен жұмыс , тест тапсырмаларын орындай отырып фронтальды әңгімелесу

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

 

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Білімді қорытындылау және жүйелеу

3.Білімді жаңғырту.  (Актуализация ): нашар үлгерушілермен жұмыс

еталл атомдарының құрылысы қандай??

* Металдардың қандай  физикалық және химиялық қасиеттері бар?

* Металдардың алыну әдістерін атаңдар?

3-4

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау; 

1.Электролиз,  коррозия,  судың кермектігін жоюдың маңызын түсіндіру.

2. 1, 2 топтың негізгі топшасының элементтерінің атом құрылысы қандай?

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптермен жұмыс істеу

Есеп пен жаттығуды тексеру.

1-2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 6.1-6.8 қайталау.

2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

  Сабақ қорытынды сын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

 Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету. Жаңадан не білдіңдер?Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2