Главное меню

  • К списку уроков
Тест жинағы 6 сынып
05.04.2015 2315 294 Токпанова Гульнара Мухамбетфазыловн

Тест жинағы Т.М.Артықова, А. С. Жақанбаева, М. Х. Толеуованың орыс мектептеріне арналған 6-сынып оқулығы бойынша құрылды. Тест тапсырмалары модульдерге сай жасалды. Оқулықтағы нәтиже сабақтарында берілген 3-5 тест сұрағы жеткілікті емес деген көзқарас осы тест жинағын құруға себеп болды. Екіншіден, тест тапсырмаларын жүйемен орындау оқушыларды аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге жүйелі және сапалы дайындауға мүмкіндік береді.
Тест оқушыға өз білімін тексеруге қолайлы және мұғалімге оқушы белгілі тақырыптар бойынша оқу материалын қалай меңгергенін білуге көмектеседі. Тест тапсырмалар әр модуль бойынша екі нұсқамен беріледі. Әр нұсқа 15 сұрақтан тұрады. Тест тапсырмалары лексикалық тақырыптарды да, грамматикалық материалдарды да қамтиды.

1-модуль Менің отбасым.Фонетика. Үндестік заңы.
1-нұсқа
1. Отбасы мүшелерін көрсет.
А) әпке, ұстаз, шөбере, заңгер
Ә) немере, нағашы, туыс
Б) ата, әже, қарындас, әпке
В) сіңлі, апай, жиен, көрші

2. «Правнук» деп аударылатын сөзді тап.
А) немере
Ә) шөбере
Б) шөпшек
В) немене

3. Сөйлемге керекті сөзді көрсет
Менің атам мен әжем ... тұрады.
А) ауылда
Ә) мектепте
Б) үйде
В) балабақшада

4. «Қарындас» деп кім айтады ?
А) әже
Ә) әпке
Б) қыз бала
В) ұл бала

5. Мақалдың жалғасын тап.
Отан ... .
А) ормансыз бұлбұл
Ә) отбасынан басталады.
Б) табылмас бақыт.
В) тұзы жоқ тағам.

6. Ненің қатысына қарай дауыстылар жуан және жіңішке болып бөлінеді?
А) тілдің қатысына қарай
Ә) жақтың қатысына қарай
Б) еріннің қатысына қарай
В) езудің қатысына қарай

7.Тек қана қысаң дауыстылардан құрылған сөзді көрсет.
А) әже
Ә) ауыл
Б) әріп
В) сіңлі

8. Тұйық , ашық , бітеу буыны бар сөзді көрсет.
А) әпкелер
Ә) әжем
Б) ағалар
В) балалар
9.Аралас буынды сөзді көрсет
А) отбасы
Ә) мүшелер
Б) демалыс
В) үй

10.Буын үндестігі бар сөзді тап.
А) атам
Ә) ана
Б) әкем
В) әжелер

11. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсет.
А) шөб-е-ре
Ә) а-ял-да-ма
Б) от-бас-ым
В) ад-ам

12. Ашық дауыстылардан құрылған сөзді тап.
А) іні
Ә) жанұя
Б) әпке
В) қарындас

13. Сенің отбасың үлкен бе? деген сұраққа жауап беретін сөйлмді көрсет.
А) Менің отбасым тату.
Ә) Менің отбасым қалада тұрады.
Б) Менің отбасымда төрт адам бар.
В) Менің отбасым онша үлкен емес.

14. Балабақша деген сөзде қанша ұяң дауыссыз бар?
А) 1
Ә) 2
Б) 3
В) 4

15. Кенже сөзінің аудармасы қандай?
А) младший
Ә) средний
Б) старший
В) лучший



2-нұсқа.

1. Младшая сестра деп аударылатын қатарды көрсет.
А) ата, аға
Ә) іні, бауыр
Б) апа, әпке
В) сіңлі, қарындас

2. Сөйлемді толықтыр.
Менің анамның мамандығы- ... .
А) дәрігер
Ә) үлкен
Б) балабақша
В) зейнеткер

3. Немере сөзінің аудармасы қай сөз?
А) внук
Ә) правнук
Б) племянник
В) брат

4. Қыз бала қалай дейді?
А) аға
Ә) қарындас
Б) сіңлі
В) әже

5. Мақалдың жалғасын тап.
Ата - байтерек, ... .
А) баласыз үй - мазар.
Ә) баланың тілі - бал.
Б) бала - жапырақ.
В) қыз қонақ.

6. Сөйлемге керекті сөзді көрсет.
Менің ... университете оқиды.
А) аға
Ә) ағам
Б) ағасы
В) ағаң

7. Дауыстылар еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) жуан, жіңішке
Ә) қатаң, ұяң
Б) ашық, қысаң
В) еріндік, езулік
8. Қай сөз тұйық және бітеу буыннан тұрады?
А) немере
Ә) отбасы
Б) әпке
В) үлкен

9. Аралас буынды сөзді көрсет.
А) шөбере
Ә) заңгер
Б) ұстаз
В) дәрігер

10. Дыбыс үндестігі бар сөзді көрсет.
А) ұяң
Ә) инженер
Б) ана
В) дыбыстар

11. Сөзге керекті жалғауды жалға
Қыз..
А) -дар
Ә) –дер
Б) -лар
В) –тар

12. Сен неше жастасың? деген сұрақтың жауабын көрсет.
А) Сен он екі жастасың.
Ә) Біз он екі жастамыз.
Б) Мен он екі жастамын.
В) Ол он екі жаста.

13. Ата-ана деген сөздің аудармасы қай сөз?
А) мама-бабушка
Ә) дедушка-мама
Б) предки
В) родители

14. Буындарға дұрыс бөлінген сөзді көрсет.
А) қат-аң
Ә) ер-ін-дік
Б) е-зу-лік
В) жің-іш-ке

15. Қай сөзде еріндік дауысты бар?
А) мұғалім
Ә) инженер
Б) заңгер
В) дәрігер

2-модуль. Менің достарым.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

1.Достық сөзінің синонимін тап.
А) ұзын
Ә) жолдастық
Б) қастық
В) жетістік

2.Сөйлемді толықтыр.
Досымның мінезі ... .
А) ұзын
Ә) тату
Б) қадірлі
В) жұмсақ

3.Сенің досың немен шұғылданады? деген сұраққа жауап беріп тұрған сөйлемді
көрсет.
А) Менің досым ауылда тұрады.
Ә) Менің досым он екі жасқа толды.
Б) Менің досым шахмат ойнауды жақсы көреді.
В) Менің досымның отбасы үлкен емес.

4.Достыққа арналған мақалды тап.
А) Татулық - табылмас бақыт.
Ә) Отан отбасынан басталады.
Б) Өмір - үлкен мектеп.
В) Жері байдың - елі бай.

