Главное меню

  • К списку уроков
§6.5.ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы.
12.08.2015 2173 0

Тақырыбы

§6.5.ІІ топтың негізгі топша металдарының  жалпы сипаттамасы.

уақыты

Білімділік мақсаты:   дамытушылық

 

тәрбиелік:

Оқушыларға ІІ топтың негізгі топшасының металдарының атом құрылысы,қасиеттері, туралы білімді қалыптастыру;                                                                                               ІІ топтың негізгі топшасының металдарының қасиетінің атом құрылысына байланыстылығын түсіндіре білу біліктілігін дамыту,салыстыра білу,есеп шығара білу дағдысын ,реакция теңдеуін құрастыра білу біліктіліктерін дамыту, қорытынды жасау,жүйелеу,  сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.                                                                                                              сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы, жаттығулар орындау,оқушылардың қорытынды жасауы,10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу.

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1, натрий,  калий, барий, кальций тұздары   

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)                                                                                     -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;                                                                           -оқушыларды психологиялық дайындау.                                                        Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1. Үй тапсырмасын тексеру(бір-бірін тексеру).                     

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:ІІ топтың негізгі топшасының металдары

Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):                                                                                              s- элементтердің атом құрылысын,кристалл торларынының ерекшеліктеріне сипаттама бер.                                                                                                                          1-2 топтың металдарынының физикалық қасиеттерін салыстырыңдар? Жазбаша жеке жұмыс:  10-ЕТЖ-1  (61бет,  1-4нұсқа,  № кез-келген 2 тапсырма;   №1,2 –«қанағаттанарлық»,  №3,4- «жақсы»)

 

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

 -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

 -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Оқушылармен кітаппан өз бетінше жұмыс (161-163 бет) .

Екінші топқа бериллий,  магний,  кальций,  стронций,  барий,  кальций элементтері кіреді. Оның ішінде кальций,  стронций,  барийді сілтілік –жер металдар деп атайды.  Магний,  кальций,  стронций,  барийді таза күйінде,  1808 жылы Дэви алған. Бериллийді1828 жылы,  радийді1910 жылы  Пьер және Мария  Кюрилер алған.

Жаңа тақырып бойынша сұрақ қою.

        2-топ элементерінің қандай қасиеттері бар деп болжайсыңдар?

Типтік металдар,күшті тотықсыздандырғыштар,атом радиусы жоғарыдан төмен қарай артады. 

 «Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі» тақырыбы бойынша  бериллийге байланысты не естеріңде бар   

3.Мұғалімнің толықтыруы:

А). 2-топ элементтеріне сипаттама беріңдер (6.7кесте).

Б). Физикалық қасиеттерісілтілік металдардан айырмашылығы атом радиусы кішілеу,кристалдарында өзара берік байланысқан,сондықтан қаттылау,балқу температурасы төмендеу,тығыздығы жоғары.

Физикалық қасиеттері кристалл тор түріне байла байланысты. 6.8 кесте.

Металдардың тотықсыздандырғыштық белсенділігі оттекпен әрекеттесуінен көрінеді. Бериллий,  магний оларды ары қарай тотығудани қорғайтын тұрақты оксидтік қабықшаман қапталса,қалғандары оттекпен белсенді әрекеттесіп оксидтер түзеді,сондықтан оларды сілтілік металдар сияқты сақтайды. Металдардың тотықсыздандырғыштық белсенділігінің артуы сумен әрекеттескенде байқалады. Бериллий жоғары температурада,магний кәдімгі температурада баяу тотығады,ал қалғандары сумен жақсы әрекеттеседі.    Бұл металдар гидридтер түзеді.Металл атомдары жалын түсін әр түрлі түске бояйды.                                                                                                                           Топта негіздердің күші мен негіздік қасиеті жоғарыдан төмен қарай артады.

4. Лабораториялық тәжірибе №8 «Сілтілік және сілтілік-жер металдардың тұздарының спирт шамынының жалынының түсін бояуы»

иондар

түсі

1

натрий

сары

2

калий

күлгін

3

кальций

оранж

4

барий

жасыл

5

стронций

қызыл

13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Дәптерге жазу:қорытынды

*2- топтың  металдарының физикалық және химиялық қасиеттерінде ядро заряды атом радиусының артуымен заңды өзгеріс байқалады;

 *Кальций, стронций, барий – сілтілік-жер;

*Магний –орташа белсенді металл;

*Бериллий – амфотерлі элемент;

* Топта негіздердің ерігіштігі және негіздік қасиеті жоғарыдан төмен қарай артады.

2-3

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.  10-ЕТЖ-1жаттығу орындау.63бет,1-нұсқа №1-4.

5-7

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру

2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

     Параграф 6.5- оқу . № 1-3 – бірінші деңгей, 4,5,6 – жазбаша (164бет)

2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2