Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілнен тест тапсырмалары 11 сынып
22.09.2015 1187 157 Амирина Ляйля Бауржановна

1.Синоним сөздерді көрсет:

А) менен, жетеу  В) әдемі, сұлу, көркем  С) қыс, жаз, күз, көктем

Д) сырмақ, шекпен, алаша  Е) сөк, түс, көз

2.Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарын белгіле:

А) о, е     В) а, и       С) и, у      Д) ө, ү     Е) ы, э

3. Үнді дыбыстары бар сөзді тап:

А) бастық     В) жаға     С) отбасы   Д) наным   Е) көкжиек

4. Бірыңғай ашық буынды сөзді тап:

А) әуестену      В) шұғылдану     С) аластату    Д) секіру    Е) талпыну

5. Бітеу буынды сөзді тап:

А) ата    В) өрт   С) әке   Д) бұлт    Е) дала

6. Сын есімнің сұрағын тап:

А) Кім?       В) Не?      С) Қандай?     Д) Нешінші?     Е) Қашан?

7. Негізгі сын есімді белгіле:

А) ұйқысыз     В) батыл      С) күзгі     Д) реттік   Е) еріншек

8. Өздік есімдіктерді анықта:

А) ешбір, ешкім       В) бұл, ол    С) өзім, өзіңе    

Д) барлық, түгел     Е)кім? не?

9. 1925жылы Парижде ән шырқаған әншіні көрсет:

А) Роза Рымбаева      В) Нағима Есқалиева      

С) Әміре Қашаубаев      Д) Құрманғазы Сағырбаев  Е) Дина Нүрпейісова

10. Жұрнағы бар сөзді анықта:

А) Қайратты   В) Қайратпен   С) Қайратын   Д) Қайраттылық   Е) Қайраттың

11. Мақалды аяқта:       

Мектеп - кеме, білім - ... . 

А) адам       В) теңіз      С) төл       Д) мекеме      Е) гүл

12. Септеулік шылауды көрсет:

А) мен      В) үшін     С) өйткені     Д) егер        Е) және

13. Қазақстанның көне қалаларын көрсет:

А) Түркістан, Қызылорда    

В) Қарағанды, Алматы    

С) Отырыр, Түркістан      

Д) Алматы, Астана  

Е) Талдықорған, Тараз

14. Әл Фараби  кім болғанын белгіле:

А) биші      В) жазушы     

С) ғалым       Д) суретші        Е) қоғам қайраткері

15. «Кеше» сөзінің аудармасын көрсет:

А) вчера     В) послезавтра       С) позавчера          Д) вечером        Е) утром

16.Баяндауыштың сұрағын көрсет:

А) кім? не?         В) не қылды? қайтті?    

С) кімге? неге?    Д) қашан?     Е) қанша? неше?

17.Жалаң сөйлемді көрсет:

А)  Мен-қазақпын.      

В) Мен-тауда ойнаған қарт марал. 

С) Кенжетай биыл жиырма екіде.              

Д) Сен осы үйдің баласысың.     

Е) Күз түні мағарлы, суық.

18. Келер шақта тұрған етістікті көрсет:

А) отырмын       В) отырдым     

С) отырдың      Д) отырарсың    Е) отырсың

19. Қаратпа сөзді анықта:

А) Мараттың айтуынша, бүгін ол кеш келеді       

В) Алақай, үйге Марат келді    

С) Марат, бүгін кеш келесің бе?  

Д) Біріншіден, бүгін Марат кеш келді 

Е) Марат бүгін кеш келді

20. Күрделі баяндауышты тап.

А) Аспанды бұлт торлады    

В) Марат шахтаға кетті        

С) Алатаудың сұлу жерлері көп        

Д) Олар бұл мәселеге ойланып отыр  

Е) Сенің айтқанаң болсын

21. Дұрыс құралған сөйлемді тап:

А) Қонақтарды қарсы алды әкем   

В) Әкем шешем алды қарсы қонақтарды мен

С) Қонақтарды әкем мен шешем қарсы алды 

Д) Қарсы алды қонақтарды әкем мен шеше  

Е) Мен әкем қарсы алды шешем қонақтарды

22. Жақты сөйлемді анықта:

А) Ауылда тұрғым келеді   

В) Түнде жол жүруге болмайды     

С) Жұмысты қысқа мерзімде орындаймын      

Д) Бірлесіп үй салу керек      

Е) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді

23. Мына сөздердің қай септікте тұрғанын анықта:

Қонаққа, үйіме, баласына

А) табыс      

В) барыс   

С) жатыс     

Д) шығыс 

Е) көмектес

24. Сидней олимпиадасының чемпионы атанған Қазақстан спортшысы:

А) Ә.Ақшораев      

В) Б.Саттарханов   

С) С. Қонақбаев   

Д) Д. Тұрлыханов  

Е) Ж. Үшкемпіров

25.Қазақстан республикасының Мемлекеттік туы  мен  елтаңбасы бекітілген жылды белгіле:

А) 1992ж.  

В) 1991ж.    

С) 1987ж.  

Д) 1988ж.   

Е) 1998ж.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.