Главное меню

  • К списку уроков
Сыныптан тыс шара "Химиялық кеш "Химия - қызықты әлемінде"
12.03.2015 3193 335 Мусагалиева Альбина Бекболатовна

Мақсаты:

  1. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
  2. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
  3.  Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: плакаттар, шарлар,слайд шоу,зертханалық құрал жабдықтар.
                                      Көруге химия кешін жиылғандар,

              Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

            Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

                         Тамашалау бақыты бұйрғандар- дей келе бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Кешімізді бастамас бұрын оқушыларымызды химиктер қатарына қабылдап алайық. Химиктер қатарына қабылдау үшін сіздер ант берулеріңіз керек.

«Біз, оқушылар, химия сабағында  тәртіпті болуға,қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі үй тапсырмасын  орындап жүруге , барлық сұрақтарға жауап беруге ант етеміз!»

   Әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстырып өтейік:

 

1.............................

2. ...........................

3.............................

 8 сынып оқушыларының  орындауында хор :  «Химикаттарым»  

Кешіміздің жоспарымен таныстырып өтейін:

1. Топты таныстыру.

а) топтың аты (химияға байланысты болу керек)

ә) топ басшысын сайлау

б) топтың ұраны

г) топтың эмблемасы

2. Кім тапқыр?(сұрақ-жауап сайысы)

    Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

3. «Химия тұрмыста» химиялық жарнама

 «Ғажайып химия »

    (Қызықты тәжіриебелер көрсету)

4. Кім тез, кім жылдам?(сұрақ-жауап)

5.«Қара жорға би » (Формула табу)

6.  «Жұмбақтар әлемі» 

7.  Топ басшылар сайысы

8. Химиялық тілде құттықтау

1.« Сәлем сөздің анасы» топтардың атын қорғауы, ұраны

2.   Адамнан ғылым айла асырмаған

      Құпиясын құлыптап жасырмаған

       Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп

      Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –дей келе келесі тапсырмам бойынша

әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.

 

«С» әрпі

1.Химиялық элемент(сутегі,скандий)

2.Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)

3.Металл (сынап)

4.Қышқыл (сірке қышқылы)

5. І валентті элемент (сутек)

6.Физикалық құбылыс (судың қатуы)

7.Натрий гидроксиді (сілті)

8.Судың агрегаттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.

3.Бейметалл (көміртек,күкірт)

4.Сілтілік металл (калий)

5.Екі валентті элемент (калий)

6.Химиялық құбылыс (көмрдің жануы)

7.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

8.Химиялық  байланыс (ковалентті)

«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2. ІІ валентті элемент (магний)

3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)

4.Атомдар нені құрайды (молекула)

5.Темір қандай затқа  тартылады (магнитке)

6. Калий перманганаты (марганцовка)

7.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

8.Темір (металл)

 

2.  Химия-жыр әніміз, шаттанамыз

Ән арнап,өзіңе біз мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы Қазақстан

Әнге қосып өзіңді біз айтамыз.

3. Химиялық жарнама «Химия тұрмыста»  

4. Кім тез, кім жылдам?(сұрақ-жауап)

Оқушыларға сұрақтар қойылады  жауабын тез –тез орын ауыстыру арқылы көрсету керек.

1 топ:

1.Салыстырмалы атомдық массасы 14 тең қандай элемент?  Азот

2.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі?  Озон

3.Күрделі бөлінбейтін бөлшек?  Атом

4. Инертті газды ата?  Неон

(А,З,О,Т,О,Н,М,Е)

2топ:

 1.Кез –келген заттың оттегімен әрекеттесуі? Жану

2.Ғаламшардың аталуы ? Уран

3.Оттегі қай топта орналасқан? Алты

4.Жану реакциясы кезінде не бөлінеді? Жылу

(Ж,А,Н,У,Р,Л,Т,Ы)

3топ:

1.Тұрмыста ағартқыш ретінде,суды залалсыздандыруда қолданады? Хлор

2.Салыстырмалы атомдық массасы 81 тең қандай элемент? Бром

3.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?  Моль

4. 4 период 6 топтың қосымша топшасында орналасқан элемент ата? Хром

(Х,Р,О,М,О,Б,Л,Ь)

«Ғажайып химия »

    (Қызықты тәжіриебелер көрсету)

5.Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған. Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия ғажайыптарына» назар аударсақ.

Топтардың тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіруі.

1.«Жанбайтын орамал»

2. «Эскимо  балмұздағы»
3. «Жанартаудың атқылауы»
4. «Сіріңкесіз от жағу»

5. «Құпия қолтаңба»

 

6. Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте жұмбақтарды шешу.

1топ:

1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)

2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)

2топ:

3)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)

4) Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)

3топ:

1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)

2.Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)

7.Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын.
Дүниенің көркін болжамай, - демекші оқушыларымызды «Оксидтер» ойынын ойнауға шақырамыз. Ол үшін мына металдар мен бейметалдардың оттекпен қосылысын, оксидтер болып бір-бірімізбен жұптарымызды табамыз. Тапкан жұптарымызбен бәріміз «Қара жорға» биіне билейміз.
(Ca.O.AL2.O3.Na2.Mg.O.Fe2.Cr) 

Жауабы:  CaO.AL2O3, Na2 O

8.Таң қалдыршы қауымды бұл топ басшы,

Сен тобыңның бетке ұстар ел басы.

Бір білімнің топқа ортақ тілі-сен,

Даңқы болар сайыстың  бұл білімгер.

Әр топ басшыдан шығып есептер шығарады

Есеп -1:   10 г   кальций жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасын есепте

Есеп-2:    10 г  магний жанғанда түзілетін магний оксидінің массасын есепте

Есеп-3:    10 г   мырыш жанғанда түзілетін мырыш оксидінің массасын есепте

9. Химия-жыр әніміз, шаттанамыз

Ән арнап,өзіңе біз мақтанамыз.

Кең байтақ кенге толы Қазақстан

Әнге қосып өзіңді біз айтамыз.

Химиялық тілде құттықтау: оқушыларға сөздер беріледі, сөз құрап құттықтау лебізін айту керек.

1топ: алтын,су,темір

2топ:күміс ,болат

3топ:көмір,алюминий

Алтындай ардақты,

күмістей салмақты,

суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары,

көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын

cіздерге темірдей қатты,

болаттай мықты денсаулық,

көмірдей қара көздеріңіз бен,

алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып.

Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.

Менделеев белгілі ірі тұлға,

Ерен ойлы, малынған асыл нұрға.

Еліктеумен ізденіп мен де келем,

Бойым балқып жай табам, нұр мен сырға.-деп бүгінгі кешіміздің қорытындысын сарапшыларға сөз берелік.

Кеш қорытындысы айтылып, соңынан жеңімпаздар марапатталады,сыйлықтар таратылады

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.