5.Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы. деген мақалдың аудармасын тап.
А) Крепкая палка лучше плохого попутчика.
Ә) Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой.
Б) Одежда хороша новая, а друг старый.
В) Дружба - счастье, которое не найдешь.

6.Сөз деген не?
А) сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.
Ә) белгілі бір ұғымға берілген атау.
Б) есімдік
В) сөз таптары

7. Сөйлемге керекті сөзді қой.
Тілдегі әрбір сөздің ... бар.
А) антонимі
Ә) атауы
Б) жұрнағы
В) мағынасы

8. Тура мағыналы сөзді тап.
А) қара тас
Ә) тас жүрек
Б) ыстық ықылас
В) ашық аспан

9. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.
А) алыс ауыл
Ә) кең сынып
Б) ақ қар
В) құрғақ сөз

10.Көп мағыналы сөзді көрсет.
А) жолдас
Ә) көңіл
Б) қара
В) жасыл
.



2-нұсқа.

1.Мақалдың жалғасын тап.
Досы жоқ адам - ... .
А) жетерсің мұратқа.
Ә) ағаш тамырымен мықты.
Б) отбасынан басталады.
В) тұзы жоқ тағам.

2.Сөйлемге керекті сөзді қой.
Менің ... аты Заңғар.
А) досыңның
Ә) досымның
Б) досының
В) достың.

3. Достық сөзінің синонимін тап.
А) қалалық
Ә) жалғыздық
Б) татулық
В) қастық

4.Достық - қастық деген жұп нені білдіреді?
А) омонимдер
Ә) синонимдер
Б) көп мағыналы сөздер
В) антонимдер

5.Крепкая палка лучше плохого попутчика деп аударылатын мақалды тап.
А) Жаман жолдастан таяғым артық.
Ә) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
Б) Күлме досыңа - келер басыңа.
В) Заттың жаңасы, достың ескісі жақсы.

6.Белгілі бір ұғымға берілген атауды не дейміз?
А) есім
Ә) сөйлем
Б) сөз
В) сөз тіркесі

7.Көп мағыналы сөз деген не?
А) белгілі бір ұғымға берілген атау.
Ә) әр түрлі мағыналарды білдіретін сөз.
Б) тура мағыналы сөз.
В) бір мағыналы сөз.

8. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет.
А) ашық мінез
Ә) ашық есік
Б) ашық дүкен
В) ашық терезе

9. Тура мағынадағы сөзді көрсет.
А) өткір қайшы
Ә) өткір көз
Б) өткір сөз
В) өткір тіл

10. Көп мағыналы сөзді тап.
А) биік
Ә) жолдас
Б) бас
В) сөз.



3-модуль. Мектеп өмірі.
Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем.
1-нұсқа.
1. Сен қандай мектепте оқисың?
А) бастауыш
!) орта
Б) жоғары
В) негізгі

2.Мектептерің неше қабатты?
А) бір
Ә) екі
Б) үш
В) төрт

3. Мақалдың басын тап.
... - үлкен мектеп.
А) Дала
Ә) Кітап
Б) Өмір
В) Мұғалім

4.Кітапхана қайда орналасқан?
А) бірінші қабатта
Ә) екінші қабатта
Б) үшінші қабатта
В) төртінші қабатта

5. Спортзалда қандай сабақтар өтеді?
А) қазақ тілі мен әдебиет
Ә) еңбекке баулу
Б) бейнелеу өнері
В) дене шынықтыру

6.Алғашқы қоңырау мерекесі қай айда болады?
А) мамырда
Ә) тамызда
Б) қыркүйекте
В) маусымда

7.Мына сөйлемге қандай тыныс белгісін қою керек?
Күн қандай тамаша
А) сұрау белгісін
Ә) леп белгісін
Б) нүкте
В) үтір

8. Сөз тіркесі деген не?
А) бірнеше сөздің бір-бірімен мағыналық байланысқа түскен тобы.
Ә) зат немесе құбылыс атауы.
Б) мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
В) заттың атын білдіретін сөздер
9. Жұмбақтың шешімін тап.
Темір тілді,
Күміс үнді.
А) тақта
Ә) кітап
Б) қарындаш
В) қоңырау

10. Мұғалім сөзінің синонимін тап.
А) оқушы
Ә) студент
Б) шәкірт
В) оқытушы

11.Мына сөз тіркестің түрін тап.
Менің ермегім
А) есімдік + сын есім
Ә) есімдік + зат есім
Б) есімдік + етістік
В) сын есім + зат есім.

12.Оқырман залы қайда орналасады?
А) асханада
Ә) шеберханада
Б) кітапханада
В) дәріханада

13.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін көрсет.
А) жақты
Ә) көп мағыналы
Б) дауысты
В) сұраулы

14.Сөйлемнің түрін анықта.
Алаңға тез шығыңдар.
А) лепті
Ә) бұйрықты
Б) сұраулы
В) хабарлы

15.Сөз тіркесін тап.
А) Балабақша.
Ә) Бала тілі - бал.
Б) Балалардың досы.
В) Болашақ..

2-нұсқа.
1.Мақалдың жалғасын көрсет.
Мектеп - кеме, ... .
А) үлкен мектеп.
Ә) тілсіз мұғалім.
Б) білім - теңіз.
В) білім - кітапта.

2. Еңбекке баулу сабақтары қайда өтеді?
А) шеберханада
Ә) спортзалда
Б) кітапханада
В) асханада

3. Кітап жазатын адамды кім дейді?
А) кітапханашы
Ә) ағартушы
Б) жазушы
В) спортшы

4. Мектеп ауласында не бар?
А) кабинеттер
Ә) гүлзарлар
Б) спортзал
В) орман

5.Соңғы қоңырау мерекесі қай айда болады?
А) мамырда
Ә) тамызда
Б) қаңтарда
В) қыркүйекте

6.Мәжіліс залы нешінші қабатта орналасқан?
А) бірінші
Ә) екінші
Б) үшінші
В) төртінші

7.Сөйлемге керекті тыныс белгісін қой.
Театрға қашан барамыз
А) нүкте
Ә) леп белгісі
Б) сұрау белгісі
В) көп нүкте

8. Бір сөз немесе бірнеше сөз тіркесінен жасалған тиянақты ойдың көрсеткішін не
дейміз?
А) сөз
Ә) сөз тіркесі
Б) сөз табы
В) сөйлем

9. Сын есім + зат есім сөз тіркесін тап.
А) спортпен айналысу
Ә) бір апта
Б) орта мектеп
В) ортада тұр

10.Сұраулы сөйлемді көрсет.
А) Алтын алма, білім ал.
Ә) Ертең біздің үйге кел
Б) Мына алма ма, алмұрт па
В) Алма тәтті

11. Берілген сөз тіркестің түрін анықта.
Алтыншы сынып
А) зат есім + зат есім
Ә) сан есім + зат есім
Б) сын есім + зат есім
В( зат есім + етістік

12.Лепті сөйлемді көрсет.
А) Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Ә) Балалар, тыңдаңдар мені!
Б) Алаңға тез шығыңдар!
В) Ата-анаңды сыйла, қадірле!

