Главное меню

  • К списку уроков
§1.6.Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Лабораториялық тәжірибе№1.
12.08.2015 1347 0

Сыныбы – 10  (ж)         сабақ реті:                              күні________

Тақырыбы

§1.6.Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Лабораториялық тәжірибе№1.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

Ерітінділер,қышқыл және негіздердің иондық теориялары, электролиттік диссоциациялану туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, білімді қалыптастыру;

 

 иондық теорияның қолданылуының шектеулі екендігін газтектес заттар мысалы арқылы түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 9-ППР-5, 10-ППР-1

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 9-ППР-5, 10-ППР-1,  0.5г кальций оксиді,  индикаторлар,  қышқыл,сілті ерітінділері, мыс сульфаты,  цинк хлориді

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

 (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Ерітінділер .

1.Білімді жаңғырту:

 

.Фронталды сұрақтар:

·  Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидалары қандай?

·  Қандай заттарды электролиттер және бейэлектролиттер деп атайды?

·  Мысал келтіріңдер.

·  ЭД теориясын кім ұсынды?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

      Жаңа сабақты түсіндіру:

Лабораториялық тәжірибе №1. Аррениус теориясы:

Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған. С. Аррениустың иондық теориясы қышқылдар сулы ерітінділерінде  катион ретінде тек сутек ионын түзетін электролиттер, негіздер- сулы ерітінділерінде  диссоциацияланғанда анион ретінде тек гидроксид ионы түзетін электролиттер деп қарастырады.

Қышқылдар сумен әрекетескенде оксоний ионын түзеді  Н3О+

                          МысалыHNO3===H++NO3

                                           НС1---------Н++С1

                                           Н2SO4----H++HSO4

                                            HSO4 -------H++SO42

Барлық қышқылдар ерітіндісі үшін сутек ионының болуы қышқылдарыдың қасиетін анықтайды. Қышқылдар- сулы ерітінділерінде  диссоциацияланғанда катион ретінде тек сутек ионы түзілетін күрделі заттар Қышқыл анионы деп қышқыл қалдығын атаймыз.

Металл гидроксидтері суда ерігенде гидроксид-ион  түзіледі.Сілтілердің суда еру процесі  былай жазылады:

NaOH----Na +OH

Ca(OH)2----Ca +  2OH

Барлық сілтілер ерітіндісі үшін гидроксид -ионының болуы ,негіздердің  қасиетін анықтайды. Негіздер- сулы ерітінділерінде  диссоциацияланғанда анион ретінде тек гидроксид ионы түзілетін күрделі заттар. Негіздер анионы  деп гидроксид тобын атаймыз.

Барлық тұздар ерітіндісі сулы ерітінділерінде  диссоцияланғанда металл катионына және қышқыл қалдығы анионына ыдырайды.Мысалы : орта тұздар:

Na2SO4---2Na+SO4

KNO3----K+NO3

 Тұздар- сулы ерітінділерінде  диссоциацияланғанда металл катионы,сутек анионы түзілетін күрделі заттар.Сулы ерітіндіде барлық иондар гидраттанған түрде болады.

Иондық теорияны қышқылдық негіздік әрекеттесу тұрғысынан қарастырайық:

                                    Н3ОС1 +КОН ===КС1 + 2Н2О

                                    Н3О +ОН ==2Н2О. 

Бұл процесте оксоний ионыны гидроксид ионымен бейтараптанады.Бұдан шығатын қорытынды қышқылдық қасиет тек оксоний ионына тән,ал негіздік қасиет-гидроксид ионына тән.Бұл иондар өзара байланысып тұз түзеді.

 Иондық теорияның қолданылуының шектеулі екендігі.

20-22

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

 9- ЕТЖ -5;10- ЕТЖ -1  дәптерімен жұмыс орындау №1-3, 8 бет (№1)

1.Жаттығу 1-4.кітаптың 28беті.

 

 

2-3

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығуды тексеру.

Дәптерге жазу.

 

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1.Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:

Қорытынды: 

*Қышқыл,тұз, негіздердің судағы ерітіндісінің диссоциациялануынан  қасиетін сипаттайтын иондар түзіледі.

* Қышқылдар- сулы ерітінділерінде  диссоциацияланғанда катион ретінде тек сутек ионын және қышқыл қалдығы ионын  түзеді.

*Негіздер- сулы ерітінділерінде  диссоциацияланғанда металл катионы, гидроксид анионын түзеді.

* Тұздар- сулы ерітінділерінде  диссоциацияланғанда металл катионы,сутек анионы түзеді.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,6 оқу. № 5,8– жазбаша орындау. (28бет) .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2