Главное меню

  • К списку уроков
География "Жас географ" 7 сынып
30.03.2015 1441 252 Тыныштыкова Минуара Темирбекова

Қайырлы күн, бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары. «Жас географ» атты ойын сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын – сайысымызға 7- ші сыныптар қатысады, яғни әрбір сыныптан 1 оқушыдан шығады.
7 «А» сыныбынан ___________________________________
7 «Ә» сыныбынан ___________________________________
7 «Б» сыныбынан ___________________________________
7 «В» сыныбынан ___________________________________
7 «Г» сыныбынан ___________________________________

Бүгінгі ойынымыздың мақсаты: География пәнін таңдаған оқушылардың білімін саралау, дайындығын байқау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып шығып, «Жас географ » атағын алатын оқушыны анықтау. Әр тур сайын уақыт беріледі әрине жылдамдық талап етіледі. Алдарыңыздағы жалаушаларды көріп тұрсыздар, тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса дереу жалаушаны көтересіздер.

Бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ-қазылар құрамымен де таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Енді сайысымыздың шарттарына келетін болсақ. Мынадай:
І кезең – Не? Қайда? Қашан?
ІІ кезең – Жорға
ІІІ кезең – Полиглот
ІV кезең – Терминдерді танисыңба?
V кезең – Кім жылдам?
VІ кезең – Ең, ең, ең
Ал сайыскерлер сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
1. Жер шарындағы барлық 4 мұхит шайып жатырған материк? (Еуразия)
2. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519-1522)
3. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықты не деп атаймыз? (изобар)
4. Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасын кім ашты? (Давид Ливингстон)
5. Уәдтер дегеніміз не? (Кеуіп қалған арналар)
6. Тутсилер мен химилер қандай адамдар? (ең бойшаң адамдар)
7. 33 артезиан алабы бар материк? (Аустралия)
8. Аралдар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді және ата? (3-ке, материктік, маржандық, жанартаулық)
9. Ең соңғы ашылған материк? (Антарктида)
10. Климаттық белдеулер нешеге бөлінеді және ата? (2-ге, негізгі және өтпелі)
Жақсы оқушылар сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Келесі кезеңімізді жалғастырамыз. Сіздер экрандағы кез келген ұяшықты таңдап, берілген сұрақтарға жауап бересіздер.
1.
1. Бағытты анықтау дегеніміз не? (көкжиек тұстарын анықтау)
2. Мұхит суының қасиеттері. (температурасы мен тұздылығы)
3. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы? (жел)
4. Аустралияның астанасы (Канберра)
5. Орыс қызының есімімен аталатын өзен (Лена)
2.
1. Қысы қатал болатын Лапландияны дүниежүзі халықтары қалай атайды? (Аяз Атаның мекені)
2. Африкадағы ең құрғақ аймақ? (Сахара)
3. Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс (Көл)
4. Ұлыбританияның астанасы (Лондон)
5. Машина маркасымен аталатын өзен (Волга)

3.
1. Азиядағы ірі тау жүйесі (Тянь-Шань)
2. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі (Тау)
3. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық (изотерма)
4. Египеттің астанасы (Каир)
5. Қыздың есімімен аталатын көл (Виктория)

4.
1. Қазақстандағы ең үлкен көл (Каспиий)
2. Климаттық белдеулерді ғылымға енгізген кім? (Алисов Б)
3. Дүниежүзілік мұхитта ең суық ағыс (Батыс желдер ағысы)
4. Монғолияның астанасы (Ұлан-Батор)
5. Ұл баланың атымен аталатын пайдалы қазба? (Алмас)

5.
1. Судың тұздылығын өлшейтін өлшем бірлік ( промилле)
2. Грек тілінен аударғанда геохронология сөзінің мағынасы ( жер, жыл санау)
3. Ауданы жағынан 4 ші орындағы материк? (Оңтүстік Америка)
4. Пішіні жағынан Етікке ұқсайтын мемлекет (Италия)
5. Ұл баланың атымен аталатын өзен (Енисей)

Жақсы оқушылар, біздер тағы бір шыңды бағындырып, ІІ-кезеңді артта қалдырдық.
Келесі кезеңіміз Полиглот. Сіздерге ұяшықтар көрсетіледі. Сол уяшықтың ішінде жасырылған суреттер бар. Соны тауып, орысша, ағылшыншасын тауып айтасыздар
Бұлт – облако –
Тау – гора –
Жаңбыр – дождь -
Шырша – елка –
Қар – снег –
Өте жақсы оқушылар, білімдеріңді одан әрі шыңдай түстіңдер.
Ал енді келесі кезеңіміз – Терминдерді танисыңба? кезеңі.
Мен сендерге географиялық терминдер айтамын, ал сіздер сол терминдердің грек, латын сөздерінің аудармасын айтасыздар, түсінікті ғо.
Био – тіршілік
География – жерді сипаттап жазу
Мантия – жамылғы
Кратер – тостаған
Метаморфоз – өзгеру
Ал енді латын сөздердің аудармасы
Орбита – жол
Сфера – шар
План – жалпақ, тегіс
Компонент – құраушы
Глобус – шар

Келесі кезеңіміз – Кім жылдам?
повсиеыбджркгуалтмшйнұюя

Жақсы оқушылар. Сіздерге сәттілік тілей отырып, келесі кезеңімізге өтеміз.
Ең, ең, ең
Әлемдегі ең ірі материк – Еуразия
Әлемдегі ең үлкен шөл – Сахара
Әлемдегі ең ірі дүние бөлікм – Азия
Әлемдегі ең суық жер – Антарктида
Әлемдегі ең биік тау – Гималай
Әлемдегі ең ұзын тау – Анд
Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий
Әлемдегі ең терең көл – Байкал
Әлемдегі ең үлкен түбек – Арабия
Әлемдегі ең үлкен арал – Гренландия
Әлемдегі ең биік ағаш – Секвойя
Әлемдегі ең суы мол өзен – Амазонка
Әлемдегі ең биік сарқырама – Анхель
Әлемдегі ең ылғалды материк – Оңтүстік Америка
Құрлықтағы ең ірі жануар – Африка пілі
Әлемдегі ең аласа материк – Аустралия
Африкадағы ең терең көл – Танганьика
Әлемдегі ең биік жануар – Керік
Әлемдегі ауданы жөнінен ең үлкен ел – Ресей
Әлемдегі ең кіші мұхит – Солтүстік мұзды мұхиты
Әлемдегі ең ірі ойпат – Амазонка ойпаты
Әлемдегі ең тұзды теңіз – Қызыл теңіз
Аустралиядағы ең ірі көл – Эйр
Осымен кезеңдеріміз аяқталды, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.