13.Сөйлемді көрсет.
А) Алу.
Ә) Қызыл.
Б) Күз.
В) Төрт.

14.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін көрсет.
А) бұйрықты
Ә) тұрлаулы
Б) бірыңғай
В) жайылма

15.Сөйлемге керекті тыныс белгісін қой.
Қызыл алма тәтті ме
А) үтір
Ә) леп белгісі
Б) нүкте
В) сұрау белгісі

4-модуль.Күз.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
1-нұсқа.

1.Күз айларын көрсет.
А) желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Ә) наурыз, сәуір, мамыр.
Б) маусым, шілде, тамыз
В) қыркүйек, қазан, қараша.

2. Халық күзді қалай деп атайды?
А) сары деп
Ә) алтын деп
Б) күміс деп
В) ыстық деп

3. Қыркүйектің жиырма екісінде не болады?
А) Құстар жылы жаққа ұшады.
Ә) Күн қысқарады, түн ұзарады.
Б) Күн мен түннің ұзақтығы теңеледі.
В) Күн қысқарады, түн ұзарады.

4.Мақалдың жалғасын тап.
Күздің бір күні ... .
А) күзді күні мың дән болады.
Ә) ауа райы салқын болады.
Б) қыстың бір айын асырайды.
В) мұз да ерір.

5.Күздігүні ауа райы қандай?
А) жылы
Ә) ыстық
Б) құбылмалы
В) аяз

6.Сөйлемге керекті сөзді қой.
Күздігүні кейбір кезде жаңбыр ... жауады.
А) көп
Ә) үздіксіз
Б) жылы
В) ерте

7. Молшылық айлары қай кезде болады?
А) күзде
Ә) қыста
Б) көктемде
В) жазда

8. Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
А) солтүстікке
Ә) суық жаққа
Б) жылы жаққа
В) шығысқа

9. Сөйлем мүшелерін көрсет.
А) зат есім, сын есім, сан есім
Ә) бастауыш, баяндауыш
Б) атау, ілік, барыс, табыс
В) жұрнақ, жалғау

10. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсет.
А) Күздігүні піседі жемістер мен көкөністер.
Ә) Жауады жиі-жиі жаңбыр.
Б) Диқаншылар күздігүні жинайды егін.
В) Ағаштардың жапырақтары сарғаяды.

11.Сөйлемдегі қай сөз баяндауыш?
Қыркүйек - күздің бірінші айы.
А) бірінші
Ә) айы
Б) күздің
В) қыркүйек

12.Күздігүні болатын мереке күнді көрсет.
А) Республика күні
Ә) Тәуелсіздік күні
Б) Ата заң күні
В) Жеңіс күні

13.Бастауыш сөйлемде қайда тұрады?
А) пысықтауыштан бұрын
Ә) анықтауыштан бұрын
Б) толықтауыштан бұрын
В) баяндауыштан бұрын

14. Жаңбыр жиі-жиі жауады деген сөйлемде жиі-жиі сөзі қандай сөйлем
мүшесі?
А) бастауыш
Ә) баяндауыш
Б) пысықтауыш
В)толықтауыш

15 Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері?
А) тұрлаулы
Ә) тұрлаусыз
Б) атаулы
В) жақсыз

2-нұсқа.
1.Күздің екінші айын көрсет.
А) тамыз
Ә) қыркүйек
Б) қазан
В) қараша

2 .Күздің қай күнінде күн мен түн теңеледі?
А) қыркүйектің жиырма екісінде
Ә) қазанның жиырма бесінде
Б) қарашаның жетісінде
В) қыркүйектің бірінде

3. Сөйлеге керекті сөзді тап.
Күзгі табиғат ... .
А) сары
Ә) жылы
Б) суық
В) тамаша

4. Мақалдың жалғасын тап.
Көктемде түскен бір дән ... .
А) ауа райы салқын болады.
Ә) күзді күні мың дән болады.
Б) қыстың бір айын асырайды.
В) мұз да ерір.

5. Күз қандай жыл мезгілі?
А) жылы
Ә) аяз
Б) молшылық
В) ұзын

6. Күздігүні болатын мерекені көрсет.
А) Жеңіс күні
Ә) Білім күні
Б) Тәуелсіздік күні
В) Наурыз мейрамы

7.Сөйлемді аяқта.
Ағаш жапырақтары ... .
А) көгереді.
Ә) жылынады.
Б) жерге түседі.
В) суытады.

8.Егінді кім жинайды?
А) диқаншылар
Ә) оқушылар
Б) құрылысшылар
В) суретшілер

9.Бастауыш пен баяндауыш - бұл не?
А) сөз таптары
Ә) септіктер
Б) сөз құрамы
В) сөйлем мүшелері

10.Дұрыс құрылмаған сөйлемді тап.
А) Күздігүні ауа райы құбылмалы болады.
Ә) Қаптайды аспанды бұлт.
Б) Құстар жылы жаққа ұшады.
В) Күзде күн суытады.

11.Сөйлемдегі бастауышты тап.
Күздігүні суық жел соғады.
А) Күздігүні
Ә) суық
Б) жел
В) соғады

12. Сөйлем мүшелерін көрсет.
А) толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Ә) зат есім, сын есім, сан есім.
Б) түбір, жұрнақ, жалғау, қосымша.
В( септеулік, демеулік, жалғаулық.

13. Өзінің анықтайтын сөзінен бұрын не тұрады?
А) бастауыш
Ә) толықтауыш
Б) анықтауыш
В) пысықтауыш

14. Аспанды бұлт қаптайды деген сөйлемде аспанды деген сөз қандай
сөйлем мүшесі?
А) бастауыш
Ә) толықтауыш
Б( анықтауыш
В) пысықтауыш

15.Тұрлаулы сөйлем мүшелері не?
А) толықтауыш
Ә)пысықтауыш
Б) бастауыш, баяндауыш
В( анықтауыш

5-модуль. Уақыт.
Септіктер.
1-нұсқа.
1. Күнпарақ деген не?
А) күн
Ә) күнтізбе
Б) сағат
В) тәулік

2. Бір тәулікте неше сағат бар?
А( жиырма төрт
Ә) он екі
Б) жиырма бес
В) қырық сегіз

3. Аптаның төртінші күнін тап.
А) дүйсенбі
Ә) сейсенбі
Б) бейсенбі
В) жексенбі

4. Жылдың ең қысқа айын көрсет.
А) желтоқсан
Ә) қыркүйек
Б) қаңтар
В) ақпан

5. Былтыр деген сөздің аудармасы қай сөз?
А) в позапрошлом году
Ә) в прошлом году
Б) в этом году
В) в следующем году

6. Бір жыл мезгілінде неше ай болады?
А) бес
Ә) екі
Б) үш
В) төрт

7. Сағат беске он минут қалды деген уақыттың аудармасын тап.
А) пять минут пятого
Ә) без десяти минут пять
Б) половина пятого
В) ровно пять часов

8. Сөйлемге керекті сөзді тап.
Қазақ тілі бүгін ... сабақ.
А) бірінші
Ә) төртеу
Б) алты
В) үш-үштен

9. Жеті күн нені құрайды?
А) айды
Ә) тәулікті
Б) аптаны
В) онкүндікті

10. Барыс септіктің сұрақтарын көрсет.
А) Кімнің? Ненің?
Ә) Кімге? Неге? Қайда?
Б) Кімде? Неде? Қайда?
В) Кімді? Нені?

