Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Отбасы
20.08.2015 1146 0

2. Сабақтың мақсаты.  Білімділік :  Отбасы туралы толық әңгімелей білу, дұрыс айтып, жаза білуге дағдылану.

Дамытушылық:  Сөйлемді дұрыс байланыстыруға,диалог және жаңа сөздерді үйрету арқылы  олардың сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Отбасында ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

 

3. Сабақтың түрі:  аралас

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: диалог оқыту, түсіндіру.

 

5. Жұмыс формалары: Топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі:Отбасы суреті, өлең, тест.

 

                               Сабақтың барысы:

I  Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды ұйымдастыру, сабаққа ыңғйлау, кабинетті жабдықтау.

II  Сабақтың мақсатымен таныстыру. Отбасы туралы толық баяндай білу, жаңа сөздерді білу оны есте сақтау, тату тәтті өмір сүру.

III  Үй тапсырмасын тексеру : 5 мақал- мәтел жазып ,жаттап келу.

IV  Жаңа сабақты түсіндіру:  Сурет бойынша әңгіме.

                                            Тірек сызба

                                           Оқулықпен жұмыс

                                           Тест тапсырмалары

                                           Сергіту

V   Сабақты пысықтау:   Тақтадағы суретке қарап шағын әңгіме құру. Әр оқушы өз сөйлемдерін тақтаға жазады. Құрған сөйлеміне сұрақ қою.Шағын әңгімені дәптерлеріне жазып алу.Мысалы: мынау менің атам, ол газет оқып отыр. Әжесі немересіне ертегі айтып берді.

Тірек сызба бойынша  сөз тіркестерін құру. Мысалы: Отбасы мүшесі, атам отыр, кішкентай іні.

 

Оқулықпен жұмыс: Өлең оқу. Бір үйде біз нешеуміз?

2-ші тапсырмадағы диалогты оқыту, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою, диалогты сөздіктің көмегімен аудару.

3- ші тапсырма оқулықтағы сурет бойынша сөйлем құрау, тақтаға орындау.

4-ші деңгейлік тапсырманы орындау.Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырманы түсіндіру, топқа бөліп тапсырманы бөліп беру.Тапсырманы оқыту, тақтада жазып, оқып түсіндіру.

Тест тапсырмалары.1.  Әсем-Нұрболдың....

Қарындасы

Ағасы

інісі

2.Балам, ата-.....сыйла.

Анаңды

әжеңді

бауырларыңды

3.Өркенің........, балам

өссін

ашылсын

көктесін

4. Келіңіз......шығыңыз

Төрге

Оңға

Ас бөлмеге

5. Атам дастарханға .........берді.

Тамақ

Ақша

 Бата.

Таныс емес сөздердің аудармасын тақтаға жазып қою, соның көмегімен тесті орындау.

VI   Сергіту сәті: Бармақ санау.

Бас бармақ

Балаң үйрек

Ортан тірек

Шүлдір шүмек

 Кішкентай бөбек.  Дауыстап айту, кішкене кездерін еске түсіру.

VII   Сабақты қорытындылау: Оқулықтағы 1-ші тапсырмадағы  өлеңге ораламыз, мәнерлеп оқу кезекпен. Яғни бұл өлең сергіту кезеңін жалғастыру десек болады. Әрқашанда үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуіміз керек, отбасында, өмірдеде тату жүруіміз керек.

VIII     Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттап алу.Іні, қарындас, сіңлі сөздерінің мағынасын жазып келу.

Бағалау.