Главное меню

  • К списку уроков
ҰБТ-ге дайындық
19.12.2015 863 107 Кабылова Айжан Сагатбековна

Қазақстан Республикасының географиялық орны, қалалар

  1. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қала? Түркістан
  2. Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы – Алматы
  3. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы - 1997
  4. Қазақстанның тұңғыш астанасы – Орынбор , 1920-1925
  5. Қазақстанның астаналары: Орынбор, Қызылорда 1926-1929, Алматы 1929-1997, Астана 1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап.
  6. Сақталмаған қала – Отырар
  7. Түркістанның бұрынғы атаулары – 4-10 ғ.-Шабғар, 9-10 ғ.-Йасы, 15 ғ. –Түркістан
  8. Көне қалаларды ата – Түркістан, Тараз
  9. Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел – Қытай
  10. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы – Жетісу
  11. Сарыарқаға жататын қалалар -Қарағанды, Жезқазған, Павлодар
  12. Көшпенділердің баспанасы – киіз үй
  13. Қазақстанны жер көлемі қандай? - 2,7 шаршы шақырым
  14. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы – 1997 – Ақмола, 1998, 6 мамыр –Астана
  15. Қазақстанның ежелгі қалаларына жатпайтын қаланы белгілеңіз.- Талдықорған

Ақын-жазушылар, ғалымдар, әнші-композиторлар, күйшілер, суретшілер

  1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? Ы. Алтынсарин
  2. Тұңғыш қазақ оқулығын ата - Қазақ хрестоматиясы Ы. Алтынсарин  1879 ж
  3. 2000 жылы Атыраудан Алтын адамды тапқан кім? – Зейнолла Сапашев
  4. Алтын адам табылған жер: Алматы облысы, Есік қорғаны
  5. «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбекті жазған ғалым – Әл-Фараби
  6. . «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? – Шәкен Айманов
  7. «АЗИЯ» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткері – Олжас Сүлейменов
  8. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы – «Невада-Семей» басшысы-О.Сүлейменов
  9. Қазақ фольклорын зерттеген орыс ғалымы – В.В.Радлов
  10. Қазақтың бұлбұлы атанған әнші: Қүләш Бәйсейітова, Бибігүл Төлегенова
  11. Е.Брусиловскийдің жазған операсы – «Қыз Жібек»
  12. Әбілхан Қастеев кім? – суретші
  13. Бауыржан Момышұлы кім? –батыр, жазушы, «Халық қаһарманы» белгісінің иегері
  14. Құрманғазыдан бата алған күйші кім? – Дина Нұрпейісова
  15. Тұңғыш қазақ ғалымы – Шоқан Уәлиханов
  16. Тіл білімінің, әдебиет теориясының негізін салушы – Ахмет Байтұрсынов
  17. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай
  18. Балалар әдебиетінің негізін салушы – Ы.Алтынсарин
  19. Тұңғыш педагог, алғаш мектеп ашқан (1864)– Ы.Алтынсарин
  20. Тұңғыш спектакль – «Еңлік-Кебек» 1926 ж.
  21. Тұңғыш көркем фильм – «Амангелді» 1938 ж.
  22. Тұңғыш қазақ балеті – «Қалқаман – Мамыр» 1938
  23. Тұңғыш қазақ газеті – «Түркістан уәлаяты» 1870
  24. Шетелде тұңғыш ән салған әнші – Әміре Қашаубаев 1925, Париж
  25. Тұңғыш қазақ әліпппесін жазған кім? – А.Байтұрсынов
  26. Алғашқы оқу құралын жазған – А.Байтұрсынов
  27. Қалибек Қуанышбаев кім? – әртіс
  28. Мұқан Төлебаев кім? – композитор
  29. Жүз жасаған ақын – Жамбыл Жабаев, 1846-1945
  30. Шәкен Аймановтың туған жері – Павлодар
  31. «Қазақ» газетін шығарған кім? – А.Байтұрсынов, 1913-1918
  32. Бейнелеу өнерінің негізін салушы кім? – Ә.Қастеев
  33. Шоқанның өмір сұрген жылдары – 1835-1865
  34. Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары – 1845-1904
  35. Шоқанның шын аты – Мұхамедханафия
  36. Абайдың шын аты – Ибраһим
  37. Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттеген ғалым –Н.Сауранбаев
  38. Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалым –Ғ.Айдаров
  39. «Жетісу тарихының шежіресі» деген еңбектің авторы – Бартольд
  40. Тұңғыш қазақ академигі – Қ.Сәтбаев
  41. Тұңғыш қазақ журналы – «Айқап», Мұхамеджан Сералин, 1915 ж.
  42. «Құдатғу білік» кімнің еңбегі? – Жүсіп Баласағұн
  43. «Диуани лұғат ат-түрік» кімнің еңбегі? - Махмұт Қашғари
  44. «Ақиқат сыйы» кімнің еңбегі? – Ахмет Иүгінеки
  45. «Түркі тілінің сөздігін» құрастырған кім? – В.В.Радлов
  46. Қазақ музыкасын зерттеген, насихаттаған композитор: А.Затаевич
  47. «Тіл құрал» оқулығының авторы – А.Байтұрсынов, 1924 жылы
  48. А.Байтұрсынов кімнің мысалдарын аударлы? – Крыловтың «Қырық мысал», 1909 ж. Петербург
  49. Кіші планетаға аты берілген қазақтың ғалымы – Қ.Сәтбаев
  50. Тұңғыш ұлттық театрдың режиссері кім? – Жұмат Шанин
  51. Қырғыздың «Манас» дастанын алғаш зерттеген кім? – Шоқан
  52. Тұңғыш қазақ журналистері: Ешмұхамед Сұлтанғазин, Дінмұхамед Абылайханов
  53. Әміре Қашаубаевтың туған жері – Абыралы
  54. «Бес арысқа» жататын ақын-жазушылар. Ш.Кұдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев
  55. «Үш бәйтерекке» жататын ақын-жазушылар: І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин
  56. Дәулеткерей Шығайұлы кім? –күйші-композитор