11. Сөйлемдегі сызылған сөз қай септікте тұр?
Үйден сағат тура екіде шығамын.
А) барыс
Ә) табыс
Б) шығыс
В) жатыс

12. Тәуелді септеуде тұрған сөзді тап.
А) үйде
Ә) үйіне
Б) үйге
В) үйі

13. Сөйлемге керекті сөзді тауып көрсет.
Ертең ... кітапханаға барамын.
А) досыммен
Ә) досымда
Б) досымның
В) досымнан

14. Кімде? Неде? Қайда? - бұл қай септіктің сұрақтары?
А) барыс
Ә) табыс
Б) жатыс
В) шығыс

15. Табыс септікте тұрған сөзді көрсет.
А) күн тәртібінде
Ә) мектебімді
Б) сыныптан
В) үйімізге

2-нұсқа.
1. Күнпарақ неше күннен тұрады?
А) 366
Ә) 365
Б) 364
В) 363

2. Жыл неше айдан тұрады?
А) үш
Ә) алты
Б) он екі
В) он төрт

3. Жүз жыл нені құрайды?
А) мыңжылдықты
Ә) ғасырды
Б) мәңгілікті
В) дәуірді

4. Жексенбі аптаның нешінші күні?
А) жетінші
Ә) алтыншы
Б) бесінші
В) бірінші

5. Послезавтра деген мағынаны білдіретін сөзді тап.
А) Кеше
Ә) бүгін
Б) ертең
В) бірсігүні

6. Мұсылмандарда қасиетті күн деп қай күн есептеледі?
А) дүйсенбі
Ә) сейсенбі
Б) жұма
В) сенбі

7. Половина двенадцатого деп аударылатын уақытты көрсет.
А) он бір жарым
Ә) он екі жарым
Б) он жарым
В) екі жарым

8. Сөйлемге керекті сөзді қой.
Мен ... кітапханаға барамын.
А) бүгін
Ә) кеше
Б) былтыр
В) алдыңғы күні

9. Сөйлемді аяқта.
Бір аптада ... .
А) жүз жыл бар.
Ә) алпыс минут бар.
Б) жиырма төрт сағат бар.
В) жеті күн бар.

10. Кіммен? Немен? - қай септіктің сұрақтары?
А) барыс
Ә) табыс
Б) көмектес
В) жатыс

11. Жатыс септікте тұрған сөзі бар сөйлемді тауып, көрсет.
А) Күнпарақ үш жүз алпыс бес күннен тұрады.
Ә) Бір аптада жеті күн бар.
Б) Мен мектепке ерте барамын.
В) Мен өз анамды жақсы көремін.

12. Табыс септіктің сұрақтарын көрсет.
А) Кімді? Нені?
Ә) Кімнің? Ненің?
Б) Кіммен? Немен?
В) Кімге? Неге?

13. Мына сөздер қай септікте тұр?
Қонағын, үйді, уақытымды.
А) барыс
Ә) табыс
Б) жатыс
В) шығыс

14. Тәуелді септеудегі барыс септікте тұрған сөзді тап.
А) қала
Ә) қаламды
Б) қаласына
В) қалада

15. Сөйлемдегі сөзге керекті жалғауды тап.
Мен үйге мектеп... сағат жетіде келемін.
А) -тан
Ә) –тен
Б) – ті
В) - тің

6-модуль. Менің қалам.
Көмекші есімдер.
1-нұсқа.
1.Есіл өзенінің бойында қандай қала орналасқан?
А) Алматы
Ә) Ақтөбе
Б) Астана
В) Атырау

2. Астана қаласының бұрынғы атауын көрсет.
А) Жамбыл
Ә) Ақмола
Б) Арқалық
В) Талдықорған

3. Біздің қаладағы даңғыл кімнің атымен аталады?
А) Шоқан
Ә) Абай
Б) Жамбыл
В) Ыбырай

4. Оңтүстік астана деп қай қаланы атайды?
А) Алматы
Ә) Астана
Б) Атырау
В) Ақтау

5. «Медеу» спорт кешені қай жылы шаңырақ көтерді?
А) 1975
Ә) 1970
Б) 1971
В) 1972

6. Біздің облыстық орталығымыз қай қала?
А) Рудный
Ә) Лисаковск
Б) Арқалық
В) Қостанай

7. Қай қалада Төле , Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіші бар?
А) Алматыда
Ә) Қостанайда
Б) Астанада
В) Көкшетауда

8. Сөйлемге керекті көмекші есімді қой.
Үстелдің ... әдемі гүлдер тұр.
А) сыртында
Ә) үстінде
Б) астында
В) ішінде

9. Көмекші есім талап етіп тұрған жалғауды көрсет.
Мен үйдің іші... кірдім.
А) -на
Ә) -ге
Б) - не
В) -нде

10.Қате тіркескен сөзді тап.
А) қаланың үстінде
Ә) қаланың сыртында
Б) қаланың жанында
В) қаланың ішінде

11. Сөйлемге қандай көмекші есімді қою керек?
Демалыс күні оқушылар қаланың ... серуенге шықты.
А) астына
Ә) сыртына
Б) қасына
В) ішіне

12.Біздің облысымызда қандай өзен бар?
А) Ертіс
Ә) Іле
Б) Тобыл
В) Есіл

13. «Алатау» бес жұлдызды қонақ үйі қай қалада салынды?
А) Алматы
Ә) Астана
Б) Қостанай
В) Семей

14. Көмекші есімдер қандай жалғаулы сөзбен тіркеседі?
А) көмектес септік жалғаулы сөзбен
Ә) табыс септік жалғаулы
Б) барыс септік жалғаулы
В) ілік септік жалғаулы

15. Алматыда қандай қонақ үйі бар?
А) «Алатау»
Ә) «Достық»
Б) «Қазақстан»
В) «Астана»

