Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілінен бақылау тест 10 сынып
22.09.2015 1402 166 Амирина Ляйля Бауржановна

1.    Қазақ тіліне тән дыбыстар саны қанша?

A) 9           B) 10       C) 11         D) 12         E) 15

2.    Тұйық буын деген не?

A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді   B) дауыссыздан басталып дауыссызға бітеді  C) бір ғана дауыстыдан тұрады    D) дауыссыздан басталып дауыстыға бітеді    E) үш дауыссыз бен бір дауыстыдан тұратын буын (қарт)

3.    Қай дыбыс еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады?

A) а         B) ө        C) ы         D) ә        E) е

4.    Еріндік, жіңішке әрі қысаң дауысты дыбыстарды табыңыз.

A) ұ        B) ө         C) о         D) ы       E) ү

5.    Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.

A) Күзде жаңбыр жиі жауады.   B) Әсет базардан доп алды.  C) Қыста қар қалың жауды.

D) Жаздыгүні ауылға бардық.    E) Ол жазда қайтыс болды.

6.    Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.

A) жақсылық     B) балалар     C) күлекеш      D) көрермін      E) келешек

7.    Мағынасы ұқсас (синоним) емес сөздерді табыңыз.

A) атамекен, отан   B) шағым, өкініш  C) қария, қарт   D) әдемі, көрікті  E) сабырлы, төзімді

8.    Мақалды табыңыз.

A) Кемедегінің жаны бір.  B) Дарияның жанынан құдық қазба.  C) Жері байдың елі бай.  D) Әлін білмеген әлек. 

E) Айдағаны – бес ешкі, ысқырығы жер жарар.

9.    Антоним бола алатын тұрақты тіркесті табыңыз.

A) азар да безер болды – ат-тонын ала қашты  B) көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді                         C) Ит арқасы қиянда, ит өлген жер  D) ит терісін басына қаптады – басын сипады  E) көз шырымын алу, көз ілу

10.    Қайталама қос сөзді табыңыз.

A) төсек-орын, ес-түс   B) теп-тегіс, ап-ащы  C) емін-еркін, ығы-жығы   D) анда-санда, оқта-текте

E) қым-қуыт, ту-талақай

11.    Септеулікке қатысы жоқ септікті табыңыз.

A) Атау септігі   B) Барыс септігі   C) Шығыс септігі   D) Жатыс септігі   E) Көмектес септігі

12.    Қате жазылған қатарды табыңыз.

A) пединститутқа  B) Қазатомөндіріске  C) ұжымшарға   D) медколледжге   E) ҚазМҰУға

13.    Берілген емле қай сөз табына қатысты?

«-ау, -еу» жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы «ы, і» дыбыстары түсіп қалады.

A) Үстеу   B) Сын есім   C) Етістік   D) Сан есім    E) Зат есім

14.    Етістікке қатысты емес терминді табыңыз.

A) етіс   B) рай   C) шақ   D) жақ   E) шырай

15.    Жалғау жалғанбайтын сөз табын табыңыз.

A) Шылау  B) Етістік   C) Есімдік  D) Үстеу   E) Зат есім

16.    Өзі жалғанған заттың екеу немесе одан артық екенін білдіретін қосымшаны табыңыз.

A) тәуелдік жалғау  B) септік жалғау   C) жіктік жалғау   D) жұрнақ     E) көптік жалғау

17.    Төмендегі сандардың қайсысы нақты санды білдіреді?

А) ондарда   В) он шақты   С) он-он бес   D) он жарым    Е) ондаған

18.    Тәуелденген сөзге жалғанбайтын септік жалғауын табыңыз.

A) –н    B) –нда   C) –ты    D) –дан    E) –бен 

19.    Қайсының мағыналық түрі жетеу?

A) Сан есім  B) Сын есім   C) Етістік    D) Есімдік   E) Шылау

20.    Болжалдық сан есімге жатпайтын қатарды табыңыз.

A) мыңдаған  B) ондарда   C) жүзге тарта   D) алтыдан бері   E) бес-алты

21.    Есімше қай жағдайда сөйлемде баяндауыш болады?

A) зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып   B) барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп

C) атау мен іліктен басқа септіктерде заттанып қолданылса   D) көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп

E) жіктеліп келіп

22.    Сөйлемдегі есімдік төл сөзде қалай өзгереді?   Али оған келгенін айтты.

A) бізге   B) оны   C) сізге   D) маған   E) оған

23.    Қай сөйлем түрі?   Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.

A) Кезектес салалас  B) Ыңғайлас салалас  C) Себеп-салдар салалас  D) Түсіндірмелі салалас  E) Қарсылықты салалас

24.    Қай сөйлем түрі?  Маған шар берді, ағама доп берді.

A) Кезектес салалас   B) Ыңғайлас салалас  C) Себеп-салдар салалас  D) Түсіндірмелі салалас   E) Қарсылықты салалас

25.    Берілген ереже қай сөйлем түріне қатысты?

Сөйлем соңына нүкте немесе (көтеріңкі интонациямен айтылса) леп белгісі (!) қойылады.

A) Хабарлы сөйлем     B) Бұйрықты сөйлем   C) Сұраулы сөйлем   D) Лепті сөйлем   E) Ешбіріне қатысты емес

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.