Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «9 сыныпқа арналған тест тапсырмалары»
22.09.2015 1187 153 Амирина Ляйля Бауржановна

1 нұсқа

1. Ұяң дауыссыздардан құралған сөзді табыңыз.

А) Дауыс    В) Қиын    С) Жабайы   Д) Байлық     Е) Бірлік

2. Біріккен сөзді табыцыз.

А) Шаруашылық     В) Итмұрын.       С) Механикалык  Д) Ұзынды-қысқалы.   Е) Демеуші

3. Сан есімге  қандай тыныс белгісі керек?     Қапты 2 ден көтеріңдер.

А) Тире           В)  Дефис.            С)  Үтір.           Д)  Қос нүкте.           Е)  Нүкте.

4.  Антоним  сөзді  табыңыз

А)  Шыдам –төзім.             В)  Сәл-азғантай.            С)  Өкіну-қуану.

Д)  Ренжу- рахмет.             Е)  Үй іші- отбасы.

5. Шылауды табыңыз.

А) Ха-ха.    В)  Ә дегенше.       С)  Қап.          Д)  Және, да.           Е)  Жә-жә.

6. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Өлең.       В) Гүлдер.         С)Тақпақ.          Д) Шын.            Е) Өтірік.

7. Буын үндестігіне қарай жалғанатын көптік жалғауларды керсетіңіз.

А) - тар, - тер    В) - мен, -пен        С) - мьш, -мін    Д) - сыз, - сіз      Е) - ның, - нің

8.Қай сөлемде бастауыш пен баяндауыштың арасында дұрыс сызықша қойылған.

А) Жақсы ісімен - жақсы

В) Қазақстан - ядросыз мемлекет.

С) Бұл үлкен – табыс.

Д) Айту - біздің парызымыз

Е) Алты жерде алты отыз – алты.

9. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.     Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?

А) Толымсыз    В) Хабарлы    С) Сұраулы     Д) Жалаң.     Е) Жақсыз.

10. Салалас құрмалас сейлемді белгілеңіз.

А) Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб тілдерін жетік білген.

В) Ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған.

С) Жұрт жиналып болған соң, Самат көрген-білгенін асықпай айтып берді.

Д) Солардың 117-сінің аты белгілі, ал қәзірге табылған 36 кітап.

Е) Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып-өскендіктен, араб елдерінде оны Фараби деп атаған.

11. Есіл бойында, Сарыарқа жерінде орналасқан қаланы табыңыз.

А) Қостанай    В) Тараз    С) Астана        Д) Талдықорган      Е) Қызылорда

12.  Адамдардың қысқы киімін белгілеңіз.

А)Тон         В) Кебіс      С) Панама         Д) Сәукеле        Е) Көйлек

13. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жаны, қасы.  В) Ұзын, қысқа.  С) Үлкен, ұзақ.  Д) Әдемі, сұлу.    Е) Қасиетті, құрметті.

14. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) дәптер, мектеп, гүл        В) мереке, үлгі, аула     С) сұлу, жұқа, кіші

Д) кісі, таза, үн                    Е) ен, ас, ал

15. Түбірлес сөздерді табыңыз.

А) Жүз, қырық.       В) Көрпе, аға.         С) Аң, су.         Д) Кереге, ас.           Е) Сулы, сушы.

16.  Сын есімді табыңыз.

А) Көз.       В) Қызық.         С) Әже.           Д) Ара.            Е) Сайын.

17. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Асан ұйықтап қалды.                                   В) Ермек өте жақсы  оқиды.

С) Досанның  тауға  қайта  барғысы келді.    Д) Бұларың кішкентайларға үлкен  сыйлық.

Е) Ауылдың малы  балалап, айран шықты аз- көпті.

18. Жинақтық сан есімді керсетіңіз.

А) Біреу.    В) Екіден бір.          С) Бірдеңе.           Д) Бір-бірден.            Е) Бірден.

 

19. Сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Мынау            В) Әлдекім            С) Қайсы?          Д) Барлық          Е) Сіз

20. Болымсыз егістікті табыңыз.

 А) Жатты.      В) Санамады.       С) Барды.         Д) Керді.            Е) Істеді.

21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) - Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? деп -сұрады ол.

В) - Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? -деп сұрады ол.

С) - Сьшыптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? деп, сұрады ол.

Д) - Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма?, деп сұрады ол.

Е) - Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? деп сұрады ол.

22. Елтаңбаның төменгі жағындағы жазуды анықтаңыз.

А) «Тәуелсіз»  В) «Қазақстан»  С) «Елтаңба»  Д) «Мемлекет»  Е) «Республика Қазақстан»

23.  Алғаш рет спорттың пайда болған елін көрсетіңіз.

А) АҚШ       В) Қазақстан    С) Үндістан   Д) Грекия          Е) Қытай

24. Жалпы есімдерді керсетіңіз.

А) Балқаш, Зайсан.

В) Іле, Лепсі.

С) Амангелді, Ақбота.

Д) Қарағанды, Жетісу.

Е) Өзен, Теңіз.

25.    Демеулік шылауы бар сейлемді көрсетіңіз.

А) Сол жақта орталық почтаны көресіз.

В) Бұрыштағы үлкен бес қабатгы үй.

С) Абылай хан даңғылымен тура жүре беріңіз.

Д) Бір көше жоғары көтерілесіз және оңға бұрыласыз.

Е) Енді таба аласыз ба?

26. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Ой.   В) Тоғыз.       С) Сары.         Д) Мүмкін.         Е) Әкем.

27.  Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз.

Ойпырмай, күннің суығын-ай!

А) Одағай сөз

В) Оқшау сөз

С) Қаратпа сөз

Д) Еліктеуіш сөз

Е) Қыстырма сөз

28.  Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының батырын белгілеңіз.

А) Т.Бигелдинов

В) Ә.Молдағүлова

С) И.Панфилов

Д) Н.Әбдіров

Е) М.Мәметова

29. Құрмалас  сөйлемді  табыңыз.

А) Ауылдарыңнан не  хабар бар?

В) Асқар балгілі  мерзімде  тұрды.

С) Байжан  Мырзаға  қарап еді, ол алыстан көрінді.

Д) Ертең күн жылы  болады.

Е) Ол жауап  қайтара  алмады.

30. Туынды сөз тіл  білімінің қай саласына жататынын  анықтаңыз.

А) Фонетика.   В) Морфология.    С) Лексика.   Д) Синтаксис    Е) Пунктуация.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.