2-нұсқа.
1. Алматы қаласы қандай таудың қасында орналасқан?
А) Тянь – Шань
Ә) Алтай
Б) Алатау
В) Орал

2. «Целиноград» деп қай қала аталған?
А) Астана
Ә) Алматы
Б) Ақтөбе
В) Қостанай

3. Біздің қалада қандай оқу орны бар?
А) Техникалық университет
Ә) Ауыл шаруашылық академиясы
Б) Медициналық академия
В) Политехникалық колледж

4. Қостанай облысында қандай ұлы адам туған?
А) Абай Құнанбаев
Ә) Жамбыл Жабаев
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) Төле би

5. «Медеу» спорт кешенінде қанша рекорд жасалды?
А) 100-ге жуық
Ә) 10-нан астам
Б) 20 шақты
В) 50-ге жуық

6.Біздің облысымыздағы қаланы көрсет.
А) Жезқазған
Ә) Рудный
Б) Сатпаев
В) Теміртау

7. Қай қаланы болашағы үлкен қала дейді?
А) Арқалық
Ә) Алматы
Б) Астана
В) Ақтау

8. «Қазақстан» қонақ үйі қай қалада орналасқан?
А) Астанада
Ә) Қарағандыда
Б) Алматыда
В) Ақтөбеде

9. Астанада қандай бес жұлдызды қонақ үй салынды?
А) «Астана»
Ә) «Достық»
Б) «Қазақстан»
В) «Алатау»

10. Көмекші сөз емес сөзді тап.
А) асты
Ә) үсті
Б) көп
В) іші

11. Сөйлемге керекті көмекші есімді қой.
Біздің үйдің ... үлкен мектеп бар.
А) жанында
Ә) үстінде
Б) астында
В) ішінде

12. Қате тіркескен сөзді көрсет.
А) кітаптың астында
Ә) мектептің қасында
Б) қаланың сыртында
В) ескерткіштің ішінде

13. Көмекші есімге керекті жалғауды тап.
Мен досымның жаны... отырдым.
А) -на
Ә) -не
Б) -ға
В) -ге

14. Астана қаласында қандай билерге ескерткіш орнатылған?
А) Бұқар, Базар, Қашаған
Ә) Абай, Ыбырай, Шоқан
Б) Төле, Әйтеке, Қазыбек

15.Көмекші есім жоқ сөйлемді тап.
А) Мектептің алдында спорт алаңы бар.
Ә) Біз қаланың сыртына серуенге бардық.
Б) Қаланың іші таза, әдемі.
В) Қостанайдан Астанаға дейін поезбен бардық.

7-модуль.Туған жерім.
Жіктік жалғау.
1-нұсқа.
1. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып
қай жылы сайланды?
А) 1990
Ә) 1991
Б) 1992
В) 1993

2. Қазақстан қандай республика?
А) орта
Ә) көп ұлтты
Б) биік
В) жаңа

3. Қазақстан Республикасы солтүстігінде қандай елмен шектеселі?
А) Ресеймен
Ә) Қытаймен
Б) Өзбекстанмен
В) Қырғызстанмен

4. Қазақстанның астанасы қай қала?
А) Алматы
Ә) Ақтау
Б) Астана
В)Атырау

5. Отан деген не?
А) жұмыс істейтін жер
Ә) туып-өскен жер
Б) қонаққа баратын жер
В) оқитын жер

6. Мақалдың жалғасын тап.
Туған жердің күні де ыстық, ... .
А) туған елдей ел болмас.
Ә) алтын бесік
Б) отбасынан басталады
В) түні де ыстық.

7. Қазақстанның жер көлемі қанда?
А) 2 717, 3 шаршы шақырым
Ә) 5 200,5 шаршы шақырым
Б) 1 717,4 шаршы шақырым
В) 3 520,1 шаршы шақырым

8. Қазақстан әкімшілігі неше облыстан тұрады?
А) 15
Ә) 16
Б) 13
В) 14

9. Қазақстан туында не бейнеленген?
А) қыран құс
Ә) қанатты пырақтар
Б) шаңырақ
В) бес бұрышты жұлдыз

10. Сөйлемге керекті сөзді тап.
Мен өз ... мақтан етемін.
А) Отаныма
Ә) Отанымды
Б) Отанын
В) Отанға

11. Сөйлемге керекті есімдікті тап.
... Қазақстан Республикасының азаматысыз ба?
А) мен
Ә) сен
Б) сіз
В) ол

12. Етістікке керекті жалғауды тауып көрсет.
Біз туған жерімізді сүйе... .
А) –ді
Ә) -міз
Б) –сің
В) –мін

13. 2-жақтың жекеше түріндегі жіктік жалғауларын көрсет.
А) –мын, -мін;
Ә) –пын, -пін;
Б) –бын, -бін;
В) –сың, -сің.

14. Қазақстан мемлекеттік әнүранының әнін жазған қай композитор?
А) Нұрғиса Тілендиев
Ә) Шәмші Қалдаяқов
Б) Марат Омаров
В) Құрманғазы Сағырбаев

15. «Отан» тақырыбына арналған мақалды тап.
А) Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам.
Ә) Батыр туса - ел ырысы.
Б) Ел іші - алтын бесік.
В) Ойна да күл, оқы да біл.

2-нұсқа.
1.Қазақстан Республикасы қандай құрлықта орналасқан?
А) Америка
Ә) Азия
Б) Еуропа
В) Еуразия

2.Қазақстан қандай ел?
А) егеменді
Ә) орталық
Б) социалистік
В) мемлекеттік

3. Қазақстан Республикасы шығысында қандай елмен шектеседі?
А) Өзбекстанмен
Ә) Ресеймен
Б) Қытаймен
В) Қырғызстанмен

4. Қазақ елінде тұратын адамның Отаны қалай аталады?
А) Қазақстан Социалистік Республика
Ә) Қазақстан Республикасы
Б) Егеменді Республика
В) Тәуелсіз Республика

5. Қазақстан жер көлемінің неше пайызын өзен, көл, теңіз алады?
А) 10
Ә) 20
Б) 30
В) 40

6. Қазақстанда қазақ тілі қандай тіл?
А) қарым-қатынас тілі
Ә) ұлтаралыұ қатынас тілі
Б) мемлекеттік тіл
В) ұлттық тіл

7. Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
А) Президент
Ә) Премьер-министр
Б) Спикер
В) Депутат

8. Қазақстанда республикалық маңызы бар қанша қала бар?
А) 5
Ә) 7
Б) 3
В) 2



9. Қазақстан туы қандай түсті?
А) сары және көгілдір
Ә) сары және қызыл
Б) қызыл және көгілдір
В) көгілдір және ақ

10. Сен қандай облыста тұрасың?
А) Торғай
Ә) Қарағанды
Б) Қостанай
В) Көкшетау

11. Сөйлемге керекті сөзді тауып қой.
Мен барлық күш-жігерімді ... арнаймын.
А) Отаным
Ә) Отаныма
Б) Отанымның
В) Отанмен

12. Сөйлемге қандай есімдік керегіп тұр?
... – тәуелсіз мемлекеттің азаматысыңдар.
А) Сендер
Ә) Сіздер
Б) Олар
В) Біз

13. Етістікке керекті жіктік жалғауды тап.
Мен оның қасиетті тілін сүйе... .
А) –сің
Ә) –міз
Б) –мын
В) –мін

14. 1-жақтың көпше түріндегі жіктік жалғауларын көрсет.
А) –мыз, -міз, -пыз, -піз;
Ә) –мын, -мін, -пын, -пін;
Б) -сың, -сің;
В) –сыңдар, -сіңдер.

