Главное меню

  • К списку уроков
Технологиялық картасы «Қызыл телпек бізде қонақта»
15.03.2015 1606 0 Ыбраева Ж.К.

Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек»
Әулиекөл балабақшасы МКҚК
Тәрбиеші: Ыбыраева Ж.К. 
Білім беру саласы: «Қатынас» «таным» «шығармашылық» 
Бөлімдері: Коршаған ортамен таныстыру, сурет салу, математика., денсаулық, орыс тілі, көркем әдебиет. 
Мақсаты: Жабайы жануарлар, жемістер мен көкөністер туралы білімдерін бекіту, ұзын-қысқа сөздерді пайдалану, ұзын тіке сызықтартарды салуға үйрету. Көру және тыңдау назарларын ой қабілеттерін дамыту. Бояумен таяқшамен жұмысты қалыптастыру, кейіпкерлерге көмек беруге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үй, шыршалар,2 қоян, сиқырлы дорба, муляждар жемістер, көкөністер, гуашь, таяқшалар, үлгі, белдемшілер. Билингвиалдық компонент: қоян-заяц, прыгать-секіру,
Қызмет кезені Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті.
Ынтыландыру- оятушы кезең

Тосын сый: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Қалдарың қалай?
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қанекей, қонақтармен амандасайықшы.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Өте жақсы, балалар! Қонақтармен амандастық, енді осындай тамаша көңіл - күймен Шаттық шеңберін құрайық:
Шеңберді біз құрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Қонақтарға шашайық.
- Жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар!
Қызыл Телпек кіреді амандасады. Шеңберде тұрады. Жақсы, Тамаша,

Қонақтарға назар аударады, амандасады.

Сөздерді қайталайды, қимыл арқылы көрсетеді.

Қызыл Телпекке назар аударады.
Ұйымдастырушы ізденуші кезең Балалар қарандаршы кім бізге қонаққа келіпті. (Қызыл телпек). Қызыл телпек: Балалар мені Қызыл Телпек
Назар аударады, тыңдайды.
әжем көнаққа шақырыпты, мен сеңдерді өзімен бірге шақыра-мын. Балалар біз Қызыл Телпекмен бірге барайық жолда онымен ешнәрсе болмау үшін. Оған көмек берейік. Қызыл Телпектін әжесі орманын аржақ бетінде тұрады, бірақ орман ішінде әр түрлі жануарлар тұрады. Ол қандай жануарлар: қоян, қасқыр, түлкі, аю.(слайд) Оларды бір сөзбен қалай айтамыз: жабайы немесе дала жануарлары деп. Қызыл телпек алдынан қасқыр шығады, Қасқыр:Қызыл телпек сен менің жұмбақтарымды шешіп алсан мен саған тімеймін. Балалар Қызыл телпеке көмек берейік қасқыр жұмбақтарын шешіп алайық: Жұмбақтар. 1).Қанжардай тісі бар
Үрейлі түсі бар (қасқыр)
-Қасқыр қандай?( Қасқыр кекшіл,тістері үлкен,қоңыр түсті,құлағы кішкентай)
2)Қыс бойы жатады
Тәтті ұйқыға батады(аю)
-Аю қандай?(Аю үлкен,қоңыр түсті,қыста ұйықтайды. Балды,жемістерді жақсы көреді)
3)Өзі қу,жүрген жері шу(түлкі)
-Түлкі қандай? (Түлкі қу,түсі қызғылт сары, құйрығы ұзын)
4)Дыбыстан қашып
Қаққан безек
Қорқақ жасық бұл не?(қоян)
Қоян қандай? (Ұзын құлақ,қыста ақ,көктемде сұр түске айналады Қасқыр : Жарайды балалар, сендер Қызыл телпекке көмек бердіндер, мен оған тімеймін. Балалар осы жабайы аңдар туралы кім тақпақ айтып береді, Қызыл телпекпен арғарай жүрейік әжесі оны күтіп отыр. Бір кезде алдарынан екі қоян шығады, қолда-рында дорба. Сәлеметсіңдер ме балалар, біз мынау дорбаны орманда тауып алдык ішінде не бар екенін білмейміз, балалар қарайықшы не бар екен дорбада, ішінен муляж-дарды алып шығу. Сұрақтар қою: Мынау не?Қайда өседі Бір сөзбен қалай айтамыз? (жемістер ж/ә көкөністер) Балалар қояндарға жемістер мен көкөністерді бөліп берейікші; ақ қоянға жеміс-тер, сары қоянға көкөністер. Қояндар:Рахмет балалар, Қызыл телпек бізге көмек берген үшін, ал енді біз сендермен ойын ойнап жіберейік: Каждый день по утрам Делаем зарядку (ходьба на месте) Очень нравится нам Делать по порядку: Весело шагать (ходьба) Руки поднимать (руки вверх) Приседать и вставать (приседание) Прыгать и скакать (прыжки). Қояндар қашып кетеді.

Бірге барғылары келеді.

Көмек бергілері келеді.

Слайд қарап атап береді. Қасқыр, түлкі қоян...

Жабайы аңдар деп айтамыз

Жұмбақтарды тыңдап, шешуін тауып алады.

Аңдар туралы айтып береді.


Балалар тақпақтарды оқып береді.

Қояндарға назар аударады, дорбада не бар екенің айтып береді.

Сұрақтарға жауап береді: бұл алма , жеміс, мынау қияр ол көкөніс деп жауап береді.
Ойынды ойнайды, қояндарға көмек береді.

Орыс тілінде сөздерді қайталап, қимылдарды орындайды.

Рефлексивті- тузетуші кезең Ал енді балалар біз әженің үйне де келіп қалдық, бірак алдымызда екі жол біреу ұзын, ал екіншісі қысқа, қай жолмен барамыз (қысқа) жолмен. Әже: Сәлеметсіндер ме балалар, сендерге рахмет Қызыл телпекее көмек берген үшін. Балалар біз әжемізге сыйлық жасап берейік, біз оған әдемі белдемше жасап берейік. Ал оны біз таяқша-мен гуашпен саламыз. Түсіндіру, көрсету. Саусақты жаттығу: «Әтеш», « Қайық» Әже: Балалар сендерге коп рахмет, менде сендерге сыйлық дайындап қойыдым, балаларға кәмпит береді. Балалар қоштасып кетеді

Балалар біз кімге көмек бердік, Жолда нелерді кездестірдіқ. Әжеге не салып бердік. Жолдарды көреді, ұзын, қысқа деп айтып береді, қысқа жолмен жүреді.
Әжені көріп куанады, әжеге белдемше жасап бергілері келеді.

Қарайды салуын.
Саусақты жаттығуды орындайды.
Әжеге сыйлық жасап берген үшін қуанады.
Рахмет айтып көштасады.

Қызыл телпекке. Жабайы аңдарды, қасқырды, қояндарды. Әжеге белдемше салып бердік.

Күтетін нәтиже:
Білу керек: Жабайы аңдар туралы білу, және жемістер мен көкөністерді атап беруге. Болуы керек: Жабайы аңдар орманда тұратының білу керек, Істей білуі керек: Сұрақтарға жауап беру, және таяқшамен сызықтар сала білуге.