Главное меню

  • К списку уроков
Дүниетанудан тест
16.02.2015 1253 245 Муханова Салтанат Оразовна

1.Табиғат дегеніміз не?

а) Бізді қоршаған ортаның бәрі

ә) Адамның қолымен жасалған дүниенің бәрі

б) Адамнан тәуелсіз тіршілік ететін бізді қоршаған орта.

 

2. Табиғат қандай болады?

а) Тірі және өлі табиғат болады

ә) Тек қана тірі табиғат болады

б) Тек өлі табиғат болады.

 

3. Өлі табиғатқа не жатады?

а) Тоқылдақ

ә) Парта

б)Жаңбыр

 

4. Қайсысы тірі табиғатқа жатады?

а) Саңырауқұлақтар

ә) Бактериялар

б)Тастар

 

5. Тамақтану тізбегі қайсысында дұрыс көрсетілген?

а) Қарақат – қаңқыз – шырын

ә) Қарақат – шырын - қаңқыз

б) Шырын – қарақат – қаңқыз

 

6. Мына аңдардың қай жағынан ұқсастықтары бар: қар барысы, жайран, сайғақ.

а) Оларды адамдар құтқарып қалған

ә) Оларды адамдар құртты

б) Саны аз аңдарға айналды

 

7.Экология ғылымы нені зерттейді?

а) Тіршілік иелері мен қоршаған ортаның арасындағы байланысты зерттейді

ә) Өлі табиғатты зерттейді

б) Қоршаған ортаны зерттейді

 Тест жауаптары: 1-а, 2-а, 3-б, 4-б, 5-ә, 6-б, 7-а.

«Жануарлар» тақырыбына тест

  1. Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?

а) Жануарлардың мінез-құлқы

ә) Жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жер

б) Жануарлардың сыртқы түр-келбеті

 

2. Ұлудың денесінде «үккіш» деп нені айтады?

а) бақалшық

ә) мүйізі

б) тістері мен тілі

 

3. Төмендегі өрмекшітәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді?

а) өрмекші

ә) бүйі мен қарақұрт

б) қанқыз

 

4.Жауынқұрт табиғат пен адам өмірінде қандай рөл атқарады?

а) топырақты ылғалдандырады

ә) өсімдіктерге зиян келтіретін зиянкес жәндіктерді құртады

б) топырақты қопсытып, оны оттегімен байытады.

 

  1. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты.

а) қара кітап

ә) жасыл кітап

б) қызыл кітап

 

  1. Жануарларды қорғау мақсатында құрылған аумақтар қалай аталады?

а) қорғау орындары

ә) қорықтар

б) бақтар

 

 

кілті: 1-ә, 2-б, 3-ә, 4-б, 5-б, 6-ә


«Өсімдіктер» тақырыбына тест

 

  1.  Өсімдіктердің жерге таралуының негізгі шарты қандай?

а) судың болуы

ә) қоректік заттардың болуы

б) жылудың бөлінуі

 

  1. Топырақ құрамында аса үлкен мөлшерде ылғал бар жерде өсіп-жетілуге ыңғайланған өсімдіктер тобы қалай аталады?

а) құрғақшылыққа төзімді

ә) ылғалсүйгіш

б) су өсімдіктері

 

  1. Бидай, сұлы мен арпаны неліктен ерте көктемде себеді?

а) төмен температураға шыдамды болғандықтан

ә) бұл ылғалсүйгіш өсімдіктер

б) бұл көлеңкеге төзімді өсімдіктер

 

  1. Көлеңкеге төзімді өсімдіктердің орманда және қалың шөп арасында өсу себебі неде?

а) Олар сол жерде зиянкес жәндіктерден жақсы қорғалған

ә) онда ылғал мен қоректік заттар көп

 

  1. Бірінші жылы жеміс беретін өсімдіктер қалай аталады?

а) екіжылдық

ә) көпжылдық

б) біржылдық

 

  1. Аталғандардың қайсысы көпжылдық өсімдіктер тобына жатады?

а) орамжапырақ, бұршақ

ә) емен, қарағай

б) құлпынай


Кілті: 1-б, 2-ә, 3-а, 4-ә, 5-б, 6-ә.


«Біздің Отан» тақырыбына тест.

 

1)     Қазақстанның астанасы қалай аталады?

а) Ақмола

ә) Целиноград

б) Астана

2) Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

а) Іле

ә) Есіл

б) Сырдария

3) «Әнұран» сөзі қандай мағына береді?

            а) салтанатты ән

            ә) көңілді ән

            б) ана туралы ән

4) Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

            а) орыс тілі

            ә) қазақ тілі

            б) ағылшын тілі

5) Төмендегі Қазақстан азаматтарының қайсысы Ұлы Отан соғысы жылдары Батыр атағын алды?

            а) Бөгенбай батыр

            ә) Талғат Бигелдинов

            б) Мұхтар Әуезов

6) Қызылорда облысында не өсіріледі?

            а) мақта

ә) күріш

б) бидай

7) Тың жерді игеру қай жылы басталды?

            а) 1964

            ә) 1954

            б) 1948

8) Наурыз сөзі қандай мағынаны береді?

            а) туған күн

            ә) жаңа күн

            б) табиғат

 жауаптары: 1-б, 2-ә, 3-а, 4-ә, 5-ә, 6-ә, 7-ә, 8-ә

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.