Главное меню

  • К списку уроков
§1.10.Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.
12.08.2015 1677 0

Сыныбы – 10  (Ж)         сабақ реті:                              күні________

Тақырыбы

§1.10.Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы туралы алған білімдерін қалыптастыру;

теңдеуді талдау,түсіндіру,қорытындылау, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 10- ЕТЖ -1

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, ерігіштік кестесі,10- ЕТЖ -1.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

2.Нашар үлгерушілермен жұмыс: кеңесшілер көмегі.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

 (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

 Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы

1.Білімді жаңғырту:

1.Фронталды сұрақтар:

* Аквохимия деген не? ?

* Бренстед теориясы неге протондық теория деп атайды?

* Иондық теориясы көзқарасы бойынша қышқыл және негізге анықтама беріңдер?

* Солбважүйелер теориясы бойынша қышқыл және негізге анықтама беріңдер

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

      Жаңа сабақты түсіндіру:

 

1939  ж белгілі кеңес химигі ,КазКСР Ғылым академиясының  академигі Михайл Ильч Усанович қышқылдық – негіздік  әрекеттесудің  жаңа теориясын ұсынды .Бұл теория сендерге белгілі  басқа теориялармен салыстырғанда  қышқылдық – негіздік әрекеттесудің  табиғатын кеңінен қарастырады . Мұнда әрекеттесудің  өнімдері  тұздар болып табылады деп есептейді . Усанович теориясы бойынша , тұз – қышқылды негізбен (немесе негізді қышқылмен) бейтараптау реакциясы  нәтижесінде түзілген өнім .

   Қышқыл - катионды беруге (мұнда протон да кіреді ) немесе анионды (оның ішінде электрон да бар )  қосып алуға қабілетті  бөлшектер , ал негіз – анионды  беруге немесе катионды қосып алуға  қабілетті  бөлшектер .

Михайл Ильич Усанович

   Химия ғылымдарының докторы  , профессор , ҚазКСР Ғаның академигі ,Өзбекстан КСР және Қазақстан КСР-нің  ғылымға еңбек сіңірген қайраткері . Дүние жүзіне белгілі  қышқылдар мен негіздер теориясының  авторы , аты әлемге әйгілі  ғалым

  Ғылыми еңбектері  ерітінділер табиғаты  саласына арналған . Сулы және бейсулы ерітінділер  табиғатын зерттеу негізінде  тұжырымдалған қышқылдар мен негіздер  теориясы әлемдік  ғылыми әдебиетке «Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы» деген атаумен енген.                                                          

                                     +                    -

   Егер қышқылды – Қ , негізді –Н, Катионды – К    және анионды – А    әріптерімен белгіленсе , онда бұл анықтамаларды  сызбанұсқа түрінде былай белгілейді  .

                +        +                                 -       -

Қ: -  К  ( Н   ) немесе + А   (е)

-   -                                   +         +

Н: - А   (е)  немесе  + К  ( Н ) 

  Бұдан бұрынғы келтірілген  анықтамаларға көңіл аударсақ , иондық , сольважүйелер  және протондық теориялар анықтамалармен  дәл келетінін атап өтуге болады . Басқаша айтқанда , қышқыл мен негіздің бұрын белгілі анықтамасы Усановия теориясында да сақталады . Сондықтан оның теориясын «Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің  жалпылама теорисы » деп аталады , ал алдындағыларды  жалпы теориға бағынатын  дербес теориялар деп есептейді .

  Усанович теориясы бойынша  тұз түзе жүретін кез – келген процес  бейтараптану  теакциясына жатады . Ке келген тұз ктионнан  яғни қышқылдан және  анионнан яғни негізден тұрады . Шынында да катионның анионды қосып алу қабілеті  болғандықтан ол қышқылдық қасиет көрсетеді , ал анионның катионды қосып алу қабілеті болғандықтан негіздік қасиет көрсетеді .

   Мысалы сулы ортады  тұнба түзіп жүретін реакцияны алайық .

