Главное меню

  • К списку уроков
Кітапхана білім мен ғылым ордасы
05.10.2015 929 117 Фазылова Сагира

Кітапхана – білім мен ғылым ордасы

"Кітапхана тірі болса – халық та тірі.

Ол өлсе – біздің өткеніміз                                                                                              бен болашағымыз да өледі"                                               

                                                                                                           Д. Лихачев

Бүгінгі күнде кітапхана – ақпарат орталығы.  Мектептің кітапханасы мектеп негізі қаланған күннен бастап бар. Мұғалімдер   «Оқу үрдісіне көмек» деп аталатын көрмеде  жаңарып, көрсетіліп отыратын әдістемелік жаңалықтармен, мерзімді басылымдармен таныса алады. Оқушылар олимпиадаға,  ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалу үшін кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін белсенді пайдаланады.                                                                                                                              Оқушылардың жыл сайын өтетін кітапхана тәжірибесінде «Кітапхана достары»  анықтама әдебиетімен, тізбелермен, картотекалармен дағдыланып жұмыс істеуіне мүмкіндіктері бар.                                                                Кітапхана – бұл 6 орынға арналған абонемент және оқу залы.  Оқу залында жасөспірімдерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған мерзімді баспалармен танысуға болады. Мектеп кітапханасы түрлі кітаптар қорымен орналасқан.  Жалпы қор - 45238 дана, кітапханалық қор - 28743 дана, оқулықтар – 16495,  дисктер- 467.                                              Барлық оқушы- 348, соның ішінде кітапханаға жазылғандар- 562 оқырман (мектеп қызметкерлерімен бірге). Көркем әдебиет классикалық шығарма түрінде де, заманауи, шетел әдебиеті және қазақ авторларының шығармаларымен де ұсынылған.                                                                                                             Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға,  ойлануға,  әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер.  Кітапхана – бұл ғылым жұмағы!!!              Көп оқыған,  көп білер!!! Кітапхана – басқа әлемге апаратын жол. Әрі, мұндай әлем өте көп, әрқайсысы мұнда өз әлемін табады. Бұдан басқа ол таусылмайтын білім көзі. Кітапхананың бары қандай керемет! Кітапхана – сүңгіп, барлық мәселелерден арылатын білімнің үлкен дариясы!  Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 

"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.  Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.                                                             Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.                                                  Мектеп кітапханасы – бұл ақпарат және рухани, адамгершілік-зиялылық, эстетикалық даму орталығы. Жақсы кітапханасы жоқ мектеп білім беру және тәрбие қызметін жоғары деңгейде атқара алмайды. 

 

 Родина орта мектебінің                                                                    кітапханашысы Фазылова С.А.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.