15. «Отан» тақырыбына жатпайтын мақалды тап.
А) Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
Ә) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстыұ.
Б) Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
В) Ағаштың тамыры - өскен жерінде,
Адамның тамыры – туған елінде.

8-модуль.Қыс.
Зат есім.
1-нұсқа.


1.Желтоқсан қандай ай?
А) көктем айы
Ә) молшылық айы
Б) жылдың соңғы айы
В) жылдың бірінші айы

2. Сөйлемге керекті сөзді тап.
Адамдар ... жылы киінеді.
А) жаздыгүні
Ә) қыстыгүні
Б) күздігүні
В) жазғытұрым

3. Қыстың соңғы айын көрсет.
А) қараша
Ә) желтоқсан
Б) ақпан
В) қаңтар

4. Еуропаша Жаңа жыл қашан болады?
А) желтоқсанның 22-сінде
Ә) қаңтардың 1-інде
Б) ақпанның 1-інде
В) желтоқсанның 31-інде

5. Сөйлемге керекті сөзді көрсет.
Қыста адамдар басына ... киеді.
А) етік
Ә) тон
Б) бөрік
В) қолғап

6. 16-желтоқсан қандай мереке?
А) Республика күні
Ә) Тәуелсіздік күні
Б) Ата заң күні
В) Бірліу күні

7. Жаңа жыл мерекесіне қандай ағаш орнатылады?
А) үйеңкі
Ә) ырғай
Б) қайың
В) шырша



8. Қыс айларын көрсет.
А) қараша, желтоқсан, қаңтар
Ә) қаңтар, ақпан, наурыз
Б) желтоқсан, қаңтар, ақпан
В) сәуір, шілде, қазан

9.Зат есім нені білдіреді?
А) заттың атын
Ә) заттың қимылын
Б) заттың санын
В) заттың сапасын

10. Жалқы есім бар сөйлемді тап.
А) Әр мемлекеттің астанасы бар.
Ә) Біз қысқы демалыста Астанаға бардық.
Б) Мен астананы көргім келеді.
В) Оңтүстік Астана деп қай қаланы атайды?

11.Кім? деген сұрақ қойылатын сөзді тап.
А) суретші
Ә) мал
Б) торғай
В) ит

12. Мақалдың жалғасын тап.
Қыстың қамын ... .
А) жазда дайында.
Ә) мұз да ерір.
Б) жаз жина.
В) жазда ойла.

13. Жекеше түрінде тұрған сөзді тап.
А) қарағайлар
Ә)жылдар
Б) қаңтар
В) жерлер


14.Көптік жалғау қате жалғанған сөзді көрсет.
А) етіктер
Ә) бұлттар
Б) айлар
В) өзентер

15.Жалпы зат есімді көрсет.
А) Күн
Ә) «Балдырған»
Б) Атырау
В) Ертіс

2-нұсқа.
1.Ақпан қандай ай?
А) қыстың алғашқы айы
Ә) қыстың ортасы
Б) қыстың басы
В) қыстың соңғы айы

2.Шығыс елдерінде Жаңа жыл қашан тойланады?
А) күзде
Ә) қыста
Б) көктемде
В) жазда

3. Жылдың ең қысқа айы қай ай?
А) ақпан
Ә) наурыз
Б) тамыз
В) қараша

4. сөйлемге керекті сөзді қой.
Қыста адамдар ... қолғап киеді.
А) басына
Ә) аяғына
Б) қолына
В) үстіне

5. Ең қысқа күн қай айда болады?
А) қараша
Ә) желтоқсан
Б) қаңтар
В) ақпан

6. Қыста ауа райы қандай болады?
А) салқын
Ә) жылы
Б) ыстық
В) аязды

7. Сөйлемге керекті сөзді қой.
Аязды күндері адамдар аяғына ... киеді.
А) етік
Ә) бөрік
Б) пима
В) пальто

8. Қаңтардың бірі қандай мереке?
А) еуропаша Жаңа жыл
Ә) мұсылманша Жаңа жыл
Б) Тәуелсіздік күні
В) Халықаралық әйелдер күні


9. Қыс ортасы болатын қай ай?
А) желтоқсан
Ә) ақпан
Б) қаңтар
В) қазан

10. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Қандай? Қай?
Ә) Неше? Қанша?
Б) Қалай?
В) Кімдер? Нелер?

11. Жалқы есім бар сөйлемді тап.
А) Қысқы табиғат қандай тамаша!
Ә) Біздің жақтың қысы аязды, қаһарлы болады.
Б) Өткен қысты мен Қостанайда өткіздім.
В) Мен қыс мезгілін ұнатам.

12. Зат есімнің түрлерін көрсет.
А) жұрнақ , жалғау
Ә) сапалы , қатыстық
Б) жіктік , тәуелдік
В( жалпы , жалқы

13. Не? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.
А) аспаз
Ә) оқушы
Б) түлкі
В) спортшы

14. Жалпы есімді тап.
А) Үйректер
Ә) Алатау
Б) «Балдырған»
В) Аяз ата

15. Заттың атын білдіретін сөзді не дейміз?
А) етістік
Ә) есімдік
Б) зат есім
В) сын есім

9-модуль.
Табиғатты қорғау - баршаның міндеті. Есімдік.
1-нұсқа
1. Сөйлемді аяқта.
Біздің азаматтық борышымыз - ... .
А) ойын-суық құру.
Ә) табиғатқа шығу.
Б) табиғатты қорғау.
В) өзенге барып шомылу.

