Главное меню

  • К списку уроков
География "Жердің құрылысы" 6 сынып
25.08.2015 1575 139 Касыбаева Айнур Багдатовна

МАҚСАТЫ 1. Білімділігі:Оқушыларға жердің сыртқы құрылысы, жер қабықтары, мантия, ядро, жер қыртысы туралы ойларын қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Топта ынтымақтастық пен сыйластықта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой - өрісін дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР Жекелей, жұппен, топпен жұмыс.
КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ БАҒАЛАУ РЕСУРСТАР
Білу.
Ұйымдастыру кезеңі ((2 минут)
І. Оқушылармен сәлемдесу.
• Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық ахуал
Амандасады.
- Өте жақсы бір – бірімізге жылы лебімізді білдірейік.
- Күніміз жарқын болсын!
- Аспаңымыз ашық болсын!
- Күніміз сәтті болсын!
- Деніміз сау болсын! (1 мин) Жарайсыңдар, жақсы.

«Қима сурет» жердің ішкі құрлысының суретін жинақтау арқылы топқа бөлу
Бағалау парағы, бағалау критерийлары беріледі
Сынып оқушылары 5 адамнан 4 топқа бөлінеді. Топтың атын ережесін айтады.

Үй тапсырмасы
(5 минут)
Сұрақтары:
1. География дегеніміз не?
2. Экономикалық география дегеніміз не?
3. Физикалық география дегеніміз не?
4. Ұлы географиялық ашылулар қай ғасырдан басталды?
5. Азимут дегенім не?
6. Масштаб нешеге бөлінеді?
7. Глобус дегеніміз не?

Доп лақтыру арқылы сұрақтар бір – біріне қояды жауап береді. Үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалау .
Смайлик әдісі бойынша бағалау Оқулық
Түсіну. Жаңа сабақ
(5 минут)
Миға шабуыл.
Балалар, бейне материалға назар аударамыз.
Видео материалдан не білдіңіз?
Сабаққа байланысты қандай мақсат қоясыңдар?

АКТ арқылы білім алу.
Жердің құрылысын білдік (жер қыртысы, мантия,ядро).
Мақсаты: Жердің сыртқы, ішкі құрылысын білеміз.
Интерактивті тақта
Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз
&15 «Жердің құрылысы» 45 бет
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерге жазу: «Жердің құрылысы»
Смайликтер арқылы бағалаймын Оқулық, косымша материалдар
Қолдану.
Топтық жұмыс
(10 минут) Әр топ бірігіп жұмыс жасап, қорғайды
Постер құрастыруға нұсқау беру, постерді салу, қорғауға дайындалу.
1-топ:
Постерге жердің құрылысын түсіру. Спикер топтың атынан постерді қорғайды.
2-топ:
Макет бойынша жердің құрылысын көрсету
3-топ:
Атмосфера Биосфера Гидросфера Ортақ белгілері. Сызбанұсқамен келтіру.
4- топ:
АКТ арқылы слайд құрастыру.
Смайликтер арқылы бағалаймын Оқулық, косымша материалдар
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
(1 минут) «Жер қыртысы, мантия, ядро» ойыны
Оқушылар жұппен тұрып, кезекпен Ядро, Мантия және Жер қыртысы атайды.
1 – отыру
2 – орнымызда секіреміз
3 – орнымызда айналамыз.
Талдау.
Жинақтау.
Бағалау
Ой тұжырым.
(10 минут)
Сен біздің Жер ғаламшарымыз өзара байланысқан әр түрлі қабықтардан тұратынын білесің. Жұмбақтарды шеше отырып, ол Жердің қай қабығына жататынын анықта.

Кіріктірілген бөлім
(4 минут)
Рефлекциялық бағалау кезеңі
(7 минут)
1- топ: Жердің ішкі құрылымы
Жер қыртысына қандай құбылыстар кіреді?
2-топ: Мәтінді толықтыр.
Жердің ішкі құрылымы , , деген қабықтардан тұрады. Ең жұқасы жердің үстіңгі қабығы - . Жер қыртысының қалыңдығы біркелкі емес. Таулы аудандарда олардың қалыңдығы шақырымға жетсе, мұхит табанының астында шақырымға жетеді. Жер қыртысының астында орналасқан. Одан тереңіректе - . Мұндағы температура градусқа дейін жетеді
3- топ: Жердің ішкі құрылымына (орналасуына, қалыңдығына, құрылысына) сипаттама бер.
4-топ: "Жердің ішкі құрылымы" сызбасын толтыр.

Стикерлеріне сабақтың рефлексиясын жазып, жапсыру.
• Қандай жаңа ақпарат алдым
• Не қызықты болды?
• Мен өзімді қалай сезіндім?
• Қалай жұмыс жүргіздім?
• Қандай қиыншылықтыр болды?
Өзім үшін не білдім, не алдым? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау Смайликтер
Стикерлер, қабырға газеті
Интерактивті тақта Флипчат

Үй жұмысы
(1 минут)
1. Жер құрылысы туралы
қосымша материалдар дайындап келу.(Өздігінен іздену).
2. Тақырып бойынша тест құрастыру. Үй тапсырманы жазып алу. Жер құрылысы туралы
қосымша материалдар дайындап келу.(Өздігінен іздену). Тест құрастыру.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.