Главное меню

  • К списку уроков
11 сыныпқа арналған тест жұмыстары
22.05.2019 57 23 Дююсова Алмагуль Распековна

І. Тыңдалым
1. 2030 жылға дейінгі даму бағытын анықтайтын бағдарлама
А. жоспар В. жолдау С. құжат Д. стратегия
2. Өмірдің өзі не?
А. мәңгілік күрес В. бақыт С. білім Д. еңбек
3. Өміріміздің бағдары:
А. қабілеттілік В. ақиқат С. бәсекеге қабілеттілік Д. білімділік
4. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі кілті-
А. еңбек В. білім С. мемлекет Д. өркениет
5. Елбасының алдымызға қойған стратегиясы
А. өмір сүру мүмкіндігі В. қабілетке қарай орын табу
С. елінің гүлденуіне үлес қосу Д. қабілетті елдің қатарына ену

II.Оқылым.Мұқият,оқып сұрақтарға жауап бер.
2017 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Жолдау «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,бір мүлдде,бір болашақ деп аталды. Мәңгілік ел – жалпы қазақстандықтардың ұлттық идеясы. Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың асыл арманы.Қазақстанныңбасты мақсаты - дамыған 30 елдің қатарына кіру. Ел бірлігінің басты белгісі- қазақ тілі. Қазақ тілі - ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.Қазақ тілі Мәңгілік елде Мәңгілік тіл болады.Бір мақсат- бұл «Мәңгілік Елді» нығайту,біздің Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту. Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтарымыз,еркін және өркендеген елде өмір сүру.Бір болашақ- бұл Мәңгілік Елдің,ортақ үйіміз Қазақстанның өркендеуі.
1.Президенті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы
А) 2001ж10 желтоқсан Б) 2016ж 16 желтоқсан В) 2017ж 17 қаңтар Д) 2018ж 14 желтоқсан
2.Жолдау «Қазақстан жолы – 2050» қалай аталды?
А) Бір мақсат,бір мүлдде,бір болашақ Б)Бір ел, бір аудан, бір мемлекет
В) Бір болашақ, бір сенім, бір мүддеД) Бір ғылым, бір бағыт, бір тіл
3.Қазақстандықтардың ұлттық идеясы.
А) дамыту идеясы Б) нығайту идеясы В) ұлттық идеясыД) тіл идеясы
4.Ата- бабаларымыздың асыл арманы
А)біздің болашақ Б) мемлекеттің дамуы В) мәңгілік ел Д) ел еркіндігі
5. Ел бірлігінің басты белгісі неде?
А) білімде Б) интернетте В)ғылымда Д) қазақ тілі

ІІ. Лексика- грамматикалық тест
1. Танысқаныма ...
А) борыштымынB) қорқыныштымынC) қуаныштымынD) жетікпін
2. Мақалды аяқтаңыз. Еңбек етсен ерінбей,Тояды қарның ......
А) СұранбайB) БілінбейС) ТіленбейD) Ойланбай
3.Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз.
A) алтын қол cool алтын сырға C) кең адам D) ашық қол
4. Қай сөйлемде мақсат бар?
A) Күнде сабаққа барамын. cool Ертең айтармын. C) Кешке театрға бармақпын.
D) Бұрын досым маған жиі келетін.
5. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ.

Тыңдалым мәтіні Елбасы Жолдау
ХХ ғасырдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл- еліміздің 2030 жылға дейінгі даму бағытын анықтайтын бағдарлама. Елбасы халқымызға елімізде атқарылатын жұмыстардың зор екенін ескертеді. Өмірдің өзі мәңгілік күрес, ол ешқашан тоқтамақ емес. Әрбір адам жеке басының бақыты үшін еңбек етіп, елінің гүлденуіне үлес қосуы тиіс. Осы талапты ескере отырып, өз бойымызға бәсекеге қабілеттілік қасиетін орнықтыру қажет. Бәсекеге қабілеттілік- ендігі өміріміздің бағдары. Оның негізгі кілті-білім. ХХІ ғасыр барлық қоғамның алдына осы міндетті жүктейді. Әркім бәсекелестік алаңында өзінің қарымына, қабілетіне қарай орын табады. Елбасы алдымызға бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына ену стратегиясын қойып отыр. Бұл меже-қол жететін ақиқат. Сондықтан халқымыз ол стратегияны қолдап, еңбек етуде. Әлемдік өркениет көші- алдымызда, біз сол көштен қалмауымыз керек.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.