2. Бурабай деген не?
А) көл
Ә) тау
Б) теңіз
В) қала

3. Қоршаған орта деген сөз тіркестің аудармасын тап.
А) средняя школа
Ә) золотая середина
Б) природные ресурсы
В) окружающая среда

4. Қоршаған ортаны қорғау дүниежүзілік күні қай күн?
А) 1-маусым
Ә) 5-маусым
Б) 7-мамыр
В) 1-қараша

5. Жер – қазына , су- алтын , мал – не?
А) мырзалық
Ә) күміс
Б) байлық
В) ақтық

6. Есімдік деген не?
А) заттың атын білдіретін сөздер
Ә) заттың санын білдіретін сөздер
Б) заттың іс-кимылын білдіретін сөздер
В) есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер

7. Жалпылау есімдік бар сөйлемді тап.
А) Табиғатты қорғау – біздің борышымыз.
Ә) Ешқашан көкті жұлма.
Б) Қоршаған орта - біздің байлығымыз.
В) Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады.

8. Сөйлемде есімдіктің қай түрі бар?
Жерді ешкім қорламасын!
А) жалпылау
Ә) болымсыздық
Б) жіктеу
В) сұрау

9. Жалпылау есімдікті көрсет.
А) бүкіл
Ә) әрбір
Б) ешбір
В) өзім

10.Есімдіктің түрін белгіле.
А) жалқы
Ә) хабарлы
Б) тұрлаулы
В) болымсыздық

11. Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады . Сондықтан жерді қалай атайды?
А) алтын жер
Ә) жер-ана
Б) асыраушы
В) өмір

12. Сөйлемге керекті сөзді қой.
Қоршаған ортаны қорғау - ... мәселе.
А) мөлдір
Ә) кең
Б) жұмсақ
В) өткір

13. Қай есімдік артық?
Бәрі, біз , бүкіл , барлық .
А) бәрі
Ә) біз
Б) бүгіл
В) барлық

14. Сөйлемге керекті есімдікті қой.
... күн сөнбесін!
А) Ешкім
Ә) Бүкіл
Б) Ешқащан
В) Әрбір

15. Мына есімдіктердің түрі қандай?
Мен , сен , сіз , ол , біз .
А) жіктеу
Ә) сұрау
Б) болымсыздық
В) жалпылау

2-нұсқа.
1.Сөйлемге керекті сөзді қой.
Адамдардың ... күні жоқ .
А) табиғаттан
Ә) табиғат
Б) табиғатпен
В( табиғатсыз

2. Бурабай көлі қайда орналасқан?
А) Астанада
Ә) Көкшетауда
Б) Алматыда
В) Павлодарда

3. «Қазына» сөзінің аудармасын тап.
А) золото
Ә) богатство
В) сокровище
В( среда

4. Мақалда су неге теңеледі?
А) балыққа
Ә( күміске
Б) қазынаға
В) алтынға

5. 5-маусым қандай күн?
А) Балаларды қорғау күні
Ә) Қоршаған ортаны қорғау күні
Б) Отан қорғаушы күні
В) Құстарды қорғау күні

6, Есімдіктің түрлерін көрсет.
А) жалпылау ,болымсыздық
Ә) жалпы , жалқы
Б) тұрлаулы , тұрлаусыз
В) сапалы , қатымтық

7. Жалпылау есімдік бар сөйлемді тап.
А) Жер - бәріміздің анамыз.
Ә) Бұл күннің мақсаты - жұртшылықты табиғатты қорғауға шақыру.
Б) Мен былтыр Бурабайға бардым .
В) Табиғатты қорғау - біздің міндетіміз.

8. Сөйлемде тұрған есімдіктің түрін анықта.
Ешқашан жер-ананы қорлама!
А) болымды
Ә) болымсыздық
Б) жалпылау
В) өздік


9. Сөйлемге керекті сөзді тап.
Мектеп ауласын тазалауға ... оқушылар шықты.
А) барлық
Ә) ешкім
Б) өз
В) сендер

10. Болымсыздық есімдікті көрсет.
А) маған
Ә) өзімдікі
Б) түгел
В) ешқандай

11. Бурабайдың суы қандай?
А) ащы
Ә) тұщы
Б) лай
В) қара

12. Сөйлемде жетпей тұрған сөзді тап.
Жер-анасыз ... жоқ.
А) өмір
Ә) жұмыс
Б) табиғат
В) су

13. Қатардағы қай есімдіе артық?
Кім? Қашан? Ешкім. Қай?
А) Кім?
Ә) Қай?
Б) Қашан?
В) Ешкім.

14. Сөйлемге керекті есімдікті қой.
Орман, өзен, тау, дала - ... ақ мамыққа оранды.
А) әрбір
Ә) ешбір
Б) бәрі
В) кейбір

15. Өздік есімдігі бар сөйлемді тап.
А) Біз Бурабайда демалдық.
Ә) Көкшетаудың табиғаты қандай тамаша!
Б) Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де!
В) Табиғатты қорғау - баршаның міндеті.

10-модуль. Жабайы аңдар.
Сын есімнің шырайлары.
1-нұсқа.
1. Жабайы аңдар қатарын көрсет.
А) жылқы, сиыр, түйе.
Ә) доңыз, қой, ешкі
Б) түлкі, қасқыр, аю
В) қаз, үйрек, тауық

2. Піл қандай жануар?
А) төзімді
Ә) қорқақ
Б) айлакер
В) озбыр

3. Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді?
А) орманда
Ә) қалада
Б) ауылда
В) өзенде

4. Қай аң айлакер мінезді?
А) қасқыр
Ә) түлкі
Б) қоян
В)тиін

5. Аң аулайтын адам қалай аталады?
А) әнші
Ә) малшы
Б) аңшы
В) шопан

6. Бұлан Қазақстанның қай жерінде кездеседі?
А) Батыс
Ә) Шығыс
Б) Оңтүстік
В) Солтүстік

7. Құстарды қалай күту керек?
А) үйде ұстау керек.
Ә) «асхана» жасап, жжем беру керек.
Б) жәндіктермен тамақтандыру керек.
В) зерттеу керек.

8. Аңдар мен құстардан өнімдер алу үшін жасалатын аңшылықтың
түрін көрсет.
А) ғылыми
Ә) спорттық-әуесқой
Б) кәсіптік
В) зерттеулік

9. Дүние жүзіндегі ең үлкен, ірі кит қалай аталады?
А) аквал
Ә) интервал
Б) кекілік
В) блювал

10. Дүниедегі ең өсімтал қандай құс?
А( бұлбұл
Ә) шымшық
Б) кекілік
В) жапалақ

11. –рақ, -рек; -ырақ, -ірек - кандай шырайдың жұрнақтары?
А) жай
Ә) салыстырмалы
Б) күшейтпелі
В) асырмалы

12. Үлкен, кең сөздердің салыстырмалы шырай жұрнақтарын тап.
А) -дау
Ә) -деу
Б) -лау
В) -леу

13. Сөйлемдегі сын есім қай шырайда тұр?
Көк кит - дүние жүзіндегі ең ірі кит.
А) күшейтпелі
Ә) жай
Б) салыстырмалы
В) асырмалы

