Главное меню

  • К списку уроков
Алтын күз
25.03.2016 567 124 Кушкенова Алия Тезекбаевна

Тақырыбы : « АЛТЫН КҮЗ » Сабақтың мақсаты:Балалардың күз туралы білімдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін арттыру,ой-өрістерін дамыту. Көрнекіліктері:жапырақтар,шарлар,суреттер,слайд. Тәрбиеші:Құрметті бүгінгі кешке жиналған ұстаздар,ата-аналар және қонақтар!Бүгінгі 0 «А»мектепалды даярлық сыныбының оқушылары дайындаған шағын ғана «Алтын күз»атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Ән: «Саусақ жаттығуы» Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бүгін бізге күз бен бақ қонаққа келген.Балалар қараңдаршы бүгін біздің бақшамыз өте ашулы екен.Неге ашулы екенін сұрап білгіміз келеді ме?Ия,балалар ендеше сұрап білейік. Балалар:Бақша-бақша неге ашулысыз? Бақша:Мен күз мезгілінің тез бітетініне ашулымын.Күз мезгілінің де бітуі таяп қалды.Менің жемістерім мен көкөністерімді адамдар бақшадан теріп-теріп алды.Менде енді түкте қалмады.Маған көмектесесіңдер ме балалар?Менің жемістерім мен көкөністерімнің бақшада қайтадан жайқалып өскенін қалаймын. Тәрбиеші:Балалар бақшаға көмектесеміз бе? Балалар:Ия көмектесеміз. Тәрбиеші:Ендеше балалар бақшаға көмектесу үшін жемістер мен көкөністерді қайта жинай алмаймыз,сондықтан да бақшаға олар туралы тақпақтарымызды айтып,өз өнерімізді көрсетейік.Келістік пе балалар? Балалар:Ия Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап, Шақырады жарқын жүз. Сайраңдаған күліп-ойнап, Келді міне алтын күз. Күз мезгілі:Мен күзбін.Өте еркемін.Сәл нәрсеге ренжіп,бұртиып,қабағымды түйіп,көз жасымды аямай төгіп-төгіп аламын.Менің ақ көңілдігімді бәрі ұнатады.Олай болса балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын. Жұмбақ: 1.Сары қозы,көк қозы, Қарындары тоқ қозы. Күздігүні көп қозы, Қыстыгүні жоқ көзі. (Қауын,қарбыз) 2.Ағайынды бәрі, Шықса көк, Түссе сары. (Жапырақ) Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша, Көз тоймайды қараса. Сәбіз,картоп,қызылша. Қып-қызыл піскен қызанақ Қырыққабатқа қарашы. Тәрбиеші:Балалар бізге «Жемістер»тобы қонаққа келіп қалыпты,қане қошеметпен қарсы алайық. Алма:Пісіп тұрған алмамын, Тамсандырар бал дәмін. Жерге сілкіп түсір ме, Ісіп кетер маңдайым. Шие:Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін. Өрік:Дөп-дөңгелек сары, Ішінде бар дәні. Қызығасың көріп Оның аты өрік. Шабдалы:Пісетін кезі дәл күзде, Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі, Оның аты шабдалы. Жаңғақ:Сырты қандай қатты, Дәні сондай тәтті. Шағып қара таңдап, Оның аты-жаңғақ. Алмұрт:Мен алмұртпын,алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың. Құлпынай:Жапырақта тасалап, Өскен жері бақша-бақ, Күрең қызыл шіркін-ай, Оның аты құлпынай. Жүзім:Мен жүзіммін,жүзіммін, Моншақ болып тізілдім. Жеміс:Өрік,алма,шие,алша, Жидек жүзім піседі. Қауын,қарбыз ,қияр,сәбіз Бақшаларда өседі. Тәрбиеші:Дұрыс балалар,ал күз айлары қандай айлар? Балалар:Қыркүйек,Қазан,Қараша. Тәрбиеші:Олай болса ортаға «Хаттуба»биін қарсы алайық. Тәрбиеші:Балалар,жемістерден қалмай көкөністер де келіпті,соларды бір тыңдап көрелік. Қызылша:Ақ түсім бар қант алар, Қызыл түсіп қанға нәр. Зияным жоқ біліп қой. Қызылшамын пайдам бар. Қырыққабат:Бақшаларда тізіліп, Қаперсіз мен жатамын. Қабат-қабат киініп, Қырыққабат атандым. Қызанақ:Тал шыбығым бұралып, Бақшаларда қызарып. Тұрған ол мен-қызанақ, Күнге қарап ұялып. Асқабақ:Асқабақтың дәмі, Таңдайымда әлі. Кептірілген дәні, Таптырмайтын дәрі. Қияр:Қызықтың ба қиярға, Алда жей бер ұял ма. Көтергенше берейін, Қапшығыңа сияр ма? Картоп:Картоп біздің атамыз Жер астында жатамыз. Бір тамырдан тараған, Ағайынбыз бәріміз. Пияз:Асханадан шықпаймын, Атым пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын. Сәбіз:Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз. Көкөніс:Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер! Би: «Қара жорға» Тәрбиеші:Балалар енді бақшамыздан сұрайықшы,көңілі көтерілді ме екен.Бақша-бақша көңіліңді көтере алдық па? Бақша:Ия балалар мен енді көңілді жүремін.Сендер мені қуанттыңдар.Бірақ менің тағы бір шартым бар.Маған енді бір күздің сән үлгісін көрсетіп берсеңдер, мен оданда көңілді жүретін болармын. Тәрбиеші:Балалар,бақшаға олай болса күзгі сән үлгісін көрсетейік пе? Балалар:Ия Тәрбиеші:Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. Құрметті бүгінгі жиналған ұстаздар мен ата-аналар және қонақтар,алтын уақыттарыңызды бөліп біздің ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп-көп алғысымызды айтамыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.