        2+                            2-                    

   Са       +      СО3                  СаСО3

                                                                            

қышқыл        негіз                   тұз 

 

немесе еритін қосылыстың  диссоциациялану процесі:

                                             2+                            -



BaCL2                  Ba       +    2 CL

            

тұз                    қышқыл       негіз

  Осыдан катион мен анионның  өзара қосылуын немесе   олардың бөлінуін  қышқылдық – негіздік  қасиеттің  көрінуі  түрінде қарастыру керек екендігі  көрінеді .

   Қышқылдық – негіздік әрекеттесудің  жалпы теориясын түсіндіру үшін  нақты мысалдар қарастырайық .                                                                        2-

  Су күкірт қышқылының  ангидридімен әрекеттескенде О   анионын  беріп негіз болса , ал күкірт (ҮІ)  оксиді  анионды өзіне қосып алып  қышқыл болады .

Н2 О  +SO3 =    H2SO4   (күкірт қышқылының  халықаралық атауы  тұздың атауына ұқсас – сутек сульфаты)               

    SO3    +   К2О   =      К 2SO4                    

Бұл реакция да  бейтараптану реакциясына жатады , өйткені бастапқы күшті қышқыл  SO3 және күшті негізден К2О  , әлсіз негізбен  SO4 - әлсіз қышқылдан К+  тұратын тұз алынады .

  Мұндай талқылаулар  протондық теорияны түсініргенде де қолданылды . Демек , Бренстед теориясы бойынша  жасалған қорытындылар Усанович теориясы үшін де дұрыс .

  Усанович теориясы бойынша түзілуде басты орын  әрекеттесуші бөлшектерге бөлінген .Бұл белгі бойынша қышқылдық – негіздік  әрекеттесуге бізге таныс  көптеген процестер жатады . Мысалы :

   1. Zn (OH) 2    + 2  HCL  = ZnCL2   +2 H2 O

                                                                                         

 

   2. ZnO   + 2  HCL  = ZnCL2  + H2O



   3 . Zn + 2  HCL  = ZnCL2  + H2


                     -                                                         

                 2  е

  4. . Zn + CL  = ZnCL2 

                                       

 

 Бірінші реакцияның  қышқылдық – негіздік реакцияға жататының Аррениус  теориясы  көмегімен дәлелдеуге болады . Өйткені оксоний ионы  гидроксид ионымен  бейтараптанады . Бұл теорияларға  сүйеніп , қалған үш реакцияның  жүру механизмін  қышқылдық – негіздік әрекеттесу  тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес .

  Усанович теорисы бойынша  барлық 4 реакция  қышқылдық – негіздік  әрекетесуге жатады , өйткені  олардың барлығында  тұз – мырыш хлориді  түзіледі . Олардың біріншісі-  дәстүрлі аквоқышқылдың  аквонегізбен  әрекеттесуі болып табылады . .Екіншісі тұз қышқылы мен  аквоқышқылдан суды  аластатқанда түзілетін  ангидриттің  бейтараптануын сипаттайды . Үшінші реакцияның теңдеуінен металл-  негіз екеіні көрінеді , өйткені ол өзінің  электрондарын беріп , тұз қышқылымен бейтараптанады . Төртінші реакцияда  мырыш атомы қышқылмен – хлор молекуласының  электрондарын қосып  алып бейтараптанады . Нәтижесінде сол тұз – мырыш хлориді түзіледі .

  Усанович бойынша , жоғарыда келтірілген  қышқыл мен негіздің  анықтамалары тотығу  мен тотықсыздану  реакцияларын  қышқылдық – негіздік  әрекеттесуге  жатқызуға мүмкіндік береді . Шындығында Усанович теориясы бойынша  мырыштың хлормен  тотығуы кезінде  жүзеге асатын негізден қышқылға  электрондардың ауысу процесі , қышқыл мен негіз арасындағы бейтараптану реакциясына  сәйкес.

 

6-7

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. 10- ЕТЖ -1 жұмыс істеу:   № 1,2,3,4 нұсқа1,2 .(8бет)

20-22

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

 

-тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

  Жеке сұрақтар:

·  Усанович теориясын жалпылама теория деп атайды?

·  Магний сульфатын алуға болатын реакция теңдеулерін құрастырып,оны Усанович теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.

 

2-3;

 

 

Білімді тексеру

 

және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

-оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,10 оқу. № 3-6– жазбаша орындау. (39бет).

 

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2