 

Батырлар,ұшқыштар, хандар, билер

  1. Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының  Батыры – Т.Бигелдинов
  2. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен  батыр – Р.Қошқарбаев
  3. Қазақтың батыр қыздары – А.Молдагұлова, М.Мәметова
  4. Жәңгір ханның хан болып тарихта қалған баласы –Тәуке
  5. Ұлы жүздің биі  - Төле би, Орта жүздің биі-Қазыбек би, Кіші жүздің биі-Әйтеке би
  6. Қабанбай батырдың шын аты – Ерасыл
  7. Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? – Тәуке хан
  8. Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші кім болғанын айт – Хан
  9. Тәуке ханның тұсындағы үш жүздің биін ата – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
  10. Төле бидің өмір сүрген уақыты: 17-18 ғ.
  11. Бауыржан Момышұлы кім? –батыр, жазушы, «Халық қаһарманы» белгісінің иегері
  12. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров
  13. Тоқтар Әубәкіровтың туған жері – Қарағанды
  14. Т.Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан жылы – 1991 жылы
  15. И.В. Панфилов кім? – генерал

Қазақстанның рәміздері, заңдары

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? – 1992 жылы 4 маусымда, әнұран-2006 жылы 7 қаңтарда
  2. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков
  3. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
  4. Әнұранның авторлары – Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылданды? – 1995 жылы 30 тамызда
  5. Ата Заң неше тараудан, неше баптан тұрады? – 9 тарау, 98 бап
  6. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?-1989 жылы
  7. ҚР «Тілдер туралы Заңы» қашан қабылданды? – 1989 жылы, 22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы, 11 шілдеде
  8. Ұлттық валюта айналымға қай жылы енді? – 1993 жылы, 15 қарашада
  9. Елбасының «Қазақстан -2030» Жолдауы жарияланған жыл – 1997 жыл
  10. Елтаңбаның төменгі жағындағы жазу:  «Қазақстан»
  11. Елбасының «Қазақстан – 2050» Жолдауы қашан жарияланды? – 2012 жылы, 14 желтоқсанда
  12. Рәміздердегі сары түс ненің белгісі? – байлықтың

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.