Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Тест" 5 сынып
26.08.2015 2549 221 Абеуова Гульден Кусмановна

І нұсқа

1.Көп нүктенің орнына қай дауыстыны қойғанда мағыналы сөз шығатынын белгіле. Сәл...м

А) у            В) и           С) а          Д) о          Е) е

2.Антонимдік жұпты тап

А) Ілгері- кейін, құрбы- құрдас         В) Озу- қалу, көйлек -көншек

С) Даму- тоқырау, өнер- білім           Д) Оқу- ағарту, кіріс- шығыс

Е) Ерте- кеш, жоғары -төмен

3.Омонимнің анықтамасын тап.

А) мағыналары бір, жазылуы бөлек.            В) мағыналары қарама -қарсы.

С) Мағыналары бөлек, жазылуы бірдей.     Д) Жаңа мағыналы сөз.

Е) Мағынасы -ауыспалы.

4.Тарихи сөзді тап

А) Тотыдайын    В) Ары қарай    С) Адырна    Д) Арғымақ     Е) Ар -ұят

5.Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстарды тап.

А) Қ,к,т,с      В) Щ,ш,ф.й      С) Х,с,ж,р      Д) Т, ф,в,х      Е) П,ц,ч,з

6.Төмендегі сөздердің буынға дұрыс бөлінгенін тап.

А) Ән -ші -лер                В) Өс- ім- дік     С) Бал -дырғ- ан

Д) Баст -ау- ыш              Е) Қай- ық

7.Туынды сөзді қатарды тап.

А) Мұғалім, емтихан      В) Мектеп, мол      С) Айбындылық, ұрыншақ

Д) Бала, шәкірт                Е) Сау, көр

8."-ау" жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсет.

А) Төрт        В) Үш        С) Алты       Д) Тоғыз       Е) Жеті

9.Қызылша шаруашылығына қатысты кәсіби сөзді белгіле.

А) Алмұрт, алма        В) Бидай, дән     С) Өркен, қылша

Д) Шиіт, шербек       Е) Мақта, күріш

10.Тасымалдауға болмайтын сөзді көрсет.

А) Сия       В) Күллі       С) Ақылды      Д) Табыс     Е) Жаздық

11.Омоним сөзі бар сөзді тап.

А) Бота боздайды.                В) Адамға саусағынды шошайтпа. 

С) Көктем мезгілі болды.    Д) Қорадағы қырық қойды әкем қырықты.

Е) Егін биыл бітік шықты.

12.Бірыңғай еріндік дауыстылардан тұрған сөзді ажырат.

А) Бару, қайту                В) Кассир, экватор     С) Кету, ояну

Д) Торсық, жабдық       Е) тұру, жүру

13.Қос сөзді көрсет.

А) Бел буу      В) Бейне жазу  С) Тез -ақ   Д) Бас басына   Е) Суығын- ай

14.Кейінді ықпалды белгіле

А) келе көр  В) Жанпейіс   С) Ішсе   Д) Ала көз  Е) Ашса

15.Тасымалдауға келмейтін сөзді ажырат.

А) Достық   В) Қазына    С) Өнер    Д) Дәстүр   Е) Шыншыл

16.Жаңа сөздің жасалу жолын көрсет.

А) Бірігу арқылы

В) септік жалғау арқылы

С) Тәуелдік жалғау арқылы

Д) Жалғау арқылы

Е) Көптік жалғау арқылы

17.Орфоэпиялық заңдылыққа сәйкес жазылған сөзді тап.

А) Көз бояу   В) Атты кісі   С) Есікті ашшы   Д) Құшша ұшу  Е) Жазушы

18.Ашық буынды сөзді тап

А) шалқар      В) дара   С) кең   Д) тар   Е) жұмбақ

19.Бірыңғай тарихи сөздер қатарын тап.

А) Қызыл отау, аға сұлтан

В) Кебіс, рабфак, компьтер

С) Ит басына іркіт төгілу

Д) су жүрек, оқшантай

Е) Нөкер, астау, телефон

20.Тура мағыналы сөзді көрсет

А) Ақ жол толқын

В) Жалға тұрды

С) Аттың жалын кес

Д) жал дегенде жалғыз

Е) Жалындаған жастар

21."Ит өлген жер" - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгіле.

А) Корқақ    В) жақында   С) Жылдам   Д) Алыста   Е) Батыл

22.Жұрнақтың қанша түрі бар.

А)1       В) 2        С)  3       Д)4         Е)5

23."Лашық, жаппа, кебеже" сөздері қай қатарға лайық, белгіле.

А) Архаизм     В) Кірме       С)Термин       Д) Тарихи      Е) Жаңа 

24.Тәуелденіп тұрған есімдікті көрсет.

А) Кімнің?    В) Кімім?    С) Кіммін?    Д) Кімсің?    Е) Кім?

25.Қай сөзде кейінді ықпал байқалатынын анықта.

А) Жазғы    В) Естен    С) Класқа    Д) Әркім    Е) Сызығы

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.