Главное меню

  • К списку уроков
§1.9.Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.
12.08.2015 711 0

Тақырыбы

§1.9.Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

қышқылдар және негіздерге еріткіштердің әсері туралы алған білімдерін қалыптастыру;

 

 еріткіштердің түсіндіру, талдау,қорытындылау,есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау.

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, ерігіштік кестесі.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

2. Нашар үлгерушілермен жұмыс: кеңесшілер көмегі.

 

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

 (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.

1.Білімді жаңғырту:

.Фронталды сұрақтар:

·  Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидалары қандай?

·  Натрий хлориді және күміс нитраты;  натрий гидроксиді және алюминий хлориді арасындағы ион алмасу реакцияларын құрастырыңдар  (молекулалық,  толық және қысқартылған  иондық)

 

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

      Жаңа сабақты түсіндіру:

 Бренстед  теориясына сүйеніп , кейбір қызықты  деректерді түсінуге болады . Мысалы хлорсутектің  молекуласы өте берік , кәдімгі жағдайда  және сұйылған күйде  электр тогын өткізбейді , себебі  иондарға ыдырамайды .Бірақ суда ерігенде  ол өзінен протон бөледі , ал ол -  бірден су молекуласымен   гидраттанады . Протонның  гидраттану энергиясы  1130 кДЖ/моль.

   +                                 +                 0

Н + Н 2О =   Н   О           Н  гидраттану     =   -1130кДж/ моль

Хлор ионы да  аздаған мөлшерде  энергия бөліп  гидраттанады

CL+H2 O  = CL*nH 2O     H гидраттану     =  -322 кДж/моль

                                        

Бұл энергиялардың  қосындысы хлорсутек  молекуласын  иондарға ыдыратуға  қажет энергия  мөлшерінен артық .

            +                                0



   HCL        H  +   CL          H иондану   =  1377кДж/моль

   Демек хлорсутектің  әрбір молін  суда еріткенде  1377 + (-1130-322)=-75кДж/млдь  жылу бөлінеді , ол ерітіндіні әжептәуір жылытады .

                                 +                                             0



 HCL+  (n+1) H2  O      H3 O +  CL  *  nH2 O       H реакция =-75кДж/моль

                                                                        

Бұдан еріген заттың  қасиетіне еріткіш , яғни су айтарлықтай  ететіні көрінеді . Бұл Аррениустың  иондық теориясыда судың  судың инертті  орта сияқты әсерінің  ескерілмеуіне қате болмауына  тағы да біздің  көзімізді жеткізеді .

Жоғарыда айтылғандай ,  протонды  жеңіл беретін  және толығымен  иондарға  ыдырайтын қышқылдар – күшті қышқылдар , ал протонды  қиын беретін - әлсіз қышқылдар болып табылады . Мынадай сұрақтар туындайды : Қышқыл молекуласынан  протонды үзіп алуға  қажет энергия қайдан  алынады ? Бұл жерде енді еріткіштің  табиғаты басты рөл атқарады .Судың құрылымы бұрышты , сондықтан ол диполь , электрон бұлтының  ығысуынан оның молекуласының  оттекті бөлігі  теріс зарядталған , сутек  атомдары орналасқан бөлігі – оң зарядталған .

Судың дипольдік  молекуласын шартты түрде  былай белгілейді .

 

                                                                                   +

 Су дипольінің  әсерінен  қышқыл молекуласынан  бөлінетін «жалаңаш» протон Н   су молекуласына қосылады , бұл кезде  энергияның  едәуір мөлшері  бөлінеді

   +                           +                     +                             0


Н + Н2О        Н * Н2 О(Н3О)                  Н1   = - 690 кДж/моль

                                                                                   

 

Бұрын қышқыл молекуласынан  протонды үзіп алуға  жұмсалған энергияның  шығыны гидраттану энергиясының есебінен  толықтырылатыны  айтылды .Кез келген  еріткіш молекуласы  еріген заттың  протонын қосып алғанда  бөлінетін энергияны протонтартқыштық  деп айтады  және П әріпімен белгілейді .

Егер  кейбір маңызды  еріткіштерді  протонтартқыштықтың азаюы бойынша

 орналастырса , мынадай қатар алады .

NH3  , NH4  , H2 O, HCN, HF,HPO3   , H2S ,HNO ,HCL, H2 SO4  HBr, HCLO

                                                                                                           4                              

Бұдан екі еріткішті  араластырғанда қатардың басына  жақын орналасқан негіз ролі  атқаратыны,  ал қатардың соңына жақын орналасқаны  қышқыл болып табылатыны анық  көрінеді . Бұ қатардың ортасында  орналасқан еріткіштер  екідайлы қасиет көрсетеді  Бұл тұжырымдаманы  дәлелдеу үшін  берілген мысалды қарастырайық .

Егер сусыз күкірт қышқылын суда ерітсе , онда протьон  су молекуласына қосылады , өйткені оның протонтартқыштығы  қышқылға қарағанда  жоғары болады .

             H


                                          

                                       

                                   +


H2 SO 4                + H 3O        H2  O  + H2 SO4


                                                

 

   Мұндай протолиттерге тән  екі жақты әректесудің  болуын олардың электөткізгіштігі  бойынша қарастыруға болады . Шынынды да олар жекелеген  электр  тогын мүлдем өткізбейді , бір – бірімен араластырғанда  олардың қоспасы  электрөткізгіш болып табылады . Бұл олар әрекеттескенде катион мен анионнан тұратын  электролиттер түзілуімен түсіндіріледі .

                                           Ерітінділер теориясы:

Физикалық теория                                                          Химиялық теория

Еру- диффузия құбылысы.                       Еру-еритін заттың сумен химиялық

Ерітінділер –біртекті қоспалар                  әрекеттесуі гидратация деп аталады

                                                                      Бұл химиялық қосылыс

  (Вант-Гофф, Аррениус, Оствальд)              (Менделеев,Каблуков, Кистяковский)                    

 

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Кітаппен өз бетінше жұмыс: параграфты оқып 1-4,6-8 сұрақтарға жауап беру (36беті).

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

 

-тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Фронталды сұрақтар:

·  Еріген заттың қасиетіне не қатты әсер етеді?

·  Кез-келген ерітіндінің молекуласы бөлетін энергияны қалай атаймыз?

·  Екі еріткішті араластырғанда қандай негізге негіздік қасиет тән болады?

·  Екі жақты әрекеттесу деген не?

 

 

Білімді тексеру

және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:

 

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,9 оқу. №5– жазбаша орындау. (36бет) .  

 

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.