Главное меню

  • К списку уроков
§6.6.Магний және кальций. Лабораториялық тәжірибе №8 «Сілтілік және сілтілік-жер металдардың тұздарының спирт шамынының жалын түсін бояуы»
12.08.2015 1156 0

Тақырыбы

§6.6.Магний және кальций. Лабораториялық тәжірибе №8 «Сілтілік және сілтілік-жер металдардың тұздарының спирт шамынының жалын түсін бояуы»

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық

 

тәрбиелік:

Оқушыларға магний және кальцийдің ХЭПЖ орны, атом құрылысының  периодтық жүйедегі орнынына байланыстылығы, қасиеттері, қолданылуы, алынуы туралы білімді қалыптастыру;

магний және кальцийдің химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеуін құрастыра білу біліктіліктерін дамыту, қорытынды жасау,жүйелеу,  сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы, жаттығулар орындау,оқушылардың қорытынды жасауы,10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу.

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1,  ХЭПЖ,  спирт шамы, тұз қышқылының ерітіндісі,  сымтемір,  натрий,  калий,  литий,  кальций тұздары    

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1. Үй тапсырмасын тексеру(бір-бірін тексеру).                     

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Магний және кальций

Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):

1. 10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу  (1-7) , 179бет 

2-5

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

 -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

 -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

1.Жаңа сабақты түсіндіру: кестені толтыру:

металл

дар

магний

кальций

Атом құры лысы

2е  8е  2е

2е  8е  8е  2е

Табиғат та кездесуі:

Таралуы бойынша сегізінші орында,200 минералдың құрамына кіреді: MgCO3 магнезит, MgCO3*CaCO3  доломит, KCl*MgCl2*6H2O карналлит, Mg2SiO4 оливин,  3MgO*2H2O*2SiO2  асбест.  В  Қазақстанда   доломит пен,  асбесттің қоры бар. Мұхит,теңіз,тұзды көлдер суларында магнийдің көп мөлшері бар. Магнийсіз фотосинтез процесі жүруі мүмкін емес ,  адам ағзасына    магний қажет

Жер шарында кең таралған элемент,жер қыртысындағы таралуы бойынша 5 орында,ал табиғатта кальций қосылыс    тарын бар жерде кездестіруге болады:тау жыныстары,сазды кендер,мұхит,теңіз,өзен сула рында,өсімдікпен жануар организмдерінде. Кең таралған қосылыстары: кальций карбо     натыбор,  мрамор, әктас,ұлу   тас,  кальцит, маржан, коралдар,  ,  перламутр;ғанышСаSО4*2Н2О;  фосфорит и апатит Са3(РО4)2,  флюорит  СаF2.

          Физик алық қасиет тері

Ақ түсті,жеңіл,ауада тез арада оксид қабықшасымен қапталатын металл,  балқу температурасы -651 С, кальцийден аздап қаттылау.

Күмістей ақ түсті металл,қатты  лау тығыздығы(1,55) балқу температурасы– 840С,сілтілік металдар сияқты сақтайды.

Химия лық қасиет тері

 Сілтілік металдармен  салыстырғанда белсендігі аз төмен

Галогендермен:

 Mg  +  Cl2==   MgCl2  

Күкіртпен: Mg +S== MgS

Жанады: 2Mg  + О2==   2MgО

Сумен  :

Mg +Н2О== МgО+Н2

Қышқылдармен конц Н2SО4 енжарланады. :

Көптеген металлдарды тотықсыздандырады:

TiCl4+ 2Mg==2MgCl2 +Ti

Сілтілік металдармен  салыстырғанда белсендігі аз    төмен

Галогендермен:

Ca  +  Cl2==   СаCl2.

  Күкіртпен:  

Са +S== СаS

Жанады: 2Са  + О2==   2СаО

Сумен  :

Са +2Н2О== Са(ОН)2+Н2

Көптеген металлдарды тотықсыздандырады:Ti,Zr,V,Uоксидтері мен хлоридтерінен тзд металл   алады.

Алынуы

Балқыманың электролизі

Балқыманың электролизі

Применение:

Магний құймалары авиацияда,  машина жасауда қолданылады

Кальций құймалары авиацияда,  машина жасауда қолданылады

Анықтау

Ақ тұнба  Mg  (ОН)2

Жалынды кірпіш-қызыл түске

бояйды

Қосылыстары

Магний оксиді   (магнезия),  магнезит,  доломит,  магний сульфаты

СаО-сөндірілмеген әк, Са(ОН)2 сөндірілген әк,–Са(ОН)2 –әк  сүті. 

2. Лабораториялық тәжірибе №8.

Иондары

тұздары

Жалынның түсі

Литий

 

 

Натрий

 

Сары түс

Калий

 

Күлгін түс

Кальций

 

Кірпіш-қызыл түсті

13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Дәптермен жұмыс жасау

2-3

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.  10-ЕТЖ-1жаттығу орындау.62бет,3-нұсқа №1-5.

2-5

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру

5-7

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:                                                                                                                      -оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.                                                                                                                      Параграф  6.6  оқу ., 6жаттығу – жазбаша (168бет)                                                                  2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2

Жаңа ұғым:

Доломит, карналлит,  магнезия, әк, сөндірілген әк, әк сүті ,  ғаныш(гипс),  магналит,  алебастр,  асбест