Главное меню

  • К списку уроков
§4.2.Химиялық реакциялардың жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері.
12.08.2015 1575 0

Тақырыбы

§4.2.Химиялық  реакциялардың жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері.

 

 

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

«Химиялық рекация жылдамдығына әсет етуші факторлар » туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіру, химиялық реакция жылдамдығыына әсер етуші  факторлар, әсер етуші массалар заңы туралы және Вант-Гофф ережесін түсіндіре отырып, білімді қалыптастыру;Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіре білу,қорытындылау.

 

Құрамы мен қаситтері,кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау.

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

 (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторлар

1.Білімді жаңғырту:

Жеке  сұрақтар қою:

* Химиялық реакциялар бірдей  жағдайда жүре ме?

   Химиялық реакциялардың жылдамдығына не әсер етеді?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Химиялық реакциялардың жылдамдығын оқытатын бөлім химиялық кинетика деп аталады. Реакция жылдамдығы бұл әрекеттесуші заттардың белілі уақыт бірлігінде біреуінің концентрациясының өзгеруі .Ол   әрекеттесуші заттар табиғатына ,концентрацияға,температураға тәуелді.

Химиялық  реакциялар газдар,сұйықтықтарнемесе осы заттар аралығында жүреді. Сондықтан реакцияның қандай фазада гетерогенді(әртүрлі фазада)

немесе гомогенді(бір фазада) жүйеде жүретінін ажырата білу қажет.

***А)реакция барысында бастапқы заттардың арасындағы химиялық байланыс үзіліп,реакция өніміне қарай жаңа байланыс түзілетінін естен шығармау керек..

Н2 + F2= 2НF  (г.) - бөлме  температурасында қопарылыс бере жүреді.

Н2 +Cl2= 2НCl  (г.) –- бөлме  температурасында реакция жүрмейді(электр  разряды немесе жарық әсері қажет)

Н2 +Br2= 2НBr (г.) – t=200-300 C

Н2 + I2   = 2НI  (г.)   -  t=500-700 C

Ag + Cl = AgCl l  - күшті электролит  еріттінділері арасында   реакция жылдам жүреді.

***Б) реакция жылдамдығы әрекеттесуші А, В,   заттарының концентрациясына тәуелді,бірақ реакция жылдамдығы тек концентрацияға тура пропорционал деуге болмайды:

 

                    V=k CA C B     кинетикалық теңдеуі.

 k жылдамдық константасы.Химиялық кинетиканың негізгі заңы әсер етуші массалар заңы деп аталады. Физикалық мағынасы  А , В =1 м/ л,                  .

 

***В)температураның өсуімен химиялық реакцияның жылдамдығы да артады да,соқтығысатын бөлшектердің энергиясы өседі және соқтығысқанда химиялық айналу болады деп болжауға болады.Сутек пен оттекті кәдімгі жағдайда араластырғанда химиялық реакцияның ешқандай белгісі байқалмайды,олар  өзгеріссіз ұзақ уақыт бірге бола болады.

Вант-Гоффа ережесі және Аррениус заңы.

Вант-гоффа ережесіне сай көптеген химиялық реакция жылдамдығы температураны әрбір10 С көтергенде гомогенді жүйеде  2-4 есе артады.Бұл санды температуралық Y - коэфициент деп атайды. 

VT1/VT2= Y T2-T1/10

            Жылдамдық константасының температураға тәуелділігін алғаш түсіндірген Аррениустың активті соқтығысу теориясы.Оның түсіндіруі бойынша химиялық әрекеттесуге  реакцияны жүргізуге жететін аз энергиясы бар тек активті молекулалар ғана түседі. Активтігі төмен молекулаларды қосымша энергия беру арқылы активтеуге болады,бұл үрдіс активтеу,ал берілген энергия активтендіру энергиясы деп аталады.Оны тәжірбие жасау арқылы анықтайды, кДж/м.   өлшенеді.

 Аррениуса теңдеуі:

k=Ae- Ea/RT

K -берілген реакцияның жылдамдық константа,    A   - пропорционалдық коэффициенті,     e - натурал  логарифм негізі.   R –универсал газ тұрақтысы ,     T-абсолюттік температура.

Катализдік реакция,  катализаторлар,  катализ,  ингибиторлар,  катализдік улану,адсорбенттер.

14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

 10-ЕТЖ-1 дәптерімен жұмыс орындау №1-4, 51бет

 

2-3

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

 

Қорытынды:

                        ӘРЕКТТЕСУШІ ЗАТТАРДЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ ӘСЕР ЕТУШІ МАССАЛАР ЗАҢЫМЕН АНЫҚТАЛАДЫ. МАСС;

                        ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН    ВАНТ-ГОФФ ЕРЕЖЕСІМЕН БАҒАЛАЙДЫ;

                        ТЕМПЕРАТУРАНЫ ӨСІРГЕНДЕ  АКТИВТІ МОЛЕКУЛАЛАР ҮЛЕСІ АРТАДЫ..

Дәптерге жазу.

 

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Жаттығу тексеру.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 

 параграф 4.2 № 3,6– жазбаша орындау. (51бет)

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2