Главное меню

  • К списку уроков
§4.4.Химиялық тепе-теңдік.
12.08.2015 1145 0

Тақырыбы

§4.4.Химиялық тепе-теңдік.

 

 

 

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

«Химиялық тепе-теңдік» химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін факторлар, туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, білімді қалыптастыру;

 

 

 химиялық тепе-теңдіктің ығысуын анықтай білу,түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау ,  11-Б-2 көрсету .

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

 (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Химиялық реакцияның тепе-теңдігі.

1.Білімді жаңғырту:

Жеке  сұрақтар қою:

* Химиялық реакциялар бірдей  жағдайда жүре ме?

* Химиялық реакциялардың жылдамдығына не әсер етеді?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

 Нәтижесінде бастапқы заттар (реагенттер) толығымен реакция өнімдеріне айналатын химиялық реакцияларды  қайтымсыз реакциялар деп атайды.Бір мезгілде қарама-қарсы бағытта (тура және кері) жүретін  қайтымды реакцияларды деп атайды. Кез келген қайтымды реакция үшін бастапқы сәтте әрекеттесуші массалар заңынна сәйкес тура реакцияның жылдамдығы максимал мәнді,ал кері реакцияның жылдамдығы нөлге тең.Уақыт өте келе бастапқы заттардың концентрациялары кемиді,ал өнімдерінің концентрациялары артады. Демек,тура реакцияның жылдамдығы кемиді,кері реакцияның жылдамдығы артады.Ерте ме,кеш пе тура және кері реакцияның жылдамдықтары теңесетін кезең болады,ол кезде жүйеде тепе-теңдік күй орнайды.Оның жалпы химиялық теңдеуі:

        аА + bBD  c C+ dD

   Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандығы жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды.

 

Тепе-теңдік орнаға кезеңдегі әрекеттесуші заттардың концентрацияларын тепе-теңдік концентрациялары деп атайды.Әдетте олар моль /л-мен өрнектеліп ,квадрат жақшада беріледі,мысалы,[A],[B],[C],[D] және Химиялық тепе-теңдік бұзылғанға дейін олардың мәндері өзгеріссіз қалады.

    Қайтымды реакциялар жағдайында бастапқыда заттардың реакция өнімдеріне айналу дәрежесі  химиялық тепе-теңдік күйемен анықталады,оның сипаттамасы химиялық тепе-теңдік константасы(К) болып табылады.Ол сан жағынан реакция өнімдерінің тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісін бастапқы заттардың тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісіне бөлгенге тең.Тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының қатынасы кері реакцияға қарағанда тура реакция қанша есе жылдам журетінін көрсетеді.

   Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура(v тура )және кері(v кері) реакцияның жылдамдықтары мына теңдеулермен өрнектеледі:

            VТУРА=kТУРА[A]` [B]

         VКЕРІ=kкері[C] `[D]

 

   Әрбір қайтымды реакция берілген температурада бастапқы заттардың реакция өнімдеріне айналуын анықтайтын тепе-теңдік константасының белгілі мәнімен сипатталады.К>>1 алынған алынған заттардың концентрацияларының  көбейтіндісі бастапқы заттардың концентрацияларының  көбейтіндісінен көп есе артық болады. К<<1кезінде,керісінше реакция өнімдерінің шығымы өте аз.Бірінші жағдайда жүйенің тепе-теңдігі реакция өнімінің түзілу жағдайына қарай ығысқан,екінші жағдайда-бастапқы заттарға қарай ығысқан.

   Химиялық тепе-теңдік кезінде бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің концентрациялары өзгеріссіз қалады.Бірақ химиялық тепе-теңдікті статикалық деп ұғынуға болмайды.Қайтымды қайтымды раекциялар әдетте аяғына дейін бармайды.Тура және кері реакйиялар тепе-теңдікке жеткеннен кейін де жүріп жатады,бірақ олардың жылдамдықтары бірдей болғандықтан,жүйедегі өзгерістер байқалмайды.Сондықтан тепе-теңдік динамикалық деп аталады.

   Сонымен тұрақты температура кезінде қайтыды реакцияның тепе-теңдік константасы тепе-теңдік кезінде айқындалатын реакция өнімдерінің концентрациялары мен бастапқы заттардың арасындағы арақатынасты көрсететін тұрақты шама.

   Тепе-теңдік константасының теңдеуі тепе-теңдік жағдайында реакцияға қатысатын барлық заттардың концентрациялары өзара байланысты екенін көрсетеді.Кез келген осы заттың концентрациясының өзгерісі барлық қалған заттардың концентрацияларының өзгеруіне әкеледі,бірақ жаңа тепе-теңдік орнағанда,олардың арасындағы қатынас осы температураға сай тепе-теңдік константасымен сипатталады.

   Гетерогенді реакциялардың тепе-теңдік константасының өрнегіне тек қана газ немесе сұйық фазадағы заттардың концентрациялары кіреді.

   Тепе-теңдік константасының шамасы әрекеттесуші заттардың табығаты мен температураға тәуелді.Катализатор тура және кері реакциялардың белсендіру энергияларын бірдей шамаға өзгертетіндіктен,ол жылдамдық константаларының қатынасыны әсер етпейді.Демек,реакция шығымын арттырмайды және кемітпейді.Ол тек қана тепе-теңдіктің орнауын тездетеді.

  Қайтымды реакциялар жүргенде тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының теңелуі нәтижесінде жүйеде тепе-теңтеңдік орнайды.Тепе-теңдік берілген температурада тепе-теңдік константасының мәні арқылы сипатталады.

14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

 10-ЕТЖ-1 дәптерімен жұмыс орындау №1-4, 51бет

 

2-3

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

 

Қорытынды:

  Қайтымды реакциялар жүргенде тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының теңелуі нәтижесінде жүйеде тепе-теңдік орнайды.

  Тепе-теңдік берілген температурада тепе-теңдік константасының мәні арқылы сипатталады.

Дәптерге жазу.

 

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Жаттығуды  тексеру.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 

 параграф 4.4 № 6,7– жазбаша орындау. (112бет)

1-2