Главное меню

  • К списку уроков
Ғылыми жоба "Тіршілік көзі- су"
06.04.2015 2530 0 Кадырбаева Жумакуль Шакимовна

Сәлеметсіздер ме құрметті әділ қазы мүшелері, қонақтар
1 СЛАЙД Мен Қарабалық № 3 орта мектебінің 2 сынып оқушысы Ергарина Сабина сіздерге өзімнің «Тіршілік көзі - су» деген ғылыми жобамды назарға ұсынамын.
2 СЛАЙД Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрену.
3 СЛАЙД Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді алға қоямыз:
• Жер шарындағы судың қоры туралы білу;
• Еліміздегі су көздері туралы ақпарат жинау;
• Суды үнемдеу жолдарын анықтау және оны қолдануға үйрену;
4 СЛАЙД Менің тақырыбымның өзектілігі :
Су - адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат, оны үнемді қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы.
Жұмыстың маңыздылығы мынада деп ойлаймыз:
Жинақталған материалдармен сыныптастарымды таныстыру арқылы суды үнемдеуге, оны қорғауға өз үлесімізді қосуға жұмылдыру.

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың пайдасы мен қасиеті туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.
5 СЛАЙД Глобус Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жарты шарлар картасына қарасақ, онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар , теңіздер, өзен - көлдер.
6 СЛАЙД Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұздықтар мен айсбергтер де судың қатты күйі болып табылады.
7 слайд Су атмосферада бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Су біздің айналамызда, ол көп, су сарқылмайтын, бітпейтін зат па деп те ойлап қаласың.
Бірақ қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде деген ақпаратты біздей жас балалар білмейді екен.
8 СЛАЙД Гонконг, Сингапур деген елдер тіпті суды көрші елдерден сатып алатын туралы ақпарат мені таң қалдырды. Ал австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германия еліне апарып қағаз құтыларға құйып сатады екен. Бұлардың бәрінен кейін жалпы Жер шарында тұщы су қорының шектеулі екені анық көрінеді. Сондықтан да «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы біздің еліміз үшін өте маңызды екенін әр уақыт есте сақтау қажет.
9 слайд Табиғаттағы тірі ағза – өсімдік. Өсімдік өсу үшін су қажет . Мысалы 1 кг бидай өсіру үшін -1200 л. 1кг картоп өсіруге 300 л 1 кг қарбыздан 20 грамм құрғақ зат алынады, ол 98% судан тұрады. Бұл өсімдік құрамында 85-95 пайызға дейін су бар екенін көрсетеді.
10 слайд.Осы жоба барысында жануарлар мен өсімдіктерге қанша су қажет екенін білдім. Су бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Түйе сусыз 10 күнге дейін шыдайды, бірақ бір ішкенде 10 шелекке дейін ,яғни 100 литр су іше алады екен. Піл суды өте жақсы көреді. Ол күніне 200-300 литр су іше алады.
11 слайд Бірақ мына деректер Жердегі әрбір 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суының, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиетіндігін көрсетеді. Ол 2 литр де түгелдей қолға жете бермейді, көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтар түрінде қатып жатыр екен. Соңында адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алатынын көруге болады.
12 слайд Осындай көп болса да бізге жететін аз ғана суды қалай сақтап қалуға болады? Қандай іс-шара жүргізуге болар екен деген ой туғызады. Ақпарат жинау кезінде біз елімізде су қоймаларын қорғау туралы 2003 ж. 9 шілдеде су кодексі қабылданғанын білдік. Яғни бұл біздің елімізде тіршілік көзі - суға деген қамқорлық ел басқарып отырған аға-апаларымыздың назарында екенін көрдік. Ендеше біздей жас ұрпақ асыл қазынамыз суды қорғауға, оны үнемдеуге қазірден бастамасақ, ертең кеш болмай ма? Деген сұрақ бізді қатты ойландырды.
Сол себепті әр бала өзі суды үйде қанша көлемде жұмсайтынын анықтау мақсатында тәжірибе жасап көруді ұйғардық . Достарыма үйде өздеріне қажет жұмсаған суды есепке алып, алған нәтижелерімен бөлісуді ұсындық. Жолдастарыма бұл қызықты тапсырма ұнады да , олар бізге көмектесуге бірден келісімдерін білдірді. Осы тәжірибе барысында Д деген сыныптасым бір тәулікте - 25 литр су жұмсадым десе, А деген құрбым өзінің 30 литр су жұмсағанын есептепті. Сынып бойынша мынадай орташа көлемде су жұмсағанымызды анықтадық.
13 СЛАЙД
Жұмсалу мақсаты Жұмсалған су мөлшері
Жуынуға 10
Тамақ пісіруге 6
Кір жууға 10
Ыдыс жууға 5л
Барлығы 31 л

14-15 слайд Осы тәжірибеге сүйене отырып, біз суды үнемдей отырып та жұмсауға болады деген ой түйдік. Біз бірлесе отырып, суды үнемдеу жолдарын іздестіріп, мынадай жолдарын анықтадық:
• Тісті тазалағанда суды стақанға құйып пайдаланса, 5-10 литр су үнем болады.
• Душқа түскенде әр адамға 50 литр су жұмсалса, ванна қабылдауға 150 литр су қажет, сонда ваннаға түскенде су 3 есе артық жұмсалады.
• ыдыс –аяқ жуу кезінде шүмектің астына қойып жуғаннан да, бір ыдысқа суды құйып алып жуған кезде біз судың үнемделетінін білдік.
• күнделікті шаруашылықта қар, жаңбыр суларын пайдалану арқылы суды үнемдеуге болады. Осы әдісті мен атамнан білдім. Қыста атам түскен қарды бақшадағы үлкен ыдысқа жинап жатқанда , қар көктемде еріп, суға айналады, содан оны біз бау бақша суаруға қолданамыз деп түсіндірді. Ал жазда жаңбыр суы - өсімдіктерге жайқалып өсуіне көп әсер етеді екен. Сондықтан бау бақша ұстайтын аға-апаларға осы әдісті қолдануға ұсынамыз.
Алдағы уақытта суды үнемдеу жолдарын іздестіруді жалғастырамыз.
Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармау керек Осы жұмысты жазу барысында судың қаншалықты адам өміріне маңыздылығын білдім. Енді мен де болашақта суды қорғауға өз үлесімді қосу үшін жинаған деректермен ақпарттарды өз достарыммен бөлісіп, оларды тіршілік көзі - суды қорғауға, оны үнемді пайдалана білуге шақырамын.