14. Сөйлемге керекті сөзді қой.
Тянь – Шань тауы Алатаудан ... .
А) биік
Ә) ең биік
Б) бип-биік
В) биігірек

15. Жай шырайдағы сөзді көрсет.
А) қап-қара
Ә) әдемілеу
Б) ұзын
В) өте ыстық

2-нұсқа.
1. Жабайы аңдардың тұрақты мекенін көрсет.
А) орман, тау, дала
Ә) үй, қора
Б) қорықтар
В) аңдар бағы

2. Аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін жасалатын
аңшылықтың түрі қалай аталады?
А) кәсіптік
Ә) спорттық-әуесқой
Б) ғылыми
В) зерттеулік

3. Қоянның мінезі қандай?
А) сақ
Ә) қорқақ
Б) айлакер
В) төзімді

4. Құстар шаруашылыққа қандай пайда көрсетеді?
А) жүн береді
Ә) ет береді
Б) құрт-құмырсқаларды жояды
В) ауаны тазартады

5. Қостанай облысында қандай қорық бар?
А) Алматы
Ә) Барса-Келмес
Б) Қорғалжын
В) Науырзым

6. «Блювал» деген -ол ненің атауы?
А) бұланның
Ә) құстың
Б) киттің
В) пілдің

7. Кекілік қайда көп болады?
А) Қазақстан тауларында
Ә) Қазақстан өзендерінде
Б) Қазақстан шөлдерінде
В) Қазақстан көлдерінде

8. Үңгірде қандай аң қыстайды?
А) кекілік
Ә) аю
Б) бұлан
В) қасқыр



9. Қандай жануардың үлкен мүйіздері және бұтақтары болады?
А) аюдың
Ә) түлкінің
Б) бұланның
В) тау ешкінің

10. Кекілік қандай құс?
А) қырағы
Ә) түнгі
Б) үлкен
В) өсімтал

11. Күшейткіш буын арқылы қандай шырай жасалады?
А) жай
Ә) салыстырмалы
Б) күшейтпелі
В) асырмалы

12. Күшейтпелі шырайдағы сөзді көрсет.
А) үп-үлкен
Ә) үлкендеу
Б) жаксылау
В) жақсырақ

13. Салыстырмалы шырайды –леу жұрнағы арқылы қандай сөз жасайды?
А) биік
Ә) қызыл
Б) ақ
В) төзімді

14. Сөйлемге керекті сөзді қой.
Кекілік - дүниедегі ... құс.
А) үлкендеу
Ә) ең өсімтал
Б) үлкенірек
В) үп-үлкен

15. Сөйлемдегі сын есімге керекті жұрнақты қой.
Бүгін кешегіден жылы... .
А) -рақ
Ә) -ырақ
Б) -дау
В) -леу

11-модуль. Үй жануарлары.
Етістік. Тұйық етістік.
1-нұсқа.
1. Үй жануарларына жатпайтын атауды тап.
А) ешкі
Ә) түйе
Б) бұлан
В) жылқы

2. Қой қандай пайда келтіреді?
А) сүт береді
Ә) жүн береді
Б) көлік бола алады
В) жүк тасиды

3. Түйенің сүтінен қандай таам жасалады?
А) айран
Ә) қымыз
Б) шұбат
В) сүзбе

4. Берілген атаулардың қайсысы үй құстары емес?
А) тауық
Ә) үйрек
Б) қаз
В) көгершін

5. Лақ ненің төлі?
А) ешкінің
Ә) қойдың
Б) түйенің
В) сиырдың

6. Сөйлемді толықтыр.
Жылқы ... суды ішпейді.
А) таза
Ә) мөлдір
Б) лай
В) салқын

7. Қай үй жануары мөңірейді?
А) жылқы
Ә) сиыр
Б) қой
В) түйе

8. Қойды не дейді?
А) ақтық
Ә) сәндік
Б) жеңілдік
В) мырзалық

9. Қай жануарды көлік қылып пайдаланады?
А) жылқыны
Ә) ешкіні
Б) қойды
В) сиырды

10. Жылқының төлі қалай аталады?
А) бұзау
Ә) лақ
Б) қозы
В)құлын

11. Етістік нені білдіретін сөз табы?
А) заттың атын
Ә) заттың сынын, сипатын
Б) іс-қимылды, жай-күйді
В) заттың санын, ретін

12. Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?
А) -шы
Ә) -у
Б) -й
В) -е

13. Тұйық етістікті тап.
А) бұзау
Ә) туу
Б) туған
В) жалқау

14. Туынды етістікті тап.
А) қара
Ә) сана
Б) тазала
В) кір

15. «Қой» деген сөздің тұйық етістік формасын көрсет.
А) қоя
Ә) қою
Б) қойу
В) қоу

2-нұсқа.
1. «Ақтық» деп қандай үй жануарын атайды?
А) жылқыны
Ә) қойды
Б) сиырды
В) түйені

2. Бота ненің төлі?
А) түйенің
Ә) жылқының
Б) сиырдың
В) ешкінің

3. Жылқының сүтінен не жасайды?
А) қаймақ
Ә) айран
Б) шұбат
В) қымыз

4. Қатардағы қай сөз артық?
Сиыр, жылқы, үйрек, түйе, қой.
А) сиыр
Ә( қой
Б) үйрек
В) түйе

5. Қойдың төлі не?
А) лақ
Ә) қозы
Б) құлын
В) бұзау

6. Қандай жануар кісінейді?
А) сиыр
Ә) түйе
Б) ешкі
В) жылқы

7. Қатардағы артық сөзді тап.
Ит, үйрек, тауық, қаз.
А) ит
Ә) үйрек
Б) тауық
В) қаз

8. Ненің иесі Шопан ата?
А) сиырдың
Ә) түйенің
Б) қойдың
В) жылқының


9. Төрт түлік малға жататын қатарды көрсет.
А) Ит, мысық, доңыз, түйе
Ә) Жылқы, сиыр, түйе, қой
Б) Ешкі, доңыз, сиыр, мысық
В) Тауық, қаз, үйрек, түйеқұс

10. Жүк таситын қай жануар?
А) қой
Ә) ешкі
Б) түйе
В) сиыр

11. Тұйық етістік не білдіреді?
А) заттың атын
Ә) қимылдың атын
Б) жердің атын
В) санның атын

12. Негізгі түбірлі етістікті көрсет.
А) тазала
Ә) баста
Б) жаз
В) істеу

13. Тұйық етістікті тап.
А) санау
Ә) үлкендеу
Б) биіктеу
В) ескілеу

14. Қатардағы қай сөз тұйық етістік емес?
Жинау, бау, жаю, келу
А) жинау
Ә) бау
Б) жаю
В) келу

15. Септеліп тұрған тұйық етістікті көрсет.
А) бас
Ә) жуу
Б) жумайды
В) бағуға

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.