Главное меню

  • К списку уроков
§1.8. Протондық теория.
12.08.2015 1322 0

Сыныбы – 10 (Ж)          сабақ реті:                              күні________

Тақырыбы

§1.8. Протондық теория.

 

 

 

 

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

қышқылдық және негіздік әрекеттесулер теориясы, иондық реакциялар, электролиттік диссоциациялану туралы алған білімдерін қалыптастыру;

 

 протондық теорияға сәйкес қышқыл ,негіздерді ажырата, қасиеттерін сипаттай білуін, түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 9- ЕТЖ -5, 10- ЕТЖ -1

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 9- ЕТЖ -5, 10 - ЕТЖ -1

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

 (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Иондық реакциялар.

1.Білімді жаңғырту

Фронталды сұрақтар:

·  Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидалары қандай?

·  Иондық реакциялар деген не?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

      Жаңа сабақты түсіндіру:

ПРОТОНДЫҚ ТЕОРИЯ

  Қышқылдық – негіздік  әрекеттесулер туралы  жаңа түсінік  1923 ж.Дания ғалымы И.Бренстед  ұсынған протондық теория  негізінде пайда болды . Мұнда басқа бөлшектермен  салыстырғанда  шамасы мыңдаған  есе аз ерекше бөлшек – протонға  басты рөл берілген . Протон өте белсенді , өйткені оның сыртқы  электрондық қауызы жоқ  және басқа атомдармен , иондармен , молекулалармен  қосылуға қабілетті .

  Протондық теорияға сәйкес  протон беруге қабілетті бөлшектерді (молекула немесе ион ) – қышқыл ,  ал протонды  қосып алатын  қабілеті бар бөлшектерді -  негіз деп атайды .

  Протондық теория  тұрғысынан  протолиттік  алмасу реакциясына жататын  газтектес аммиак  пен хлорсутектің  әрекеттесуін қарастырайық :

                               +            -

NH3  + HCL    NH4  + CL

                                        

 

  Бұл протолиттік реакция  теңдеуінен басты ерекшелігі -  бастапқы қышқыл мен  негізден  жаңа қышқыл  мен негіздің  түзілуі болып табылатынын  көруге болады .

Протолиттік реакцияны  жалпы түрде   мынадай сызбанұсқамен  береді :

 

НА         +  В          ВР        +    А 

І қышқыл       ІІ негіз     ІІ қышқыл          І негіз

 

 Бастапқы қышқыл НА (І қышқыл) В (ІІ негіз ) негізбен әрекеттесіп ,  нәтижесінде  жаңа қышқыл  ВН (ІІ қышқыл)  түзіледі . І қышқылдан алынған жаңа негіз  А І негіз деп аталады .Бұл бастапқы қышқылдан  (І) және  және негізден (ІІ)  әрқашанда жаңа  іліктес қышқыл (ІІ) және негіз (І) алынатынымен  түсіндіріледі .  Сонымен А ионы – қышқыл . , НА іліктес негіз , ал ВН ионы  В негізге іліктес  қышқыл . Іліктес қышқылдық – негіздік  жұпта әрқашан күшті  негізге әлсіз  қышқыл сәйкес  келеді . Біздің мысалымызда :

                     +

NH  + H      NH

        3           3

І негіз           ІІ қышқыл

(күшті)           (әлсіз ) 

 

керісінше  күшті қышқылға  әлсіз негіз  сәйкес келеді .

                    +

HCL         H      +   CL

І негіз   ІІ  негіз

(күшті)    (әлсіз)

  Осыдан – ақ  аммиактың  хлорсутекпен  бейтараптану  реакциясы  негізінен тура  бағытта  жүретіні  анық көрініп тұр , өйткені бұл кезде  түзілген өнімдер  әлсіз қышқыл  және  әлсіз негіз болып табылады .

   Протолиттік  реакцияға  тағы бір мысал -  хлорсутектің  суда ерігенде  қышқылға  айналуын алайық .

 

   

 

                                              

                        +                  -

HCL   + H O         H O + CL

                  2       3

І қышқыл    ІІ негіз           ІІ қышқыл  І негіз

 

Бізге белгілі Аррениус – Каблуков  түсінігі  бойынша  хлорсутектің  судағы ерітіндісінің  күшті қышқылдық  қасиеті бар ,  себебі  ол көп мөлшерде  оксоний иондарын Н3 О түзеді.

                                                                                                                                                                                                             

  Сонымен қатар Бренстедтің  протондық теориясы бойынша да  сусыз хлорсутек  қышқыл болып саналады, себебі  ол өзінен  пртонды үзуге  қабілетті.Басқаша айтқанда ,жоғарыда келтірілген  протолиттік реакцияның  тепе – теңдігін сақтау  осы екі қышқылдық  қасиеттеріне тәуелді , себебі оған  қатысатын екі негіз  де Н О және  CL -  әлсіз .

                                                                                                                           2

  Протолиттік теория бойынша  қышқылдар мен негіздерге  бейтарап  молекулалар  және иондар жатады . Сондықтан оларды  бейтарап ,  катионды және анионды  қышқылдар мен негіздер деп бөледі .

  Кейбір еріткіштер  мысалы су , аммиак , этил спирті  өздерін екідайлы  қосылыстар  түрінде көрсетеді , өйткені олардың  өздерінің  протондарын бөліп  жіберу  және өзгелердің протондарын қосып алу  қасиеттері бар . Барлық  гидроаниондар  қышқылдық та , негіздік те қасиет көрсетуі мүмкін .  Сондықтан протолиттік теория бойынша  қышқылдық және негіздік қасиеті бар  бөлшектердің  саны күрт артады .

  Сандық бағалау , яғни диссоциациялану  константасы , тепе- теңдік константасы , сутектік көрсеткіш  және  маңызды параметрлерді есептеу Бренстед  теориясы  негізінде ұсынылған  математикалық  теңдеулермен жүзеге асырылады .Протондық теория  қазіргі кезде кең таралған  теориялар қатарына жатады .  Ол протолиттік  әрекеттесуді  біріңғай жүйе  түрінде қарастырады .

15-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

 10- ЕТЖ -1  дәптерімен жұмыс орындау ,2 нұсқа 9 бет

1.Жаттығу 1-4.кітаптың 33беті.

2-3

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

 

-тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығуды тексеру.

Дәптерге жазу.

Қорытынды:

1. Бренстед ұсынған протондық теория-протон қатысында жүретін протолиттік  реакцияларда,үнемі жаңа қышқыл және жаңа негіз түзілетінін көрсетеді.

 2. Қышқыл және негіз іліктес жұп түзеді.

 3. Протондық теорияға сәйкес қышқылдар және негіздер бейтарапты,  катионды және анионды болып бөлінеді.

6-7

 

Білімді тексеру

және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,8 оқу. № 6,8– жазбаша орындау. (34бет) .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2