Главное меню

  • К списку уроков
§3.2.Ковалентті химиялық байланыстың донорлы - акцепторлы механизмі.
12.08.2015 2420 0

Сыныбы – 10 (ж)         сабақ реті:                              күні________

Тақырыбы

§3.2.Ковалентті химиялық байланыстың донорлы - акцепторлы механизмі.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

 

дамытушылық:

тәрбиелік:

Ковалентті донорлы-акцепторлы байланыстың механизмі туралы білімді қалыптасытыру;

Берілген химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту;

 сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.

 

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

    Ковалентті донорлы-акцепторлы  байланыстың механизмі

3.Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):          

1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

·         Ковалентті байланыс не арқылы  түзіледі?

·         s және p байланыстың айырмашылығы неде?

·         Ковалентті байланыстың негізгі сипаттамасы  қандай ?

·          Ковалентті байланыстың қандай негізгі түрлері бар?

3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

 -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

 -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.                                                                                                                         Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

v  ковалентті байланыс

Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс тек электрон жұбы арқылы ғана емес басқа механизммен де түзіледі.Бұл донорлы –акцепторлы механизм арқылы  түзілетін ковалентті байланыс.Донор атомының екі электронды бұлты болады; ал акцептор –бос орбиталі бар,электрон жұбын  қабылдайтын бөлшек. Донорлы –акцепторлы механизм бойынша түзілетін байланысты Н3О+ оксоний ионынының түзілу мысалында қарастырайық.Сулы ерітіндіде іс жүзінде протон болмайды,себебі энергетикалық жағынан оксоний ионының  түзілуі тиімді:

Н2О + Н   Н3О+

Су молекуласында оттек атомының бөлінбеген жұп  электроны бар:

 

 

ОE

Сутек катионының бос  1s-орбиталі мен оттектің   жұп электрон бір-біріне жақындағанда электрон бұлты екеуіне оттек атомы және сутек атомына да ортақ болады. Донорлы- акцепторлы әрекеттесу нәтижесінде екі бөлшекті де байланыстыратын молекулалық электрон бұлты түзіледі:

2.Аммоний ионының ковалентті байланыс арқылы түзілуі:

Аммиак молекуласындағы азот атомында бөлінбеген бос  электроны донор,ал сутек ионы – акцептор(1 бос орбиталі бар)

Донор-бұл қос екі электрондық бұлты бар атом,ал акцептор бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталі бар бөлшек.

NH3       + Н+ = NH4+    5Н0=- 836кДж/моль

Донорлы –акцепторлы механизм бойынша түзілетін қосылыс комплексті(кешенді) қосылыстар деп аталады.Орталық атомды комплекс түзуші(N атомы)немесе кешентүзуші,ал оның жанына шоғырланған атомды лигандтар (Н+ ) деп атайды. Кешентүзуші мен лигандтар бірігіп ішкі сфераны түзеді.Лиганда саны координациялық сан деп аталады.

16-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

10-ППР-1бойынша жұмыс істеу.  №      

4-5

Білімді жүйелеу және қорытындылау

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:

 - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау

1.Дәптерге қорытынды жазу.

2-3

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

 -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру

2-3

 

 

 

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

     Параграф   3.2   оқу -, 1-4(89бет) –жазбаша  

2. Күнделікке жазғанын тексеру.

1-2

 Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

 Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2